Әурет
Әурет немесе ғаурат (араб.: عورة) — шариғат бойынша адам денесінің киіммен жабылуы тиіс бөліктері. Жұрттың алдында әурет жерлерді жауып жүру мұсылманның міндеті саналады, әуретті ашу — күнә. Әйел адамдардың беті мен қолдарының ұшынан басқа жерлері әурет болып есептеледі. Ер мұсылмандар тізе мен кіндік арасындағы денесінің бөлігін жауып жүруге міндетті. Ислам дініндегі әр түрлі мектептер мен ағымдарда әурет туралы түсініктер сәл өзгеше болуы мүмкін.
Ыбырай Алтынсарин өзінің «Мұсылманшылықтың тұтқасы (Шариат-ул-Ислам)» еңбегінде әурет туралы былай деп жазған:
…ұят жерлерді ашық қоймай, жауып оқымақ, еркек болса, тізесі мен кіндігінің екі арасын, әйел болса беті мен екі қолы, екі аяғынан басқасының бәрін жабу керек. Осы ғаурат деп, яғни жасырылатын жер деп, аталған денелердің төрттен бірі жабылмаса да намаз дұрыс болмайды[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ы. Алтынсарин Мұсылманшылықтың тұтқасы (Шариат-ул-Ислам) — Қаламгер, 1991. — Б. 30. — 79 б.