Мазмұнға өту

Құбыла

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құбыла Меккедегі Қағбаның бағытын көрсетеді

Құбыла (араб.: قبلة‎ – тап қарсы бетте тұрған), – намаз оқу, азан шақыру кезінде мұсылмандардың Меккедегі Қағбаны бағыт етуі. Бастапқы кезде құбыла Иерусалимдегі әл-Ақса мешіті болды. Кейіннен Алладан түскен аят бойынша құбыла Мекке қаласындағы Қағбаға қаратылды. Құбыланың Меккедегі Қағбаға қаратылуы ислам тарихындағы үлкен бетбұрыстардың бірі болып, мұсылмандардың басқа дін өкілдерінен басты ерекшелігі ретінде көрінді. Осыған байланысты оларды “құбыла мен келісім адамдары” (ахл әл-қибла уа-л-жамиа) деп таныды. Мұсылмандар қажыға барғанда ихрам шартын орындау кезінде және қажылық рәсімнің бірі – шайтанға тас ату барысында жүздерін Қағбаға қаратады. Сонымен қатар ислам қағидасы бойынша жерленген мәйіттің басы құбылаға қаратылуы тиіс. Мұсылмандар салтында малдың басын құбылаға қаратып бауыздайды. Көрнекті ислам ғұламасы ибн Араби Құранға сүйене отырып, “Намаз оқыған кезде құбылаға жүзіңді бергеніңмен, Тәңірінің ол жақта ғана емес, барша әлемде бола алатынын естен шығармау керек” дейді. Мешіттердің Меккеге қараған қабырғасында құбыла бағытын көрсету үшін жасалған қуыс (Михраб) болады. [1]

әл-Ақса мешіті



Құбылаға ең жақын ара қашықтық, әлемнің әр түкпірінен

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Балалар Энциклопедиясы”, V-том