Тағдыр мен қаза
| |
|
Тағдыр мен қаза (араб.: قضاء وقدر қаза уа қадар)
Этимология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағдыр (араб.: قدر) Аллаһтың алдын ала білген ғылымы мен даналығының талабы бойынша бүкіл тіршілікке арнап өлшеген мөлшері.
Қаза (араб.: قضاء) Орындалған шешім
Тағдырдың төрт бөлімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағдырға иман келтіру төрт түрлі нәрсені мазмұндайды:
әл `Ильм
[өңдеу | қайнарын өңдеу]العلم әл-Ъильм – Білім: Аллаһ тағала өз жаратылысың не жасағанын, болашақта не жасайтынын біледі, оның ішінде уақыты мен орны.
Аллаһ тағала барлық нәрсені жалпылама да, егжейтегжейлі де біледі. Бұл нәрселер Аллаһтың өз істеріне немесе пенделерінің істеріне қатысты болсын бәрібір.
Китабат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]كتابة Китабат – Жазу:
Соны Аллаһ ләухул-махфузға жазып қойғандығына сену. Бұл жөнінде Аллаһ тағала:
«Аллаһтың жер, көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе? Шексіз бұлар кітапта жазулы. Күдіксіз бұл Аллаһқа оңай»
—Хадж сүресі, 70-ші аят
Мүслимнің сахих кітабында Абдуллаһ ибн Әмр ибн әл-Әстан риуаят етілген хадисте: Мен пайғамбардың ﷺ: «Аллаһ тағала бүкіл халықтың тағдырларын көктер мен жерді жаратудан елу мың жыл бұрын жазып койған», — деп айтып тұрғанын естідім», — делінген.
Машииғат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]مشيئة Машииғат – Ерік:
Барлық орын алатын нәрселер тек Аллаһтың қалауымен ғана болады деп сену. Өзінің ісіне қатысты не мақлұқаттардың ісіне қатысты болсын, бәрібір. Өзінің ісіне байланысты Аллаһ тағала:
«Сондай–ақ Аллаһ қалағанын істейді»,
—Қасас сүресі, 68-ші аят
«Иең қалағанын жаратады да сұратпайды»,
—Ибраһим сүресі, 27-ші аят
«Ол сондай Аллаһ, сендерді жатырларда қалағанынша бейнелейді», — деген
—Әли Имран сүресі, 6-ші аят
- – الخلق әл-Халақ – Жарату және (дене) қалыпқа келтіру:
Тағдырдың жақсылық жамандығына сену
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иман шарттарының алтыншысы - тағдырға иман. Тағдыр - араб тіліндегі «қадар» сөзінен шығып «өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» ұғымдарын білдіреді. Ал діни терминологиядағы мағынасы ‑ әлем жаратылғаннан бастап, болмыста болатын бүтін құбылыстар мен жаратылыстардың қашан болатындығын, мезгілін, орнын, мекенін, ерекшеліктері мен сипатын Аллаһ Тағаланың ежелден яғни әу бастағы ілімімен белгіленіп, өлшеніп қоюымен байланысты.
Сыртқы сілттемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Иман негізінің түсініктемесі», Шейх Мұхаммад ибн Салих әл Усеймин, әл-Баракат баспасы, 2010