Мазмұнға өту

Ислам негіздері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Аркан әл-Ислам (أركان الإسلام) немесе (араб.: أركان الدينАркан ад-дин; қаз. 'Дін негіздері') - Ислам дінінің негіздері, олар бесеу, Қазақ тілінде Бес парыз деген атаумен аталады. Әрбір адамның мұсылман болуы үшін орындалуы парыз шарттары, олар:

  • Шаһада (араб.: شهادة‎) — Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену («Әшһаду ән-ла-иллаһа иллалаһ уа ашһаду әннә Мұһаммәдән Ғабдуһу уә расулуһ»).
  • Намаз (араб.: صلاة‎; парсы: نماز‎) - Ислам дінінің, яғни Аллаға сыйынудың негізгі діңгегі – күнде бес уақыт намаз оқу.
  • Ораза (араб.: صوم‎ «ас-саум» өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау) – Рамазан айында бір ай ораза ұстау.
  • Зекет (араб.: زكاة‎ – тазарту) – Дінге, Аллаға сыйынудың тағы бір талабы - ауқатты деп саналатын пенделердің жылына бір рет зекет беруі.
  • Қажылық (араб.: حج‎) - Дені сау және адал жолмен тапқан қаржысы, малы жеткілікті болса, өмірінде бір рет Мекке-Мәдинаға барып қажылық ғибадат жасау.