Мұсылман мейрамдары
Исламда мейрам ретінде екі айт — Ораза айты мен Құрбан айт, Арафат күні және Ташриқтың үш күні бекітілген. Пайғамбар Мединелік адамдар бір мейрамды тойлағанын көргенде былай деген:
«Шын мәнінде Аллаһ оларды екі жақсырақ күндермен ауыстырды: құрбан шалатын күнмен және ауыз ашатын күнмен»[1]
Ол тағы да:
«Ей мұсылмандар! Арафат күні, құрбандық шалу күні мен Ташриқтың үш күні — біздің айтымыз»[2]
Ораза айт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рамазан айындағы оразаның аяқталғаннан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні Ораза айт (араб.: عيد الفطر — 'ид әл-фитр) деп аталады. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен Айт намазын оқиды. Ораза ұстауға тыйым салынған күн[3].
Құрбан айт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құрбан айт (араб.: عيد الأضحى — 'ид әл-адха) Зул-хижжа айының оныншы жұлдызы. Қажылықтың аяқталуына байланысты мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбандық шалатын күн. Бұл күні ораза ұстауға болмайды[4].
Мәулид
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мәулид (араб.: مولد) — араб тілінде «туған күн, туған жер» мағынасын білдіреді[5]. Мұхаммед пайғамбар ﷺ мен оның сахабалары тойламағанмен, мәулид кейбір мұсылман елдерінде Пайғамбардың өмірбаянын оқумен, оған арнап өлең жазуменен аталып өтіледі. Мәулидті һижри VII ғасырда Сирияның Ирбиль мекенінің әмірі Мұзаффар әд-Диннің бұйрығымен тарихта алғашқы рет атап өткен[6]. Кейбір мұсылмандар бұл амалды Ислам дініне қатысы жоқ бидғат пен Иса пайғамбардың туған күнін тойлайтын христиандарға еліктеу деп санайды, себебі бұл амал Құран мен Сүннетте әмір етілмеген, соған қоса алғашқы мұсылмандар оны істемегені белгілі[7].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Әбу Дәуд (1134), ән-Нәсәи (1556), Ахмад (3/178), Әбдурраззақ (15566)
- ↑ Әбу Дәуд (2419), әт-Тирмизи (773), ән-Нәсәи (5/252)
- ↑ عيد الفطر — AlMaany.com (ар.)
- ↑ عيد الأضحى — AlMaany.com (ар.)
- ↑ مولد — AlMaany.com (ар.)
- ↑ «Хусн әл-мақасид фи ағмал әл-мәулид»; Имам әс-Суйути
- ↑ «Мәулид — ең қауіпті бидғат және неге оны ханафилер атамайды» Мұрағатталған 25 наурыздың 2013 жылы. (орыс.)