Мазмұнға өту

Қирағат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қирағат (Оқу) - Құран оқу ережелері. Құран Қирағаттының қалыптасу тарихы Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбардың Меккеден Мединеге көшкен кезінен (һижрат етуінен) бастау алады. Осы кезден бастап Құранды адамдарға жеткізу, оларға Құран талаптарын таныстыру ісі өзекті мәселеге айналған. Бұл кезеңде араб халқының тұрмысы тайпалық жүйеге негізделіп, әр тайпаның өзіне тән диалектісі болған. Бұл диалектілер осы күнге дейін сақталған. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар Құранды барлығы жеті түрлі қырағатта (Хамза, Қиса'и, Ғасым, Хафса, Уарш, т.б.) оқуға рұқсат еткен. Ислам дініндегі «жеті қирағат» ұғымы осыдан қалыптасқан. Қасиетті Құран Кәрімді жеті қырағатта оқу шариат үрдісі десе де болады. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар заманында қалыптасқан бұл үрдіс қазіргі күнге дейін жалғасып келеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1