Намаз уақыты
Көрініс
Парыз Намаздармен бірге қоса оқылатын сүннеттер, үтір, тарауық және айт Намаздары үшін уақыт шарт. Парыз Намаздар: бамдат (таң), бесін, Намаздыгер (асыр), ақшам (намазшам) және құптан Намаздарынан тұрады. Жұма Намазы да бесін Намазының орнына өтеді. Уақыты кірмей ешқандай Намаз оқылмайды. Уақытынан кейін оқылған Намаз - Намаздың қазасы. Намаз парыз адамға Намаздың уақыттарын білу аса қажет. Ал сол уақыттары кітап пен сүннетте белгіленген. Олар мыналар:
- Бамдат (таң) Намазы Бамдат Намазының уақыты.Екінші таңның атуынан күннің шығуына дейінгі мезгіл. Екінші таңға қарай шығыс көкжиегінің бозаруы. Бұл уақытпен бамдат уақыты кіріп, құптан Намазының уақыты шығады. Осы сәттен бастап ораза ұстайтындар үшін ғибадат уақыты басталады. Сол себепті бұны «шынайы шапақ» деп атайды. Бұның алдында бірінші таң бар. Бұл - шығыс көкжиегінің ортасында жоғарыға тікелей көтерілген, екі жағы қараңғы бейне бір созылған сымдай жайылған жарық. Осы жарық аз уақыт ішінде жоғалып, орнын қараңғылық басады. Осыдан кейін екінші таң атады. Бірінші таң, таң уақытының кіргенін көрсетпегендіктен әрі жалған жарық болғаны үшін «жалған таң» деп аталады. Бұл таң -түннің жалғасы. Бұл уақытта құптан уақыты шықпайды, таң Намазы кірмейді. Ораза ұстайтындар осы уақытта ішіп-жеулеріне болады. Бұған мына хадис дәлел: Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Таң (шапақ) екеу. Біріншісі -бамдат Намазын оқуға болмасын, бірақ ішіп-жеуге болатын жалған шапақ. Екіншісі- ішіп-жеуді харам, таң намазын оқуды адал еткен таң шапаты». «Таң намазының уақыты - екінші таңның атуынан күннің шығуына дейінгі мезгіл» (Бухари, Мауақит, 27; Әбу Дауд, салат, 2.). Күн шыққаннан бастап, түскі уақытқа дейінгі мезгіл - ешқандай парыз Намаз міндеттелмеген аралық уақыт. Бамдат Намазн айнала көрініп жарық болған кезде оқу - мұстахап.
- Бесін Намазы Бесін уақыты - күннің көктің ең жоғары тұсынан батысқа қарай ауа бастағанда басталып, барлық нәрсенің көлеңкесінің өзінен бір есе ұзаруына дейін жалғасады. Бесіннің осы уақыты - алғашқы асыр (намаздыгер) деп аталады. Бұл - ӘбуЮсуп, Имам Мұхаммед, Шафиғи, Малик және Ханбалдың көзқарастары. Әбу Ханифа бойынша, бесіннің уақыты барлық нәрсенің көлеңкесі, екі есе ұзарғанға дейін жалғасады. Осы кезде бесін Намазы шығып, асыр (намаздыгер) уақыты кірелі. Мұны -екінші асыр деп атайды.Факиһтердің көпшілігінің дәлелі мына хадис: Жәбірейіл (а.с.) Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) Намаздың уақытын үйреткен кезде, екінші күні барлық дененің көлеңкесі бір есе болғанға дейін Намазын оқыған (Әбу Дауд, Салат, 2; Тирмизи, Мауақит, 1). Әбу Ханифаның дәлелі болса, хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) мына хадисі: «Бесін намазын салқын түскен сәтте оқыңдар. Өйткені бесін уақытындағы ыстық жаһаннамның ыстығын еске түсіреді» (Бухари, Мауақит,9 - 1 0 . Муслим, Масажид, 180-81). Араб түбегінде қатты ыстық болған уақыт - барлық нәрсенің көлеңкесі бір есе болған кезде. Сол себепті бесінді жаздың салқын уақытында оқу - мұстахап.Бесін Намазы уақытының бастауыш байланысты барлық мүштәһиттердің сүйенген дәлелі мына аят: «Күн батысқа ауғаннан, түн қараңғылығына дейін намаз оқы» (Исра, 17/78). Бесін Намазының соңғы уақыты жайлы екі түрлі көзқарастың құтылу үшін бесін Намазын алғашқы асырдан бұрын оқу, ал асыр (намаздыгер) Намазын - екінші асыр болғанша оқымаған абзал.
- Асыр (намаздыгер) Асыр уақыты - бесін уақытының шыққан сәтінен бастап,күннің батуына дейінгі мезгіл. Жоғарыда айтылған көзқарас бойынша, асыр уақыты - мүштәһиттердің басым көпшілігі бойынша, барлық нәрсенің көлеңкесі бір есе, ал Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, екі есе болған сәттен басталып, күннің батқан уақытына дейін жалғасады.Бұған мына хадис дәлел: «Күннің батпай тұрып, асыр намазының бір рәкатына үлгерген адам, асыр намазына үлгереді» (Малик, Муатта, Уқут, 5; Әбу Дәәуд, Салат, 5).Мүштәһиттердің басым көпшілігі бойынша, асыр намазын күннің сарғаю уақытын дейін кешіктіру - мәкрүһ. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Бұл уақытта оқылатын намаз - мүнафықгардың (екі жүзді) намазы.Мүнафық отырып алып, күнді күтеді. Күн шайтанның екі мүйізінің арасына кірген (бата бастаған) кезде, апыл-ғұпыл асыр Намазын төрт бас оқып, Аллаһты өте аз еске алады» (Малик, Муатта, Қурай, 46.).
- Ақшам Намазы Ақшам (намазшам) Намазынын уақыты - күннің толық батуымен бастадың шапақтың жоғалуымен аяқталады. Әбу Ханнфа бойынша, шапақ - ақшам уақытында батыстың көкжиегіндегі қызылдан кейінгі бозамық. Әбу Юсуп, Имам Мұхаммед және Ханафилардан басқа үш мазһаб пен Әбу Ханифадан риуаят етілген басқа бір риуаят бойынша шапақ - көкжиекте пайда болған қызамық.Осы қызыл кеткен кезде ақшам Намазның уақыты шығады. Бұған ибн Омар анықтама береді: «Шапақ - көкжиектегі қызамық». Ханафиларда пәтуаға негізделген көзқарас - Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммедтің көзқарасы.
- Құптан Намазы Құптан Намазның уақыты - қызыл шапақтың жоғалған сәтінен екінші таңның атуына дейінгі мезгіл. Екінші таң атқан сәтте құптанның уақыты шығады. Бұған ибн Омардың (р.а.) бізге жеткізген мына хадисі дәлел: «Шапақ - қызамық. Шапақ жоғалған сәтте, намаз оқу парыз». Құптан Намазын түннің үштен біріне дейін кешіктіру - мұстахап. Тұннің ортасына дейін кешіктіру - мүбаһ, себепсіз екінші таңға дейін кешіктіру - мәкрүһ. Өйткені бұл уақытта адам Намаз оқып үлгермеуі ықтимал.
- Үтір Үтір Намазның уақыты - құптан Намазнан кейін басталады. Оның соңғы уақыты - екінші таңның атуына аз уақыт қалғанға дейін.Үтір Намазын оянуына күмән келтірген адам ұйықтамай тұрып, ал оянатынына сенімді жан осы Намазды түннің ақырына дейін кешіктірсе абзал.
- Тарауық Тарауық Намазының уақыты, таңдалған көзқарасы қарай, құптан Намазынан кейін басталып, бамдат Намазның уақытына дейін жалғасады. Тарауық Намазы үтір Намазнан бұрын оқылады. Бірақ құптан Намазнан бұрын тарауық оқылса, қайта оқуға тура келеді.
- Полюстердегі Намаз уақыттары Бұл тұрғыда екі көзқарас бар:1)Уақыт - Намаздың бір шарты. Сол себепті бір жерде Намаз уақыттарының бірі немесе екеуі жоқ болса, сол уақытгағы Намаздар, сол жердің халқына парыз емес. Мыс., кейбір жерлерде жылдың бір мезгілінде батқан күннің шапаты жоғалмай тұрып, таңның екінші шапағы алып,таң Намазның уақыты кіреді. Мұндай жерде құптан Намазы оқыпмайды, өйткені түн уақытты құптан Намазның парыз болуына негізгі себеп.2)Кейбір факиһтердің көзқарасы бойынша,мұндай жерлерде өмір сүрген мұсылмандарға да бес уақыт Намаз парыз. Тұрған жерлерінде бес уақыт Намаздың бірінің уақыты кірмесе, онда сол уақыттан Намазын қаза етеді немесе сол аймаққа ең жақын бес уақыты кіретін аймақтық уакытына қарай анықтап,Намаздарын орындайды. Уақыт қаншалықты Намаздың шарты мен себебі бола тұрса да, Намаздың негізгі себебі - Аллаһтың жарлығы.Сондықтан барлық мұсылмандар бес уақыт Намаз оқуға міндетті. Күннің ұзақ уақыт шықпайтын немесе батпайтын полюс аймақтарында Намаз жоғарыдағы негіздерге қарай іске асады.
- Мұстахап уақыттар Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе абзал екені Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тікелей іс жүзінде орындауы мен хадистерінде белгіленген.Олар:Таң (бамдат) Намазын төңірекке жарық түсіп, айнала көрінген уақытта оқу жөнінде Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Таң намазын жарықта оқыңдар,өйткені мұның сауабы өте үлкен» (Тирмизи, Салат, 3; Дарими, Салат, 21).Бесін Намазын жазда кешіктіріп, салқын уақытта оқу - мұстахап. Қыста болса, бесін Намазды уақыты кіре оқу - мұстахап. Әнас (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі қатты суықта бесін намазын ерте окитын, жазда салқын түскенге дейін кешіктіретін» (Бухари, Жума, 17).Намаздыгер Намазның парызын төрт мезгілде де күннің көзді алмайтындай сарғыш тарқанға дейін кешіктіру - мұстахап.Ақшам Намазын кірісімен оқу - мұстахап. Азан мен қамат арасында тек қана үш аят оқылатындай уақыт бөлінеді. Өйткені ақшам Намазын кешіктіру - мәкрүһ.Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді «Ақшам намазын жұлдыздар көрінгенге дейін кешіктірмесе, үмбетім берекетте» (Әбу Дауд, Салат,6; Ибн Мажа, Салат, 7).Құптан Намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін кешіктіру - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үмбетіме қиын болмағанда, құптан намазын түннің үштен біріне дейін кешіктіруді әмір етер едім» (Тирмиз, Мәуақит, 10).Үтір Намазын түнде ояна алатынына сенген адам түннің ақырына дейін кешіктіру - мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:«Түннің ақырына дейін ояна алатынынан қорыққан адам, үтір намазын түннің алғашқы уақытында оқысын.Түннің ақырында ояна алатынына көзі жеткен адам болса, үтірлі түннің соңында оқысын. Себебі түнгі Намаз - періштелер қатысатын Намаз.
- Мәкрүһ уақыттар Парыз Намаздар үшін мұстахап уақыттар болғанындай, жалпы Hамаз оқудың мәкрүһ уақыттары да бар. Бұлар екіге бөлінеді. Біреуінде ешқандай Намаз оқуға болмайды. Екіншісі - нәпіл Намаз оқуға болмасын, бірақ қаза Намаз оқуға болатын уақыт. Ешбір Намаз оқылмайтын уақыттың өзі үшке бөлінеді: 1) Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40 -45 минуттай уақыт. 2) Күннің дәл тас төбеле тұруы. Яғни, күннің ең биікте болған кезеңі. Бұл уақыт бесін уақыты кіргенге дейін созылады.3) Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі.Шамамен бұл да күн батуға 40 - 45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта сол күннің тек намаздыгер Намазын мәкрүһ түрде оқуға болады.Бұл үш уақытта ешқандай қаза Намазы да, жаназа Намазы да оқылмайды. Бұл уақыттарда сәжде аяты да жасалмайды. Сәжде аятын жасай қалған күнде де, оны кейіннен қайтадан өтеу тиіс. Нәпіл Намазы оқылса, оның кейіннен өтеу тиіс емес. Ол - мәкрүһ ретінде іске асады. Бірақ кейіннен қазасын өтеу - абзал. Бұл уақытта Намаз оқуға салынған тыйым - күнге табынғандарға ұқсамау үшін берілген. Бұл үш уақыт жайлы Уқба ибн Амир әл-Жуһени (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш уақытта бізге Намаз оқу мен өлілерімізді жерлеуімізге тыйым салды: Күн шығып көтерілгенге дейін, күн дәл тас төбеге шығып, төмен түсе бастағанға дейін және күн батуға бет алған уақытта».
- Нәпіл Намазын оқудың мәкрүһ уақыты Таң атқан уақытта сол таң Намазның сүннетінен басқа ешқандай нәпіл Намазы оқылмайды. Хадисте: «Бамдат намазынан бұрын және бамдат намазы кірген кезде, бамдат намазының екі рәкат сүннетінен басқа намаз жоқ» - делінген.1) Бамдат (таң) Намазын оқығаннан кейін күн шыққанға дейін; » Намаздыгер Намазын оқығаннан кейін күн батқанға дейін; « Ақшам Намазының парызынан бұрын;2) Айт Намаздарынан бұрын үйде де, мешітте де;3) Айт Намазнан кейін мешітте;4) Арафат пен Муздәлифәда қосып оқыған екі Намаздың арасында;5) Парыз Намазның уақыты бітуге шақ қалғанда.Парызға тұрып, тәкбір (қамат) айтылып жатқанда оқуға болмайды. Ал таң Намазның сүннеті бұтарлан тыс. Яғни, бұл сүннет басқа сүннеттерге қарағанда әлдеқайда маңызды болғаны үшін оқылуға тиіс. Аллаһ Елшісі былай дейді: «Бамдат (таң) Намазның екі рәкат сүннеті дүние мен оның ішіндегі барлық нәрседен артық» - делінген. Жұма күні имам мінберге шығып хұтба оқып, жұма Намазы біткенге дейін нәпіл H. оқуға болмайды. Хадисте: «Жұма күні имам хұтба оқып жатқанда, мұсылман адам жанындағы адамға тіпті «тыныш» дегенінің өзі қателік» - делінген.[1]
Намаз уақыты күн сайын Күннің көкжиектегі орнының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады, бұл Жердің орбитадағы қозғалысымен байланысты. Таңның атуы, күннің батуы және ымырт кезеңдері сияқты астрономиялық құбылыстар күнделікті бес намаздың нақты уақытын анықтайды.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- ↑ Намаз уақыты.
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |