Парсы тілі
Елдер: |
— |
---|---|
Классификация | |
Санаты: |
??? |
— | |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
пер 535 |
ISO 639-1: |
fa |
ISO 639-2: |
fas және per |
ISO 639-3: |
fas |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Парсы тілі,[1][2][3][4][5][6] — Үнді-Еуропа тілдік әулеті иран тобының оңтүстік-батыс тармағына жатады. Иран Ислам Республикасының ресми тілі. Орта ғасырларда әдеби тіл ретінде Иранмен шекаралас жатқан Ауғанстанға, Орталық Азияның кей өңірлеріне, Үндістан мен Әзербайжанға тарады. Парсы тілі тарихы көне, орта, жаңа болып үш дәуірге бөлінеді. Қазіргі парсы тілі көне парсы (жазба ескерткіштері б.з.б. 6 – 4 ғасырлардан белгілі), орта парсы (III–VII ғасырлар), классикалық кезеңдегі жаңа парсы (VII–XV ғасырлар) тілдерінің заңды жалғасы. Классикалық парсы тілінің базасында туысқан тәжік және дархи тілдері дамыды (айырмашылықтары XVI–XVII ғасырларда басталды). Сондықтан классикалық парсы тіліндегі әдеби мұра Ауғанстан, Тәжікстан және Иран халықтарына ортақ болып табылады. Парсы тілі бай жазба дәстүрге ие дүние жүзіндегі ежелгі тілдердің бірі. Бұл тілдегі жазба ескерткіштердің 2500 жылдан астам тарихы бар. Парсы тілі бірнеше диалектіге бөлінеді, әдеби тілі тегеран диалектісі негізінде жасалған. Фонетикалық ерекшеліктері 6 монофтонг, 2 дифтонг, 23 дауыссыз фонеманың болуымен, тіл арты (фарингаль), көмей (увуляр) дыбыстардың сақталуымен айқындалады. Сөз басында дауыссыздар қатар келмейді, екпін сөздің соңғы буынына түседі. Есімдер септелмейді, род категориясы жоқ. Күрделі етістіктің есімді тіркесі мен аналитикалық тәсілі жиі қолданылады. Араб, түркі тілдерінің сөздері көп кездеспегенімен, 19 ғасырдан француз, ағылшын, орыс тілдерінен енген сөздер жеткілікті. Жазуы араб әліпбиіне негізделген.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Пейсиков Л. С., Вопросы синтаксиса персидского языка, М., 1963
- ↑ Гаприндашвили Ш. Г., Гиуанашвили Дж. Ш., Фонетика персидского языка, Тбилиси, 1964
- ↑ Оранский И. М., Введение в иранскую филологию, М., 1988
- ↑ Оңдасынов Н., Парсыша-қазақша сөздік, А., 1974
- ↑ Рүстемов Л., Парсы тілінің ізашары, Тегеран, 1994
- ↑ Рубинчик Ю. Л., Грамматика современного персидского языка, М., 2000
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |