Мазмұнға өту

Жұма намаз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Малайзиядағы университеттегі жұма намаз

Жұма намазЖұма күні оқылатын намаз, Ислам дінінде өте маңызды саналатын, жамағатпен орындалатын апталық ғибадат. Жұма намазын оқу үшін мешітке бару – дені сау, саналы, ерікті әрбір мұсылманның парызы. Бас боғандығы шектелген және науқас адамдар, науқас адамдарды күтушілер, күш қуаты кеміген қарттар үшін Жұма намазын мешітке барып оқу міндетті емес. Сондай-ақ, әйелдер мен жолаушылап жүрген ер адамдар үшін де Жұма намазын мешітте оқу парыз саналмайды. Жұма намазы қаладағы немесе әкімі бар тұрақты ауылдағы мемлекет рұқсат еткен мешітте, имамнан басқа ең аз дегенде үш жамағаттың қатысуымен, бесін уақыты басталған соң оқылады. Жұманың парыз намазынан бұрын хұтба оқылуы шарт. Хұтпада тек Аллаһ Тағалаға шүкіршілік пен мадақ, діни уағыз ғана айтылып қоймайды, сонымен бірге елдегі саяси-әлеуметтік, әскери оқиғалар баяндалып, мемлекеттік маңызды жаңалықтар хабарлайды. Мұсылмандардың Жұма намазды оқу үшін бір жерге жиналулары Жұма намазының осылай аталуына бірден-бір себеп болған, һижрадан бұрын, яғни Меккеде Жұма намазы жоқ еді. Аллаһ Елшісі (с.а.у.) «Ақаба» биятынан кейін Мус'аб ибн Умейрді Мединаға мұғалім етіп жіберді. Оған сол жерде бесін уақытында екі рәкат намаз оқуын әмір етті. Міне, сондықтан мұсылмандар Әсад ибн Зурараның Медине сыртындағы үйіне жиналып, Жұма намазын оқи бастады. Негізінде, Жұма намазына байланысты аяттың Мединеде түскенін және Аллаһ Елшісі (с.а.у.) алғаш Жұма намазын һижра кезінде Салим ибн Ауф тайпасына тиісті Рануна қойнауында оқығанын ойлап қарасақ, Әсадтың оқыған екі рәкат намазы Жұма намазының парыздығынан бұрын болып, оқыған намаздарының бесін намазы екендігі білінеді.

Жұма намазының үкімі - парыз. Парыздығы Құран мен сүннетке сүйенеді. Құраннан дәлел: «Ей, иман еткендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Аллаһты еске алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауда жасауды сол уақытта доғарыңдар» (Жұма, 62/9). Сүннет дәлеліне келсек: Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жұма азанын естіген жандарға - Жұма намазы парыз (Әбу Дауд, 1. 244).

Жұма намазының парыздығының шарттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жұма намазының кімге парыз екені жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аллаһқа және ақырет күніне сенгендерге - Жұма намазы парыз. Бірақ жолаушы, құл, бала, әйел және науқастар бұдан тыс» (Әбу Дауд, 1. 644). Яғни, бұлардан басқа барлық мұсылмандарға Жұма намазы парыз.

  1. Ер кісі болу. Жұма намазы әйелдерге парыз емес. Бірақ намазды мешіттегі Жұма жамағатына қатысып, оқыған жағдайда қайтадан бесін намазын оқу қажет емес.
  2. Азат болу. Азаттығы болмаған тұтқын мен қапаста жатқандарға Жұма күні бесін намазын жұманың орнына окулары жеткілікті.
  3. Тұрғын болу. Жолаушыға Жұма намазы парыз емес. Себебі жолаушыда жалпы жол қиыншылықтары бар. Оған жеңілдік жасалған.
  4. Науқас немесе белгілі себептер болмау: Намазға барса, ауруының асқынуынан қорыққан жандарға - Жұма намазы парыз емес. Сол секілді науқасқа қараушы, әлсіз, кәрі, көзі көрмейтін, мүгедек және кезектегі сақшылар секілді себебі болғандарға бесін намазы жетіп жатыр. Бірақ Жұма намазын оқи алса, бесін намазын оқудың қажеті жоқ.

Жұма намазының дұрыс орындалу шарттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жұма намазы оқылатын жердің қала немесе қалаға лайық болуы қажет. Бұл жайлы Хазіреті Әли: «Жұма намазы, тәшриқ тәкбірлері, Рамазан және Құрбан айт намаздары нөпір қала немесе аймактарда оқылады», - дейді. Имам Ағзам осыған қарап, үкім шығарған. Яғни, оның көзқарасы бойынша, әкімі, көшесі, базары бар отырықты жер «нөпір қала» болып саналады. Әбу Юсуп бойынша, халқы үлкен мешітке сыймайтындай қарақұрым болған жерлерді қала санаса, Имам Мұхаммед басшылардың қала санаған жерлерін қала деп есептейді. Жұма намазы шағын отырықшы жерлерде де оқыла алатыны жайлы дәлелдер бар. Әбу һурайра Бахрейнде қызмет етіп жүрген кезінде Хазіреті Омардан Жұма намазы жайлы сұрайды. Ол «Жұма намазын қайда болсаңдар да оқындар» деп жауап қатады. Ибн Аббас Жұма намазын Мединедегі Пайғамбар мешітінен кейін алғаш рет Бахрейндегі «Жууаса» деген ауылда оқылғаны жайлы хабар береді (Бухари, Жума, 11).
  2. Жұма намазын оқтын имамның үкімет тарапынан рұқсаты болуы керек. Ханафи құқықшылары бойынша, Жұма намазы үшін де солай. Олар мына хадиске сүйенеді: «Кімде-кім Жұма намазын мен өмірде болған кезімде немесе менен кейін әділ немесе залым бір имам (басшы) болғанда, оны місе тұтпай немесе терістеп, оны тәрк етсе, Аллаһ оған берекет бермесін және ісін бітірмесін» (ибн Мажа, Иқама, 78). Міне, осы хадисте Жұма намазының парыз болуы үшін әділ болсын, залым болсын бір басшының болуы қажет екенін айтқан. Өйткені үкіметтен рұқсат алмаса, бүлік шығу ықтималы бар. Бірақ басшылар Жұма намазына мән бермесе немесе себепсіз мұсылмандардың намаз оқуына кедергі жасаған жағдайда, мұсылмандар бір имамның артына тұрып, Жұма намазын оқуларына болады. Имам Мұхаммед мына дәлелге сүйенеді: Хазіреті Осман Мединеде қоршауда қалған кезде сырттағы сахабалар Хазіреті Әлидің артына тұрып, Жұма намазын оқыған.
  3. Жұма намазы дұрыс болуы үшін, Әбу Ханифа бойынша, имамнан тыс ең аз үш адам, Әбу Юсуп және имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, екі ер кісінің болуы шарт. Дәлелдері «Аллаһтың зікіріне (Жұма намазына) ұмтылыңдар» (Жұма, 62/9) аятындағы «ұмтылыңдар» етістігі көпше түрде қолданылған. Әбу Ханифа - үш, қалған екеуі - екі адамды көп ретінде қабыл еткен. Бұл жерде бір қалада бірнеше жерде Жұма намазының оқылуын айта кеткен жөн. Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша, бір қалада бірнеше жерде Жұма намазын оқуға болады. Бұған дәлел Хазіреті Әлидің Хазірет Осман қоршаула қалған кезінде Жұма намазын сыртта оқығаны секілді айт намаздарын да Медине сыртында, Сахарада оқыған. Сол жерге келе алмаған әлсіз, кәрі жандар намаздарын қала орталығында оқыған.
  4. Жұма намазы оқылатын жердің халыққа ашық болуы. Өйткені Жұма намазы - Исламның рәмізі мен діннің ерекшеліктерінің бірі. Имам есігін құлыптап, Жұма намазы оқыса, намазы дұрыс болмайды.
  5. Уақыт. Жұма намазының уақыты - бесін намазының уақыты. Әнас ибн Маликтің бізге: «Аллаһ Елшісі Жұма намазын күн батысқа ауа бастағанда оқитын» (Бухари, Жума, 16) - деген сөзі жеткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Му'саб ибн Умейрді һижрадан бұрын мұғалім етіп, Мединеге жіберген кезінде оған күн батысқа ауа бастағанда Жұма намазын оқуын айтқан.
  6. Хұтба. Жұма сүресіндегі «Аллаһтың зікіріне ұмтылыңдар» аяты - Жұма намазы мен хұтпасы. Хазіреті Пайғамбар хұтпасыз ешқандай Жұма намазын оқымаған. Хұтпа шарт болмағанда кейде оны тәрк ететін еді. Жамағайын алдында хұтпа оқылуы керек. Хұтпа оқылып жатқан кезде жамағат болмай, біткеннен кейін келсе, намаздары дұрыс болмайды. Жамағайын хұтпаны естулері шарт емес. Жалпы сол жерде болса жеткілікті. Хұтпа кезінде жолаушы болса да, жалпы ғибадат етумен міндеттелғен бір ер кісінің болуы жеткілікті.

Әбу Ханифа бойынша, хұтпаның шарты Аллаһты зікір етуден тұрады. Сол себепті хұтпаны хұтпаға ниет етіп, «Әлхамду лилләһ» немесе «Субхан Аллаһ» немесе «Ләә иләһә ил-лАллаһ» десе жеткілікті. Өйткені «Аллаһты зікір етуге асығыңдар» алтында зікірдің аз болуы мен көп болуы жайында мәселе қозғалмаған. Хазіреті Осман халифа кезінде алғаш жұма хұтпасында «Әлхамдулилләһ» дегеннен кейін қобалжып тілі тұтылып, мінбеден түсіп, жұма намазын оқығаны осыған дәлел.

Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, хұтпа - хұтпа делінетіндей айтылуы керек. Бұл - әт-тәхият, мадақ және салауат пен мұсылмандарға дұға ететіндей көлемде болмақ.

  1. Хұтпаны тік тұрып және адамдарға қарап оқу.
  2. Кіші және үлкен дәретсіздіктен таза болу.
  3. Әурет жері жабық болу.

Хұтпаның сүннеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Хұтпаны екіге бөлу. Екі хұтпаның арасында бір тәсбих және үш аят оқитындай уақыт отыру. Сол себепті бұны «хұтпа» деп атайды.
  2. Бұл екі хұтпаның әрбірі - шәһадат сөздерін, салауатты қамту керек.
  3. Бірінші хұтпа - бір аят және насихатта, екінші хұтпа мұсылмандар жайлы дұғаны қамту керек. Екінші хұтпада хұтпашының дауысы бірінші хұтпадан төмен болуы керек. Бұлар хұтпаның сүннеті.
  4. Екі хұтпаны ұзатпау.
  5. Хұтпаны мінберге шыққан кезде оның алдында азаншы азан оқиды. Хазіреті Пайғамбар заманында оқылған азан осы.
  6. Хұтпаны азаннан кейін тұрып, құпиялай әғузуды оқып, жариялай Аллаһ Тағалаға мадақ айтып, хұтпасын жамағатқа қарап оқиды.
  7. Хұтпа біткен кезде қамат айтылады.

Жұма намазы ауылдық жерлерде де оқылатыны жайлы бұрыннан рұқсат берілген. Бір ауылда тұратын адам қалаға келіп, жұма уақытына дейін қалуды ниет етсе, оған Жұма намазы - парыз. Бірақ жұмадан бұрын кетуге ниет етсе, парыз емес. Жұма уақыты кіргеннен кейін шығуды ниет етсе, басым көпшіліктің көзқарасы бойынша, парыз болмайды. Ауылға көліктің ерте кетіп, басқа бір көліктің болмауы секілді себептерге байланысты, Жұманы күтпесе де болады. Бесін намазын оқыса, жетіп жатыр.

Хұтпашы мінберге шыққан кезде, жамағайын тыныштық сақтауы, сәлем алып, сәлем бермеуі, нәпіл намаз оқымауы керек. Жұма намазының екі сүннетін оқып қойса, қалғанын тезірек уәжіптерін бұзбай бітіру қажет. Тіпті хұтпада Пайғамбарымыздың (с.а.у.) аты айтылса да салауат айтпай үнсіз қалу - абзал. Бірақ Әбу Юсуп бойынша, іштей салауат айтылады.

Жұма намазының сүннеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жұма намазының алды мен соңында төрт рәкаттан нәпіл намаз оқылады. Яғни, Жұма намазы - бас-аяғы он рәкат намаз. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұмадан бұрын төрт рәкат намаз оқыған. Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім Жұма намазын оқыса, артынан қосымша төрт рәкат оқысын» (Муслим, Жума, 67), - дейді. ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]