Қиямет
| |
|
Қиямет күні (араб.: يوم القيامة ; яум әл-Қиямаһ немесе қиямет-қайым – тік тұру) немесе Ақірет күні (араб.: اليوم الآخر; яум әл-Ахири) немесе Есеп күні (араб.: يوم الحساب ; яум әл-Хисаб) – Ислам дініндегі о дүние туралы ұғым. Діни наным бойынша Қ. күні күллі әлем астан-кестең болады, өлгендер қайта тіріліп, махшарға қарай жүреді және барлық адам баласы түрегеліп тұрады.
Қиямет күні Құран Кәрімде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қиямет қайым хадисте
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Одан бері 1400 жыл өтті, қайда сол уәде? Абдуллаһ ибн Омар айтады: Аллаһтың Елшісі өмірінің соңғы күндерінің бірінде кешкі намазды оқып болып, екі жағына сәлем берді де, бізге бұрылып: "Бүгін қандай түн екенін білесіңдер ме? Шын мәнінде тура 100 жылдан кейін жер бетінде тірі жан қалмайды", - деді.[1][2][3][4]
Бұл хадисті былай тәпсірлеп алған: Яғни сол кезде өмір сүріп жатқан адамдардан ешкім 100 жылдан кейін жер бетінде болмайды деп елді алдағысы келеді.
Бірақ бұл хадисте "сол кездегі адамдардың ішінен" деген сөз жоқ. Бұл хадисте жалпы 100 жылдан кейін жер бетінде тіршілік иесі қалмайтынын айтып тұр. сосын алдыңғы хадисте көп ұзамай қиямет қайым болады дейді:
Әнәс ибн Мәлик риуаят етеді: "Бірде бір адам Алланың Елшісінен сұрады: "Қиямет қашан келеді?" Бұл кезде пайғамбарымыз менің жанымда тұрған баланы нұсқады да, былай деді: "Егер бұл баланың өмір сүрсе, Қиямет-қайым бұл бала қартаймай тұрып болады", - деді. Хадисті имам Муслим 5249 жеткізген.
Ақырет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Áхира немесе Ахірет (араб.: الآخرة ) Ислам дінінің алты негізгі сенімінің бірі. Ақирет күніне иман келтіру үш нәрсені қамтиды:
- Қайта тірілуге сену
- Есеп–хисап және оның нәтижесіне сену
- Жаннат пен тозаққа сену
Этимологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Арабтың әл-Ахира сөзінің мәні — соңы, аяғы, Ислам дінінде — мәңгілік өмір, ахирет, о дүниедегі өмір, бақи өмір, яғни “осы өмірдің” кері мағынасы. Ақыреттің синонимі — миъад (қайта тірілу). Ақырет күні адамдар қайта тіріліп, мәңгі өмір сүреді, сол күні жақсы-жаман іс-әрекеттер таразыланып, әділ жаза беріледі. Ақырет ұғымы — ислам дүниетанымындағы басты ұғымдардың бірі.
Ақыреттің белгілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақыреттің белгілеріне болып өткен немесе болашақта болуы тиіс Құран мен Сүннетте айтылған оқиғалар жатады:
- Мұхаммедтің ﷺ пайғамбарлығы Ақыреттің белгісі болып есептеледі[6];
- «Қамар» сүресінде баяндалған айдың қақ айырылуы;
- Хиджаздан шыққан жалын (бұл жалын шынымен һижри 654-ші жылы шығып, алауы Шам өлкесіне шейін көрінген[7]);
- Күң әйелдің өз қожайынын тууы;
- Аяқ киімі жоқ, жалаңаш, кедей қой бағатын адамдардың үй салып жарысуы;
- 30 шақты өтірік пайғамбарлардың пайда болуы[8];
- Евфраттағы су деңгейі түсіп, оның орнында алтын таудың пайда болуы;
Ең ұлы белгілер:
- Түтіннің шығуы;
- Дәжжәлдің келуі;
- Жерден жануардың шығуы;
- Күннің батыстан шығу;
- Иса пайғамбардың түсуі;
- Йәджудж бен Маджудждің шығуы;
- Шығыста, батыста және Араб түбегіндегі жердің опырылуы;
- Қағбаның қирауы;
- Құранның аспанға көтерілуі;
- Мәһдидің келуі;
- Йеменнен шығатын от[9];
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Имам Бухари (сахих Бухариде, хадис 116) (en-GB, ar). sunnah.com. Тексерілді, 18 маусым, 2022.
- ↑ Имам Муслим (сахих Муслимде, хадис 2537) (en-GB, ar). sunnah.com. Тексерілді, 18 маусым, 2022.
- ↑ Имам Әбу Дәуд (сунан Әбу Дәудте, хадис 4348) (en-GB, ar). sunnah.com. Тексерілді, 18 маусым, 2022.
- ↑ Имам Тирмизи (өзінің "Сунанында", хадис 2251) жеткізген (en-GB, ar). sunnah.com. Тексерілді, 18 маусым, 2022.
- ↑ «Иман негізінің түсініктемесі», Шейх Мұхаммад ибн Салих әл Усеймин, әл-Баракат баспасы, 2010
- ↑ «Сахих әл-Бұхари» (6504), «Сахих Муслим» (2951)
- ↑ «Основы веры в свете Корана и Сунны»; Кулиев Эльмир, 62-ші бет. ISBN 5-94824-071-1
- ↑ «Сахих әл-Бұхари» (3609)
- ↑ «Сахих Муслим» (2901)
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Сыртқы сілттемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Reward for woman in Akhirat.
- AKHIRAT -Shaykh Ul Islam Dr Muhammad Tahir Ul Qadri(қолжетпейтін сілтеме)