Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жауын тілеу намазы. Бір жерге
жаңбыр жаумай қуаңшылық болған кезде, жауын дұғасы жасалады. Кейбір елде
адамдар Раббыларына көңіл бөлмей, зор
күнәға батқандықтан Аллаһ сол елді сынау
үшін кей кезде, ол жерлерді қуаңшылыққа айналдырады. Құранда Хазіреті Нұх,
Хазіреті Мұса секілді Пайғамбарлардың
халқы үшін жауын сұрап, дұға еткендері
жайлы сөз етіледі. Нұх Пайғамбар: «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені ол - өте жарылқаушы», - деді. «Ол сендерге аспаннан мол-мол жауын жіберді» (Нұх,
71/10-11). Мұса Пайғамбар жайлы: «Сол уақытта Мұса елі үшін су тіледі» (Бақара,
2/60). Ж. т. н-н Әбу Ханифа бойынша, жамағатпен жария оқу сүннет емес. Бірақ,
жарамды мәндүп іс. Жауын жаумаса, намаз
бірнеше күн қайталанады. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бізге жеткен жауын дұғасы:
Оқылуы: «Аллаһуммәс-қинәғайсән, муғмсән, һәннән, мәриән, мәри'ан, ғадақан, мужәллиән, сәйхән, аммән, табақан дәәимән.
АллаһуммәІ Әсқинәл-ғайсә уә ләә тәж'алнәә минәл-қанитиин. Аллаһуммә' Иннә 164 бил-биләди уәл-'ибәди уәл-халқи минәллә' уәәи уәд-данки мә ләә нәшку иллә
иләйк. Аллаһуммә' Әнбит ләнәз-зәр'а уә әдир ләнәд-дәр'а уә әсқинәә мин бәрәкатис-сәмәәи. Уә әнбит ләнәә мин бәрәкәтил-әрдн. Аллаһуммә' Иннәә настағфирукә иннәкә кунтә ғаффарә, фә әрсилис-сәмә'ә аләйнәә мидрәрә».
Мағынасы: «Аллаһым! Бізге жәрдем беріп, жерімізді, шартарапты ылғалдандыратын мол жауын нәсіп ет. Аллаһым! Бізді
жауынмен суландыр, бізді үміттері үзілген
адамдардан етпе. Аллаһым! Елдерде, құлдарыңда, жан-жануарда ауыр тауқымет бар.
Оны Саған ғана шағым ете аламыз. Аллаһым! Біз үшін егінімізді өсіріл, малымыздың сүтін молайт, бізді көктің берекеттеріне
болеп, жер-жүзінің берекеттерінен бізге
ырыс бер. Аллаһым! Біз Сенен кешірім
тілейміз. Шексіз Сен аса кешірімдісің. Бізге
кектен мол жауын жібер».[1]