Мазмұнға өту

Тахиятул-мәсжид намазы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

«Тахиятул-мәсжид» намазы, мешітке сәлем беру намазы. Яғни, мешіттің Раббысына сәлем беру, оған тағзым ету мақсатымен екі рәкат намаз оқу - мәндүп нәпіл намаз. Бір күнде мешітке бірнеше мәрте кірген адамға осы намазды бір рет оқыса, жеткілікті. Бұл намазды мешітке кірген сәтте оқыған абзал. Отырып, аздан кейін оқыса да болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім мешітке кіргенде екі рәкат намаз оқымай отырмасын». Жұма күні имам хұтба айтып жатқан кезде кірген адам бұл намазды оқымастан отыру керек. Мешітке парыз яки нәпіл намаз оқу үшін кіріп, отырмастан сол ниет еткен намазын оқу да - «тахиятул-мәсжид» намазының орнына жүреді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1