Мазмұнға өту

Иқамат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Иқаматазаннан кейін тек парыз намазының алдында және жұма намазының 2-ракат парызының алдында айтылатын намазға шақыру. Иқамат созылмай, азанға қарағанда тезірек оқылады. Иқамат кезінде азандағыдай сөздер айтылады, тек "Хай-йа аьлал-фалаһ" сөзінен кейін 2 рет "Қоды кооматис-солаһ" деп айтылады.

1. Аллаһу әкбар (4-рет) деп айтылады. 2. Әшхаду әллә, илахә иллаллаһ (2-рет) айтылады. 3. Әшхаду әннә Мухаммадур Расулуллаһ (2-рет) 4. Хай-йа аьлас-сола-һ (2-рет) айтылады. 5. Хай-йа аьлал фалаһ (2-рет) 6. Қоды кооматис-солаһ (2-рет). Мағынасы: <<Енді намазға тұру басталады>> деген. 7. Аллаһу әкбар (2-рет). 8. Лә илаһә иллаллаһ! (1-рет) айтылады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Уикипедиясы