Мазмұнға өту

Ғұсыл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ғұсыл (араб.: غسل‎) Араб тілінде дене дәретін алуды, яғни шомылуды ғұсыл деп айтады. Мынандай жағдайларда ғұсыл парыз болады:

  1. Ұйқыдан тұрғанда шәһуәт кеткені білінсе;
  2. Шәһуәт нәпсінің қозуымен күштеп атылып шықса;
  3. Жыныстық қатынастан соң;
  4. Хайыз әйелдердің етеккірі келген жағдайда;
  5. Нифас бала тапқаннан кейінгі жағдайда;
  6. Кәпір Ислам дінін қабылдаса;
  7. Мұсылман дүниеден озғанда.[1]

Осы жағдайларда бой дәрет парыз деп есептеледі. Онсыз намаз оқу, тіләуат сәждесін орындау, тіпті Қасиетті Құран Кәрим аяттарын оқудың өзі харам.

Ғұсылдың парыздары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғұсылдың парызы үшеу.

  • Ауызға су алуы;
  • Мұрынға су алуы;
  • Бүкіл денені иненің үшындай да құрғақ жер қалдырмай жуу. Бастан аяққа дейін тұтас жуу.

Осы айтылған парыздың бірі орындалмаса, кісі ғұсыл алған болып есептелмейді, әйелдер өрген шаштарын тарқатуы шарт емес. Бірақ шаштың түбіне су тигізуі шарт. Денедегі бір қылдың түбіне су тимей қалса, оның дәреті дәретке есептелмейді.

Ғұсылдың сүннеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ғұсылға ниет ету.
  • «Бисмиллаһ» деп, Алланы зікір етіп бастау.

Ескерту: Киім шешілгеннен кейін «Бисмилләһ» деп іштей айтылады.

  • Екі қолды білезікке дейін жуу.
  • Ғұсылдан бұрын дәрет алу.
  • Әуретте нәжіс болса кетіру.
  • Оң жақтан бастап құйыну.
  • Денеге, бастан аяқ суды үш рет құю.

Ғұсыл алу тәртібі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қыстаған жағдайда алдымен іш дәрет алынады, қыстамаса соңынан алғаны артық. Кейін сүннет бойынша дәрет алынады. Бұл дәретті киімін шешпей тұрып немесе шешінгеннен кейін алса да болады. Егер ғұсылда басып тұрған жерге су жиналатын болса, аяқты шомылып болған соң бір ақ жуады. Дәретте қыблаға бет қарату әдепке жатса, ғұсылда мәкруһ болады. Сол себепті шешінгеннен кейін алды немесе арты қыблаға қаратылмайды. Шешінгеннен кейін «Бисмилләһ» іштей айтылады.Осыдан кейін сүннетке сай дәрет алынған жағдайда, білезікке дейін үш рет жуылып, ғұсылдың парыздары орындалады. Құйынғанда су алдымен басқа, одан кейін оң және сол иыққа, кейін оң және сол аяққа құйылады. Ғұсылда су алынатын ыдысқа мұқият болу қажет, әсіресе беті ашық ыдыстағы су күнге қызса, онан дәрет алу немесе ғұсыл құйыну мәкруһ болады. Ғұсыл үшін біздегі көпшілікке арналған моншаларға тек оранып кіру мүмкін. Себебі, әуретті бекіту мұсылмандарға парыз. Әуретті бөтен кісіге көрсету немесе біреудің әуретіне қарау харам. Ерлердің әуреті кіндіктен тізеге дейін, әйелдердің бет, екі қол білезікке дейін, ал аяқ тобыққа дейін әурет болып есептелмейді. Қалған жердің барлығы әуретке жатады.

Ғұсылдың түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғұсылдың парыз болу түрлері:

  • Ұйқыдан тұрғанда шәһует кеткені білінсе;
  • Шәһует нәпсінің қозуымен күштеп атылып шықса;
  • Жыныстық қатынастан соң;
  • Хайыз әйелдердің етеккірі келген жағдайда;
  • Нифас бала тапқаннан кейін;
  • Кәпір Ислам дінін қабылдаса;
  • Мұсылман жан тапсырғанда.

Ғұсылдың сүннет түрлері:

  • Хәдәсу акбар, яғни ауыр нәжістен таза болған біреу Ислам дінін қабылдағанда;
  • Ер немесе қыз бала балиғат жасқа жеткенде.
  • Талып қалып, мас болып, жынданып есі кіргенде.
  • Тәубе ету үшін.
  • Мәйітті жуғаннан кейін.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1