Омар ибн әл-Хаттап
Омар | |
عمر بن الخطاب | |
Туған күні: | |
---|---|
Туған жері: |
Мекке |
Қайтыс болған уақыты: | |
Қайтыс болған жері: |
Медине |
Ұлдары: | |
Ұлты: |
Араб |
Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Омар, Омар Халифа, Омар ибн әл-хатаб ибн Нуфейл ибн Абдулуза әл-Қурайши (585, Мекке – 3.11.644, Медине) – екінші тақуа халифа, аса көрнекті мемлекет қайраткері, төрт шадиярдың бірі.[1] Омар ибн әл-хатаб туралы түсірілген сериал бар. Сериал көруге арналған сілтемелер:
- https://islamkinomir.ru/umar-ibn-al-xattab/ Мұрағатталған 12 шілденің 2013 жылы.
- https://kinosh.net/news/umar_ibn_al_khattab_farouk_omar_30_serii_2012/2013-02-21-2831 Мұрағатталған 3 тамыздың 2013 жылы.
- https://salambek.net/board/7-1-0-9936 Мұрағатталған 17 мамырдың 2014 жылы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихи деректерге қарағанда, ол ұзын бойлы, кең кеуделі, шапшаң қозғалатын өте қайратты адам болған. Ислам дінін алғашқылардың бірі болып қабылдаған Омар І. (р.т.ғ.) оған дейін Құрайыш әулетінде беделді, абыройлы, күш-қуаты мол, исламға қарсылығымен белгілі адам еді. Аңыздарда Омар І. (р.т.ғ.) Мұхаммед пайғамбарды (ғ.с.) өлтіру туралы тапсырмамен оның алдына барған жолы пайғамбардың дұғасымен, Алланың шарапатымен 33 жасында ислам дінін қабылдаған. Ислам дінінің күш-қуаты арта түсіп, мұсылман жамағатының Қағбада алғашқы жария намаз оқуын Омар І-нің (р.т.ғ.) иманға келуімен байланыстырады. Ол Әбу Бәкрдің халифа болып сайлануына қолдау көрсетіп, оның кеңесшісі болды. Әбу Бәкр қайтыс боларда Омар І-ні (р.т.ғ.) мұрагерлікке ұсынады, мұсылман қауым оны қабыл алып, Омар І. (р.т.ғ.) халифатқа он жыл билік жүргізді. Омар І. (р.т.ғ.) билік жүргізген кезеңде мұсылмандар 637 жылы Құддыс қаласын алды. 637 – 38 жылдары Қадмияда Сасанилер жеңіліске ұшырады. 644 жылы Иранның маңызды бір бөлігі ислам иелігіне көшіп, мемлекет шекарасы батысқа қарай кеңейе түсті. Омар І-нің (р.т.ғ.) билігі тұсында ислам мемлекетінің иеліктері Орталық, Шығыс, Солтүстік Африка, Батыс Азияға дейін кеңейді. Омар І. (р.т.ғ.) мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатына байланысты маңызды мәселелерді біліктілікпен шешіп, мұсылмандардың құрметіне бөленді. Жыл сайын қажылыққа бару, асхабтар мен жауынгерлерді жалақымен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, зинақорлық жасаған адамды жазалау, т.б. сияқты тәртіптер Омар І-нің тұсында мұсылман дәстүріне енді. Хижра жыл санауының негізі осы кезде қаланды. Мемлекет басқару құрылымы, салық, жәрдемақы, т.б. көптеген басқару жүйесін қалыптастырды. Омар І. 644 жылы таң намазына имам болып тұрған сәтінде, ирандық құлдың қолынан қаза табады. Омардың әкесінің аты - Хаттаб ибн Нуфәйл, шешесі - құрайыштың Махзұн тайпасынын шыққан Хантәмә бинт Хашим.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы 7- том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Umar |
|
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- Алфавит бойынша сахабалар
- 585 жылы туғандар
- 3 қарашада қайтыс болғандар
- 644 жылы қайтыс болғандар
- Әділетті төрт халифа
- Меккеде туғандар
- Мединеде қайтыс болғандар
- Мәсжид-үн-Нәбиде жерленгендер
- Сахабалар
- Исламның көне тарихы тұлғалары
- Орта ғасырлардағы Шығыстың мемлекеттік қайраткерлері
- Құрайыш әулеті
- Жәннәтпен сүйіншіленген он сахаба
- Мухаддистер