Мазмұнға өту

Үтір намазы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үтір намазы (араб.: وتر‎ рәкағат саны тақ) — Исламда Ишадан кейін түнгі уақытта оқылатын намаз түрі.

Үтір намазы. Үш рәкаттан тұратын үтір намазының оқылу тәртібі төмендегідей: Алдымен Үтір намазына ниет етеді. Содан кейін қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлап бастайды да, екі рәкаттан кейін отырып, «әт-Тахият» оқиды. Осыдан кейін тәкбір айтып, орнынан тұрып, үшінші рәкатта «Бисмиллаһ» пен «Фатиха» оқиды да, «әмин» деген соң, осыған жалғастырып аят немесе сүре оқиды. Осыдан кейін аяқта тұрып, қолдарын құлағының тұсына дейін көтеріп, «Аллаһу әкбар» деп, тәкбір айтады да, қайта қол байлап, аяқта тұрған бойы «Құныт» дұғасын оқиды. Содан кейін тәкбір айтып, рүкүғ пен сәждеге барып, ақырғы отырыс жасайды. Әдеттегідей «әт-Тахият», «Салауат» және «Раббана әтина» дұғасын оқып, екі жаққа сәлем береді. Мұның дәлелі: Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш рәкат үтірді оқитын. Үш рәкаттан кейін сәлем беретін». Басқа бір хадисте Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Ей, Құран иелеріі Үтірді оқыңдар. Өйткені Тағалаһ жалғыз. Тақ санды жақсы көреді» (Бухари, Дәвуат, 69). Үтір намазы Рамазанда ғана жамағатпен оқылады. «Құныт» дұғасын білмейтін адам «Раббана әтинә…» дұғасын оқи алады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]