Мазмұнға өту

Қатысушы:Ерден Карсыбеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ерден Қарсыбеков қатысушысы қазақша Уикипедияда

14 жыл, 8 ай және 20 күн


Жаңа беттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Адамдар: Рабиндранат ТагорАнджело БадаламентиДон МаклинФредерик Артур БриджменУильям Каллен БрайантТомас КоулНатаниел ХосорнСтивен КрейнЭптон СинклерКарл БернстейнБоб ВудвордДмитрий Андреевич МуратовМария РессаХарпер ЛиКарел ЧапекМилош ФорманАлан МенкенМишель ХазанавичусЛеонид Иович ГайдайБилли Джин КингҚарақат БашановаИзабель де ШаррьерАлександр ГамильтонСинъитиро Томонага‎Морихэй УэсибаДжузеппе ПьяцциЭдмунд ГаллейХелен ШарменЮ.С. СавичеваСофия РотаруРоберто Бениньи‎Алғадай Жамбылұлы

Тарих: Республикалық маңызы бар ескерткіштер: Үлгі:ШҚОҮлгі:БҚОҮлгі:Қарағанды облысыҮлгі:Қызылорда облысыҮлгі:СҚОҮлгі:Ақмола облысыҮлгі:Ақтөбе облысыҮлгі:Алматы облысыҮлгі:Атырау облысыҮлгі:Маңғыстау облысыҮлгі:Түркістан облысыҮлгі:Қостанай облысыҮлгі:Жамбыл облысыҮлгі:Павлодар облысыҮлгі:Ұлытау облысыҮлгі:Жетісу облысыҮлгі:Абай облысыАлаш арыстары — Мұхтар Әуезов мұражайыАстанадағылар: Талғат Бигелдинов ескерткішіКенесары хан ескерткішіҰОС мемориалыҚараөткел зиратыҮлгі:Астана ескерткіштеріӘскери-тарихи мұражайБауыржан МомышұлыБөгенбай батыр ескерткішіБұрынғы Мұсылман мектебі ғимаратыРақымжан Қошқарбаев ескерткішіЖұмабек Тәшенов ескерткішіКерей мен Жәнібек хандар ескерткішіЖер-ана (монумент)Астана (мүсін)АбайӘл-ФарабиБозоқ IIМолдағұловаМәметоваПанфиловМозаикаларПушкинҚосшығұлов мектебіБасқа ескерткіштер: Жеті әулиеЖидебай батыр мазарыЖұлдыздарға қарай мүсініСемсерден соқа соғып шығарайықҰлы Отан соғысында қаза тапқандарға ескерткіш (Балқаш)Даңқ мемориалы (Шымкент)Абай ескерткіші (Шымкент)‎Абай ескерткіші (Семей)Жидебай батыр ескерткішіБауыржан Момышұлы ескерткіші (Алматы)Әл-Фараби ескерткіші (Алматы)II дүн. соғыс: Үлгі:Нюрнберг процесінің сотталушыларыҮлгі:Жеңіл танктерҮлгі:Орташа салмақты танктерҮлгі:Ауыр танктерТөменгі Силезия шабуылыЖоғарғы Силезия шабуылыШығыс Померания шабуылыШығыс Пруссия шабуылыПрага операциясыКерчь-Елтиген операциясыМайдандардың қиылысуыАҚШ тарихы: Негіздеуші әкелерАҚШ тәуелсіздігі үшін соғысБостондағы шай ішуФиладельфиялық конвентФедералист жазбаларыКөне тарих: Тан әулетінің батыс түріктеріне қарсы шапқыншылығыАқкөл-Жайылма

Қазақ әдебиеті: Үлгі:Мұхтар Әуезов шығармаларыӘдебиет тарихыБүркіт аңшылығының суреттеріҚыр суреттеріҚыр әңгімелеріҮлгі:Ғабиден Мұстафин шығармаларыҮлгі:Ғабит Мүсірепов шығармаларыАйгүл қойшының бір күніҮлгі:Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары Қамар сұлуҮлгі:Тахауи Ахтанов шығармаларыҮлгі:Жүсіпбек Аймауытов шығармаларыЖүсіпбек Аймауытовтың аудармаларыҮлгі:Сәбит Мұқанов шығармаларыҮлгі:Жұбан Молдағалиев шығармаларыБайқоңыр баспалдақтарыЖеңіс жырларыҮлгі:Қасым Аманжолов шығармаларыҚасым Аманжоловтың аудармаларыАқын өлімі туралы аңызҮлгі:Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармаларыҮлгі:Әбіш Кекілбайұлы шығармаларыҮлгі:Қадыр Мырза Әлінің шығармаларыИірім (Қадыр Мырза Әлі)Жазмыш (Қадыр Мырза Әлі)Үлгі:Мұқағали Мақатаев шығармаларыҮлгі:Хамит Ерғалиев шығармаларыХамит Ерғалиевтің аудармаларыКүй — дастанҮлгі:Бейімбет Майлин шығармаларыАзамат АзаматычҮлгі:Мағжан Жұмабай шығармаларыМағжан Жұмабайдың аудармаларыҮлгі:Міржақып Дулатұлы шығармаларыБалқия (пьеса)Үлгі:Сәкен Сейфуллин шығармаларыҮлгі:Ілияс Жансүгіров шығармаларыҮлгі:Әмен Әзиев шығармаларыҚазыналы СарыарқаМыс ошағыҮлгі:Софы Сматаев шығармаларыЕлім-ай (роман)Біржан сал (пьеса)Софы Сматаевтың аудармаларыҮлгі:Кәмел Жүністегі шығармаларыҚұба белдерҮлгі:Шерхан Мұртаза шығармаларыҮлгі:Әзілхан Нұршайықов шығармаларыҮлгі:Сәкен Жүнісов шығармаларыҮлгі:Әбділда Тәжібаев шығармаларыКөтерілген күмбезБіз де қазақпызҮлгі:Мұзафар Әлімбаев шығармаларыТу тіккен (поэма)Үлгі:Бауыржан Момышұлы шығармаларыҚанмен жазылған кітапКурляндия майданыҮлгі:Дүкенбай Досжан шығармаларыАбай айнасыАқ Орда (роман)

Әлем әдебиеті: Үлгі:Уильям ШекспирҚателіктер комедиясыЖай нәрседен көп айқайШекспир сонеттеріҮлгі:Чарльз ДиккенсҮлгі:Бронте апалы-сіңлілілерНайзағайлы асуВикториандық әдебиетКөлдік мектепАҚШ әдебиетіҮлгі:Вашингтон ИрвингНобайлар кітабыМаужыраған терең сайРип Ван УинклУолденҚұзғын (поэма)Патша Артурдың сарайындағы Коннектикуттан шыққан янкиҮлгі:Джек ЛондонДжек Лондонның қазақшаға аударылуыҚар қызыАяздың балаларыАқ азуМартин ИденТемір өкшеЖұлдызаралық кезбеҮлгі:Герберт УэллсАйдағы алғашқы адамдарҮлгі:ГриммдерҚоңыраугүл (Рапунцель)Үлгі:Виктор ГюгоЗауал (Гюго)Күлегеш кісіҮлгі:ГогольРевизорВийҮлгі:ЧеховЧехов әңгімелерінің тізіміАңшылықтағы драмаҮлгі:Карел ЧапекСаламандрлармен соғысR.U.R.Үлгі:Джордж ОруэллСыни эсселерМал ауласыҮлгі:Марк ТвенҮлгі:О. ГенриТөрт миллионЖанған шырақҮлгі:Эрнест ХемингуэйШал мен теңізКүн өткендеНик Адамс туралы әңгімелерҚоңырау кімге соғыладыҮлгі:Джон СтейнбекАлаң көңіл ақпаныЧарлимен саяхаттау

Музыка: Үлгі:Құрманғазы күйлеріҮлгі:Тәттімбеттің күйлеріСылқылдақҮлгі:Ықыластың күйлеріҮлгі:Дәулеткерейдің күйлеріҮлгі:Динаның күйлеріҮлгі:Сүгірдің күйлеріАққу (Сүгірдің күйі)Үлгі:Төлеген Момбековтың күйлеріҮлгі:Мағауия Хамзиннің күйлеріБалқаш толқыныҮлгі:Қорқыт күйлеріҮлгі:Қазақтың саз аспаптарыНью-эйджJunior Eurovision ән байқауындағы ҚазақстанJamiroquaiIOWAAerosmithҮздік фильм әні үшін Оскар сыйлығыCity of StarsStarry Starry NightMoon RiverUnder the SeaMy Heart Will Go OnLet It GoLet It BeI’ll Get YouYesterdayThings We Said TodayThe Inner LightҮлгі:The Beatles синглдеріI Want It That WayQuit Playing GamesEverybody (Backstreet’s Back)Үлгі:Backstreet Boys синглдеріStop and StareApologizeAll the Right MovesҮлгі:OneRepublicLet It Snow!Зима (Савичева әні)Наурыз («Үркер» әні)Өмір көктемSpring RainIn SummerSummertimeAugust (ән)Wake Me Up When September EndsAutumnsongWhite Winter HymnalМоцарттың қараторғайыAlouette (ән)Көкек (Біржан әні)Қарлығаш (ән)Free as a BirdLife Is a FlowerDesert RoseЛаванда (ән)Жауқазын гүл (ән)Now and ThenThe Way We WereСинглSingin' in the RainЧервона рута

Ғарыш: Жылжымайтын жұлдыздар кітабыМарс бетіндегі ғарыш аппараттары тізіміPerseveranceҮлгі:Айға ұшқан ғарыш кемелерLunar Precursor Robotic ProgramЛуна-1Луна-2Луна-3Луна-4Луна-5Луна-6Луна-7Луна-8Луна-9Луна-10Аполлон 10Ай бетіндегі ғарыш аппараттары тізіміЛунар орбитерАполлон 11Чанъэ-5Үлгі:Марсқа ұшқан ғарыш кемелерАль-АмальТяньвэнь-1Марс-1Viking 1Mars ExpressMars Reconnaissance Orbiter2001 Mars OdysseyМарс-2IngenuityМарс атмосферасыЕзеро (кратер)Утопия жазықтығыҮлгі:Орбиталық станцияларМир (орбиталық станция)OPS 0855Байланыс серігіExplorer 1THEMISҮлгі:ExplorerDynamics ExplorerHigh Energy Transient ExplorerExplorer 43SOLRADҮлгі:Ғарыш телескоптарыЕвклид (телескоп)INTEGRALFUSEACEUhuruOrbiting Solar ObservatoryҮлгі:ЖұлдыздарЖұлдыздар жүйесіЖұлдыз атмосферасыЖұлдыз ядросыКонвекция аймағыСәулелік тасымал аймағыТәж тесіктеріЖұлдыз желіЖұлдыздың магнит өрісіMagsatWMAPDARTҮлгі:Астероидтарға ұшқан ғарыш кемелер‎Жақыннан зерттелген астероидтар мен кометалар тізіміӘртүрлі астероидтарЛуна-24OSIRIS-RExNEAR ShoemakerPsycheStardustDeep Space 1Негізгі белдеуХаябусаХаябуса-2Кентавр астероидтарыТранснептундық нысанNew HorizonsDawnГалилеоГершель

Ғылым: Үлгі:Әл-Фараби еңбектері (Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы, Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері, Қасиетті Платон мен Аристотель көзқарастарының ортақтығы туралы, Ұлы Зенонның жоғары ғылым бойынша трактаты жайында, Интеллект сөзінің мағынасы жайында, Платон заңдарының мәні) • Шығыс аристотелизміҮлгі:Жеті данаҮлгі:ЛогикаҮлгі:Мемлекет пен құқық теориясыҮлгі:Адам қаңқасыҮлгі:Иммунды жүйеҮлгі:ҚанҮлгі:КөзХориоидеаҮлгі:Жүйке жүйесіҮлгі:ПсихологияҮлгі:Медициналық визуалдауБірфотонды эмиссиялық компьютерлік томографияҮлгі:Орталық жүйке жүйесінің ауруларыҮлгі:Тыныс алу мүшелерінің ауруларыҮлгі:Жүрек-қантамырлар жүйесінің ауруларыҮлгі:Ой әрекеттеріҮлгі:Компьютер компоненттеріҮлгі:Интернет және сайттарҮлгі:ТелекоммуникацияҮлгі:Жасанды жарық көздеріМеталл галогенді шамҮлгі:Уақытты өлшеу және уақыт стандарттарыҮлгі:Заттың термодинамикалық күйлеріФермионды конденсатҮлгі:Құрылымдық химияФункционалды топҚұрылымдық формулаҮлгі:Биохимиялық қосылыстардың топтарыФлавоноидтарҮлгі:АминқышқылдарҮлгі:ГенетикаГеномикаГМФЦМФУМФАзотты негіздерГендік ағынРибосомалық РНҚҮлгі:Органеллалар‎Микрофиламенттер‎Аралық филаменттерМеланосомаТанносомаПротеасомаЖасуша қабырғасыҮлгі:Жасушаның тіршілік цикліЦиклинЦиклинге тәуелді киназалар

Сурет: Төрт бостандықТүркістандық топтамаСоғыс апофеозыӨмір сапарыИмперияның бағдарыҮлгі:Томас Коулдың туындыларыТуыс жандарТабиғаттың көркем пішіндеріКатскиллдік суреттерЖауын, бу және жылдамдықТүрксіб (сурет)Аманкелді портретіКенесары портретіСүйінбай портретіЕскі және жаңа тұрмысҮлгі:Әбілхан Қастеев туындыларыАсауға құрық салуҮлгі:Молдахмет Кенбаев туындыларыХалық шебері Б. БәсеноваБір кесе қымызҮлгі:Айша Ғалымбаева туындыларыҚонақ келдіАбай (Айтбаев)Бригада жиналысыҮлгі:Салихитдин Айтбаев туындыларыАтамекен (Телжанов)Көкпар (Телжанов)Жамал (Телжанов)Үлгі:Қанапия Телжанов туындыларыКөктем (Мәмбеев)Тауда (Мәмбеев)Киіз үй (Мәмбеев)Студент қыздарҮлгі:Сабыр Мәмбеев туындылары

Табиғат: Үлгі:Экологиялық жүйеЭдификаторҮлгі:Табиғат зоналарыБалдырлы орманҮлгі:ЭволюцияӨсімдіктер эволюциясыКиттер эволюциясыҮлгі:КиттерТөрт тісті киттерТарғыл дельфиндерСтенеллаларҮлгі:Өсімдіктер морфологиясыҮлгі:Астана саябақтарыБотаникалық бақ (Астана)Құтқарушылар саябағыҚаламгерлер аллеясыОрталық саябақ (Астана)

Тамақ: Үлгі:СүтПіскен сүтҮлгі:ШайШай бұтағыШай мұражайларының тізіміҮлгі:ШоколадTheobroma bicolorҮлгі:НанНан өнеркәсібіҮлгі:Балық аулауҚармақжемҮлгі:ДәрумендерҮлгі:КөкөністерҮлгі:Дәнді дақылдарҮлгі:Майлы дақылдарҮлгі:ЖаңғақтарҮлгі:ЖүгеріЖүгері сарайыПинолильоМоккачиноКофеинРетинолЛактозаБие сүтіТүйе сүті

Спорт: Үлгі:VІІ қысқы Азия ойындарыМәнерлеп сырғанау VІІ қысқы Азия ойындарындаШайбалы хоккей VІІ қысқы Азия ойындарындаҮлгі:Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстаушыларАвтоголЛаптаKAZ 1996KAZ 2000KAZ 2004KAZ 2020Жеңіл атлетика ООНысана көздеу ООБиатлон ООХоккей ООХШХФ Даңқ залыСтэнли кубогыТеннис ООUS OpenБилли Джин Кинг кубогыITFДзюдо ООБокс ОООлимпиадалық спорт түрлері

Экран: Үлгі:Шәкен Айманов фильмдеріҮлгі:Леонид Гайдай фильмдері2001: Ғарыш одиссеясыҮздік визуалды әсерлер үшін Оскар сыйлығыҮздік операторлық жұмыс үшін Оскар сыйлығыҮлгі:Джеймс Кэмерон фильмдеріТерминатор 2: Ғарасат күніЧернобыль (мини-сериал)Үлгі:Жұлдызды соғыстарPlane CrazyҚоян Роджерге ор қазған кімӨтірікші, өтірікшіЖасырынып келе жатқан жолбарыс, тасада күтіп отырған айдаһарҮздік монтаж үшін Оскар сыйлығыҮздік анимациялық толықметражды фильм үшін Оскар сыйлығыҮлгі:НарутоҮлгі:Акира Куросава фильмдеріРасёмон (фильм)Суыр күні (фильм)Тәуелсіздік күні (фильм)Алтыншы сезім (фильм)Үшінші адамІскер адамдарҚызыл нәсілділердің көсемі және басқаларПрезиденттің бүкіл жасағыЕң осал буынҚұйқылжықты өлтіру (фильм)Процедуралық драмаҮлгі:Оливер Стоун фильмдеріJFKҮлгі:Стивен Спилберг фильмдеріҚатардағы жауынгер Райанды құтқаруТерминал (фильм)Үлгі:Клинт Иствуд фильмдеріБоз ат мінген адамШынайы қылмысҮлгі:Роланд Эммерих фильмдеріПатриот (фильм)Үлгі:Люк Бессон фильмдері‎Бесінші элементҮлгі:Роберто Бениньи фильмдеріКөркем тіршілікӘркімнің киносы өзінікіӘртіс (фильм)Үздік актер үшін Оскар сыйлығы‎Қарлығаштың құйрығы неге айыр?Ақсақ құлан (мультфильм)Үлгі:Абдолла Қарсақбаев фильмдеріҮлгі:Ардақ Әмірқұлов фильмдеріҮлгі:Қанымбек ҚасымбековВидео ойындар: ТетрисЕң көп сатылған видео ойындар тізіміСапёр (ойын)Tennis for TwoAsteroids

Экономика: Үлгі:Металлургия (Құймакесек, Металды қышқылсыздандыру, Темірді тікелей алу, Ферроқорытпалар, Конвертерлік процесс, Томас процесі, Күкіртсіздендіру, Кесектеу, Металлург) • Үлгі:Энергетика (Жылу электр станциясы, Сутекті энергетика) • Үлгі:Құрылыс материалдары (Шифер, Пемзобетон) • Үлгі:Құрылыс машиналарыҮлгі:Қоғамдық көлік түрлері (Қоғамдық көлік, Атты трамвай, Екіқабатты автобус, Вахталық автобус, Шпурбус, Монорельс, Траволатор)

Математика: Үлгі:Үшбұрыш (Тікбұрышты үшбұрышОрта перпендикулярСимсон түзуі) • Үлгі:Төртбұрыш (Эйлердің төртбұрыштар туралы теоремасыДельтоидРомбоидЦентроид) • Үлгі:Сандық жүйелерСупернақты санҚолданбалы математикаВекторлық талдау

Басқа: Айрық — БасАлматы Менеджмент УниверситетіӘзербайжан географиясыБалқаштүстіметаллГлюкометрКатскилл тауларыҚазақстандағы елшілер тізіміҮлгі:Қылмыстық КодексЛегаль тұзағыНагинатаНұра ауданы (Астана)Суыр күніТопастық жаман боладыФейк ньюсЭлектронды кітапханаЛахер-ЗеThunderboltWright Flyer

Сен де бір кірпіш бұл дүниеге,
кетігін тап та бар қалан


Порталдар: Портал:ӨнерПортал:ТехникаПортал:Видео ойындарПортал:ШахматПортал:Екінші дүниежүзілік соғысПортал:Жекпе-жекПортал:ХоккейПортал:ТеннисПортал:Сәулет

Жаугершілік заманның топонимдері

Қазақта «жеріңнің аты — бабаңның хаты» деген сөз бекерден бекер айтылмаған. Жер-су атаулары арқылы халықтың жадында елеулі тарихи оқиғалар сақталып, бүгінгі һәм келешек ұрпақтарға өнегелі бейне қалдырғандай болады. Осындай атаулардың астарына көз салғанда, өткен заманның рухани келбеті де ашылып, айқын көріне бастайды.

Тарихымызда халыққа ауыр салмақпен түскен қиын кезеңдер аз болған жоқ. Оның арасында XVII-XVIII ғасырларда орын алған Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ерекше атап өткен жөн. Бұл қазақтың көшіп-қонуға жайлы жерлерінен айырылып, ұлт ретінде жоғалу қаупі төнген заман еді. Сондай-ақ, жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған батырлардың даңқы шыққан заман еді. Сол заманнан сақталып келген әдеби және материалдық мұрадан басқа, тарихи дереккөз ретінде кейбір топонимдерді де қарастыруға болады.

Кең-байтақ қазақ даласының жазирасында белгілі бір батырдың атымен аталған жер қиыры, көлі мен тауы, ауылдары молынан кездеседі. Абылай ханның ту ұстаушы үш батыры – әйгілі Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай және Шапырашты Наурызбайдан бастайық. Ақмола облысында Бөгенбай мен Қабанбай батыр ауылдары бар болса, Алматы қаласында сегіз ауданның бірі Наурызбай атымен аталған. Абылайдың қасында жүрген Өтеген, Олжабай сияқты батырлардың атымен де аталған ауылдар бар, бірақ бұл елді мекендердің көбісі жаңа аттарын жаңа дәуірде алған.

Ал сол қалмақ-жоңғарлармен майдандасқан қиян-кескі шақтан бері өзінің батырлық атауымен белгілі болған топоним мысалдарын да келтіруге болады. Қаракесек Жалаңтөс батырдың екінші аты Соқыр батыр еді, олай аталуына келесі оқиға себеп болған. Қарағанды маңындағы үлкен шайқастардың бірінде Жалаңтөстің көзіне қалмақ атқан жебе қадалады. Оны суырып алуға жанындағы серіктердің бірде-біреуінің батылы бармайды, сонда Жалаңтөс өз атының қанжығасын пайдаланып, жебені көзбен бірге жұлып алады. Өз көзін шайқас болған жердегі өзенге лақтырып жібереді. Содан былай ол өзеннің атауы Соқыр өзен болып кетеді.

Ұзындығы 100 шақырымға жуықтаған бұл өзен Шерубайнұраға құяды. Ал Шерубайнұраның өзі 17 жасынан батыр атанған Шерубай Биболдыұлының есімімен аталады. Бұланты, Аңырақай сияқты үлкен шайқастарда бір топ сарбаз бастаған Шерубай батыр кейіннен ата қонысы Қарағанды аймағына келіп мекен тебеді, ғұмыры ғасырдан асып, қайтқанда сол өзен бойындағы биіктеу төбе басына жерленеді.

Келесі топоним адам есімімен аталмаса да, шығу тарихы нақты бір батырға байланысты болып отыр. Ол жер — Ойрантөбе; Алматы — Нарынқол тас жолының бойындағы Көкпекті ауылының қарсы бетінде тау етегіндегі жазық жер. Мұнда Албанның Райымбек батыры бастаған қол жоңғарларға қарсы соғысып, үлкен жеңіске жеткен деседі. Сол маңайда Райымбек бұлағы атты су бастауы да бар. Көпшіліктің пікірінше, Ойрантөбе атауы «жауды қирата, ойран сап жеңген төбе» мағынасында қойылған.

Ірі шайқастардың енді біреуі қазіргі Қарағанды облысындағы Шажағай өзенінің бойында орналасқан жартастардың маңайында болған. Қалмақтар шабуылды Қарқаралы жақтан өткізіп, қазақ ауылдарына күшпен ене бастағанда, 85-ке келген Тарақты Байғозы батыр қол бастап, жауға қарсы аттанады. Және жиені Жарылғапқа жаушы жіберіп, жәрдем сұрайды. Хабарды естісімен Керней Жарылғап батыр өз сарбаздарымен шайқасқа екінші жақтан қосылады. Сөйтіп қалмақтар қырғын тауып, жеңіліске ұшырайды. Денелері көмілмей қалған соң, алаңқай маңы сасып кетеді. Сол себептен шайқас болған жер Сасық жартас деп аталып кеткен.

Қазақ қолының қатты соққысына ұшырап, жау жасақтары күйрей жеңілген тағы бір жер Қалмаққырылған екені атының өзінен бірден байқалады. Шын мәнінде, Қазақстанның ауқымды территориясында ондай жер-су атауы бір емес, бірнешеу. Кейде қысқа нұсқамен Қалмаққырған деп те айтылады.

Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Қалмаққырған өзені Қарамола тауынан басталып, Шұбартеңіз қонысына жетпей тартылып қалады, жалпы ұзындығы 325 шақырым. Энциклопедия дерегінше, 1723 жылы осы өзеннің бойында қазақ сарбаздары қалмақтарды ойсырата жеңгеннен кейін бұрынғы Белеуітті өзен сол жеңістің құрметіне Қалмаққырылған болып аталған.

Павлодар облысы Май ауданындағы Қалмаққырылған тауы Ақ­шиман ауылының оңтүстік жа­ғына қарай орналасқан. «Егемен Қазақстанның» былтыр бұған арнап жазған мақаласында таудың ені 10 шақырым, ұзындығы 17 шақырым деп көрсетілген. XVIII ғасырдың ортасында жоңғарлар Баянауыл жерін Ертіс өзені жағынан басып алмақ болады, оларға қарсы Абылай ханның сенімді әрі мықты батыры Олжабай Толыбайұлы тойтарыс ұйымдастырады. 1756 жылы осы аласа тау сілемдерінде шешуші шайқас орын алады. Қалмақтар қазақтың тегеурініне шыдас бермей, шегіне бастағанда, дөңгелене орналасқан құз-жартастартың ортасында қалып қояды. Олжабай батырдың жасағы жауды қоршауға алып, түгелдей жер жастандырған деседі. Қырғын болған таушықтың атауы да осыдан. Дәл осы облыста Шідерті өзенінің жоғарғы ағысына жақын орналасқан Шүршітқырған жерінің тарихы да осыған ұқсас.

Бұған қоса Ақтөбе облысының Темір ауданында Қалмаққырған елді мекені бар. Профессор Зәкіратдин Байдосовтың айтуынша, бұл аумақ ХХ ғасырдың 30-жылдарында Қандыағаш — Гурьев теміржол торабы салынғанда, осылай аталатын жерге байланысты Қалмаққырған бекеті пайда болды, қазір 50-60 үйлік дербес ауылға айналған. Бірақ бұрын Темір, Ойыл өзендерінің басындағы жерлерді, Шилі, Кенжалы өзендерінің алқабын алып жатқан кең аңғарлы аймақтың атауы еді. Мұнда Кіші жүздің Әбілқайыр ханы мен қалмақтардың Аюке ханы бастаған әскерлердің сұрапыл соғысы өткен деп айтылады. Кейбір тарихшылардың пайымдауынша, Қандыағаш топонимі де жоңғар шапқыншылығы кезеңінде пайда болды.

Тарихтан жақсы білетініміз, қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі ең ірі жеңісі — Аңырақай шайқасы.

«Ақтабан шұ­бы­рынды, Алқа­көл сұлама» қасіретті оқиғасынан кейін мыңдаған жауынгерінен, құнарлы жерлерінен айырылған қазақтың басы қосылып, үш жүзі бірігіп, бетбұрыс шабуылға даярлана бастайды. Шешуші шайқас Балқаш көлі, Отар даласы, Шу өзені аралығындағы адырлы алқапта 1729, кейде 1730 жылы өтті деп көрсетіледі. Екі тараптан 70 мыңға жуық жауынгер қатысқан делінеді. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Бір жарым айға созылған ұрыстың нәтижесінде жоңғарлар үлкен шығындарға ұшырап, жеңіліп, майдан алаңынан жөңкіле қашқан.

«Бұл жолы бір сұрапыл шайқас болды. Ойраттардың аңыраған дауысын күллі қазақ түгел естіген шығар. Енді мына жазық Аңырақай атанады ғой», деп Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романында жазылған. Яғни Аңырақай даласының атауы да соғыс тарихымен тікелей байланыста болып тұр деген пікір қалған.

Аңырақайдан кейін ойрат-қалмақтардың қазақ жерлерін жаулау жоспары бұзылып, мемлекеті құлдырап, ұлты да көп ұзамай құрып кетеді.

Міне, кей топонимдердің тереңіне бойлағанда, тарихымыздың осындай беттері ашылады. 555 жыл бұрын байрағын көтерген Қазақ хандығы батыр бабаларымыздың арқасында жерін, ділін қалай сақтап қалғанын жер-су атауларынан да біліп отырамыз.


Сарқылмас байлық — тіліміз

Бәрі біле бермейтін жәйт болар, дүниедегі ең бай тілдердің бірі — біздің қазақ тілі. Оның бір айқын мысалы: ағылшынның ұлы ақыны мен драматургі Шекспир өзінің барлық шығармаларында 15 мыңға жуық сөз қолданған екен, ал Әуезовтың жалғыз ғана «Абай жолы» эпопеясының сөздік қоры 17 мыңға дейін жетеді.

Ұлттың мәдениетімен біте қайнасып жатқан және сол ұлттың мінезін ашып көрсететін ана тіліміз, шынымен де, қазақ жазирасындай кең деп айта аламыз. Шығыс пен батыстың әсерінен молая түскен, бірақ өзінің байырғы тамырларынан айырылмаған қазақ тілі өзінің қойнауында ұлан-ғайыр көп сөзді сақтап отыр. Кейбір дереккөздерде тіліміздің сөздік қоры 2,5 миллионға дейін барады деп көрсетілген. Осындай бай қордың пайда болуына әртүрлі себептер әкелген.

Оның бір себебі — тілімізде дыбысталуы өзгешеленетін, бiрақ мағыналық дербестiгi жоқ сөздер молынан кездеседі. Лингвистикада бұны жарыспалылық, немесе варианттылық деп атайды. Мысалдары: уағда-уәде, ғаріп-кәрiп, палуан-балуан, бiрдеме-бiрдеңе, шүбәлану-шүбалану, мүлде-мүлдем, қапыда-қапияда, айқай-айғай, әзер-азар, түгендеу-түгелдеу, риза-разы-ырза.

Жарыспалылықты келесі факторлар тудырады: кірме сөздердің ауызекi тiлде түрлiше айтылып қалыптасуы, мысалы араб-парсы сөздері (әл-хал, есеп-қисап, қаржы-қаражат, ғылым-iлiм, ғазиз-әзiз), немесе орыс тілінен енген сөздер (сумка-сөмке, майка-мәйкі, ноль-нөл), кейбір сөздердiң ауызекi сөйлеу барысында дыбыс өзгерiстерiне ұшырауы (жай-жәй, зәбiр-жәбiр, жалпақ-жайпақ, іңген-інген), бір түбірге ұқсас жүрнақтардың қосылуы (пiшiн-пiшiм, шаруақор-шаруашыл-шаруагер, келешек-кележақ), кейбір сөздердің ескі мен жаңа нұсқаларының қатарынан қолданылуы (суар-суғар, өмiр-ғұмыр, мән-мағына), түрлiше жазылуынан да орфографиялық вариант сөздер түзiледi (рахмет-рақмет, тор көз-торкөз-торгөз, сахна-сахына, емеурін-емеуірін).

Бұдан бөлек қазақ тілінде қоссөздер жиі-жиі қолданылады. Басқа тілдерде онша көп кездесе бермейтін бұл сөз құрастыру түрі нәтижесінде, екі сөздің қайталануы немесе қосарлануы арқылы жаңа бір ұғым жасалады.

Мысалы: Жаманның көңілін ауласаң да, дауын даулама. Бұл мақалдағы «дау» сөзін алсақ, оған қосарлана келген дау-дамай, дау-шар, дау-даңғаза, дау-дамау, дау-жанжал, дау-таластың әрқайсысы өз алдына бөлек сөз болып есептеледі.

Және қоссөздер арасында да жарыспалылық тағы кездеседі. Мысалы, жанталасқан, асығыс-үсігіс қимылдарды кейде апалаң-топалаң, кейде опалаң-топалаң, кейде апыр-топыр, опыр-топыр, немесе қым-қуыт, қым-ғуыт деп кетеді.

Қазақ тілі байлығының енді бір аса құнарлы қайнар көзі — синонимдер, яғни мағынасы бір-біріне жуық сөздер. Синонимдер тілдің асыл қазынасы болып қана қоймай, халықтың ұлттық таным-түсінігін, болмысын да танытады.

«Абайлау» сөзін алайық. Ол бір-біріне жақын мынадай үш мағынада қолданылады: 1) абай болу, сақ болу, 2) байқағыш болу, әр нәрсенің мән-жайын ажырата білу, 3) көңіл аудару, ден қою. Бұған қарап, сөздің келесі синонимдерін тізіп шығуға болады: байқау, сақтану, сақсыну, қауіптену, аңдау, аңғару, байқастау, аңыстау, бағдарлау. Кейде осы тізімге абайлағыштыққа негізделген сезу, бағамдау деген түйсік әрекеттерін де қосады.

«Қазақ тілінің синонимдер сөздігін» ашып қарасақ, онда ондаған сөзден тұратын, ұзын синонимдік қатарлар жиі-жиі кездеседі. Мысалы, «ерке» сөзінің 12 синонимі берілген: ерке, еркетай, тотай, шолжаң, әздек, шолжақ, шалжақ, шолжың, тәлпіш, бұлаң, бұла, көлең.

«Сұлу» сөзінің 21 синонимі бар: сұлу, әдемі, әсем, көркем, ару, әрлі, бәденді, ажарлы, шырайлы, келбетті, кескінді, көрікті, сиықты, келімді, зипа, айдай, реңді, өңді, қияпатты, әйбат, райлы. (Бұған әйбәт, сымбатты, сүйкімді, дидарлы сөздерін де қосуға болады.)

«Күшті» сөзінің 25 синонимі бар: күшті, әлуетті, әндемді, қайратты, қажырлы, қарулы, жігерлі, қуатты, құдіретті, белді, мықты, қабырғалы, қарымды, атпал, дүмді, білекті, әпжемді, бұғаналы, егеудей, жолан, мығым, қауқарлы, абадан, мелжемді, әлменді.

Әр синоним өзінің мағыналық, стилистикалық реңкімен ерекшеленеді. Мысалы, «реті» сөзінің синонимдері: жөні, ыңғайы, орайы, оңтайы, қисыны, қапысы, ебі, қыбы, иіні, қолайы, қиғы, қидыны, қисынқасы. Мұндағы соңғы екі сөз қарапайым ауызекі тілде қолданылса, қиғы деген нұсқасы диалектизм болып табылады. Қыбы деген кітаби лексикаға жақын болса, орайы бейтарап болып келеді.

Қазақ тіліне ғана тән, өзге тілдерде баламасы кездеспейтін сөздер де қорымызда көпшілік.

Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға,
Жақсы ат пен тату жолдас — бір ғанибет
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

Абай өлеңінен таныс болып келген «қансонар» сөзі басқа ешбір тілде кездейспейтін ұғымды білдіреді. Оның мағынасы: жаңа жауған көбік, соны қардан соң із жақсы көрінетін кез.

Ат үстінде күнін кешкен, атты қазынадай тұтқан қазақта бұл киелі жануарға байланысты сан түрлі атаулар қалыптасқан. Мысалы, жылқы төлін құлын, жабағы (алты айдан асқан құлын), тай (жылқының бір жастағысы), құнан (екі жастағысы), дөнен (үш жастағысы), сәурік (үйірге салынбаған үш-төрт жастағы жылқы), бесті (бес жастағысы) деп жасына қарай атау да ешкімде кездеспейді.

Сол сияқты, жеті атасын жете білген қазақта ұрпақтың жеті буынының әрқайсысына жеке атау бар: бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрежат, туажат. Немеренің баласы шөберені басқа елдер қоссөз немесе күрделі сөз арқылы береді, бірен-саран тілде ғана бұған жеке сөз бөлініп жүр. Ал шөпшек және одан әрі атаулар өзге тілдің ешқайсында жоқ.

Іңгә деген сөз басқа тілдерде «сәбидің жылауы» деп екі не одан да көп сөзбен беріледі. Асар сөзін алсақ, салттың мәнін түсінуге оңай болғанымен, басқа тілдерге тек сөз тіркесімен аударылып жүреді. Және бір қызық мысал — шүйіркелесу сөзі. Орыс тіліне «разговаривать по душам» деп үш сөзбен, ағылшыншаға «talking heart to heart» деп төрт сөзбен аударылады екен. Міне, осындай күрделі ұғымдарды, құбылыстарды, эмоцияларды ұтықты сөзбен жеткізе алуымыз да қазақ тілінің байлығынан болып отыр.


Абайдың Жидебайдағы ата қонысы

Қазақ халқының ұлы ақыны мен ағартушысы Абай Құнанбайұлы Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келгені белгілі жәйт. 200 шақырымға созылған бұл тау жотасынан біраз өзен бастау алады. Оның бірі — Қасқабұлақ, басқаша Абай бұлағы деп аталады, себебі мұнда болашақ дананың кіндік қаны тамған болатын.

Абайдың туған жері жайында сөз қозғалса, Жидебай деген атау да жиі айтылады. Бұл Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер, делінеді. Оны Мұхтар Әуезов өзінің «Абай жолы» атты эпопеясында атап өткен:

«Осы Жидебайда кәрі әже Зеренің, асыл ана Ұлжанның бауырында құлын-тайдай қайғысыз, қамырықсыз өскен бала — Абай еді. Ол ойнап, шапқылап жүретін тақырлар, ұсақ тастақ төбелер, қалың шидің қоршауында биіктей тұрған дөңестер болушы еді.»

Жидебай қорығы тобықты руына тиесілі екені бұрыннан белгілі. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болған Құнанбай бидің қыстауы осы Жидебайда орналасқан-ды. Кейін кенжесі Оспанға мұра ретінде қалған. Оспан — Абайдан жеті жас кіші інісі. Ол 1891 жылы дүниеден өткеннен кейін қыстау Абай иелігіне көшкен екен. 1895 жылы Абай ескі тамның орнынан қала үлгісіндегі жаңа үй салдырған. Мұнда өзінің Қара сөздерін, жүзге жуық өлеңін жазады. Поэзиялық шабыт қайнары осы Жидебайда болады.

Ал бұл жер атауының тарихына үңілсек, жерлесіміз Жидебай батырмен байланысты екені тағы шығады.

Ұлт тарихында өзіндік із қалдырған Жидебай Қожаназарұлы шамамен 1713-1813 жылдары өмір сүрді. Ол қазақ халқының даңқты әрі аруақты батыры, әбжіл шешен, аса ірі шежіреші, қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат ету­де теңдесі жоқ ерлік көрсеткен қолбасшы, асқақ Абылайдың сенімді серігі болды. Ғалым Мырзатай Жолдасбеков жазуынша, Жидебай батыр Аңырақай шайқасына, Қаншеңгел, Ақсүйек соғысына қатысып ерлік көрсеткен, Баян тауын, Ертіс маңын, Нұрабойын, Қарқаралы, Ұлытау, Ақмола, Балқашты азат еткенде мыңбасы, Тарбағатай, Аягөз, Талдықорған, Құлжа, Алатау, Талғарды азат еткенде әскербасы болған.

Профессор Ғұзыхан Ақпанбек жазуынша, Жидебай батыр Қанжығалы Бөгенбаймен бірге Шыңғыстау, Ертіс бойын жоңғарлардың жасақтарынан тазартқан болатын, ал қазіргі Абай қыстауы Жидебай батырдың шығыстағы бекінісі болған дейді.

Өзі әлтеке руынан шыққан Жидебай тобықтының атақты биі Қарамендемен ежелден дос болған екен. Қараменде би шамамен 1720-1810 жылдары арасында өмір сүрген. Ол өз елін Шыңғыстаудан алып көшіреді, Тоқырауын өзеніне жеткенде, оған Жидебай батыр мен Сеңкібай би ортаға ала отырып, былай айтады екен: «Ортамыздан кетпе, елді аттап өтпе. Осы өлкені бірге мекендеп, іргесі сөгілмес, төскейде малы, төсекте басы қосылған көршілес ел болайық». Осылай Қараменде би Балқаш бойында шаңырақ көтереді. Ал Жидебайдың есімі тобықтының арасында танымал болады.

Абайдың Жидебайына оралсақ, қазір мұнда хәкімнің өмірі мен шығармашылығына арналаған әдеби-мемориалдық мұражайдың істейтіні белгілі. Оның экспозиция көрмелері сегіз бөлмені қамтиды, онда Абайдың тұрған жағдайы, қолданған заттары сақталынған. 1990 жылдың сәуірінде Қазақстан үкіметі Жидебай қорығы бойынша жеке қаулы шығарды. Оған сәйкес қорыққа арнайы статус беріліп, мұражайдың қарамағына 6400 гектар жер тапсырылды.

Ал бес жылдан кейін, ақынның 150-жылдығына орай Жидебайда жаңа мемориалдық кешен салынған болатын. Онда Абай мен Шәкәрім кесенелері бір-біріне ұқсас, бірақ өз ерекшеліктерімен салынып тұрғызылған, сәйкесінше 32,5 және 31,5 метрге көтерілген. Екі кесенені кең үш сатылы платформа біріктіреді, ортасында жиындар өткізуге арналған кішігірім амфитеатры бар. Абайдың ардақты әжесі Зере, аяулы анасы Ұлжан, інісі Оспан мен ағасы Құдайберді, Шәкәрімнің әкесі, осы Жидебайда ғұламаның қасында жерленген. Бұл кешен Семей қаласынан 185 шақырым жерде орналасқан.

Бүгінгі күндері Жидебайға еліміздің түкпір-түкпірінен, шетелден де саяхатшылар келіп жатыр. Ақынның туған жерінің топырағын олар да басып, өлеңдерін есіне түсіріп, өз құрметтерін танытады. Мүмкін, Әуезовтың жазғандарын да көз алдарына елестетіп отырады:

«Ана жұртың сені өлді демейді! Жарық дүниеге жаңа келіп, шырылдап туғаныңда осы Жидебайда, осы Ши-Қорықта сені аялап бауырына алған анаң бар еді. Ол алғашқы жалғыз анаң сені ақ құшағы, адал мейірімен бауырына басқан. Бүгін сені одан да ұлы өлмес анаң, ұмытылмас ұлым деп бауырына алады. Алдағы ұзақ дәурен, жарқын заман сапарына сені жүрегіне баса мәңгіге ала кетпек!»


Ел Абайдың 100-жылдығын қалай тойлаған

1945 жыл Ұлы Жеңістен басталып, Ұлы тойға ұласқан жыл болды. Қазақ халқының дана ақыны мен ағартушысы, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 100 жыл толған еді. Бұған байланысты елде көптеген шаралар өткізілді: Абай шығармаларының толық жинағы басылды, «Абай» операсының тұсаукесері өтті, «Абай әндері» атты көркем фильм түсірілді.

Ал негізгі мерекелік шаралар Абайдың туған жерінде — Шыңғыс тауының бөктері, Қарауыл өзенінің бойында өткен еді. Мұнда қонақтарға арнап тоқсан киіз үй тігілді. Тойға келушілер екі күн бойы 30-40 машинасы Семей жолымен күндіз-түн ағылып келген. Арасында Мәскеу мен Ленинградтан, Өзбекстан мен Түрікменстаннан келген сый қонақтар болған.

Соның жайын бұл өлкенің тағы бір әйгілі, дарынды тумасы Мұхтар Әуезов «Абай елінде өткізілген мереке» атты мақаласында жазған.

Мақалада атап өтілгендей, тамыздың 26-сында басталған той-думан үш күнге созылған екен. Мерекенің әр күнінде жан-жақтан жиналған қалың ел атты-жаяу сейіл құрып, ән шырқаумен болды.

«Бүткіл Қарауыл жазығында, қалың тау бөктерінде бүгін ерекше сәнмен ырғалып толқыған бір-ақ әндер бар. Ол белгілі, сүйікті Абай әндерінің өзі. Ол: “Айттым сәлем”, “Көзімнің қарасы”, “Алыстан сермеп”, “Қор болды жаным” сияқты бұл өңірдегі қарт пен жастың бәрі біліп, бәрі айтатын сезімді сұлу жырлар. Осы әнімен, сәнді көркем тобымен теңселе басқан лек-лек жұрт бәйге төбеге жиналып жатты», — деп жазады Әуезов.

Ол жерде неше түрлі сайыс өткізілді — оның көбісі ат үстінде жарысып ойнайтын сайыстар. Шауып тұрып жерден теңге алу, еш тоқтамай садақпен жамбы ату, ат құлағында ойнап жорға салдыру, топ-тобымен тасырлап басып көкпар тарту. Бұған қоса қыз қуу да бар, ал қыз соңынан шапқан жігітпен жарысқандай болып, қырда «виллис» машинасы жүйткіп жүр және бәрін кинохроникаға түсіріп жатыр. Сол жүздеген аттылардың шабысынан Қарауылдың кең жазығы «қызулы бір сарын салып тұрғандай болды».

Келесі күні шабандоздар тағы қаптап, енді 70 шақырым жерге бәйге шапты. Арасында ел мықтыларын анықтайтын күрес сайысы да өтті. Бірақ бұл сайыстың нәтижесі өте ерекше болды. Әуезов онысын былай суреттейді:

«Екі жақ боп отырған жұрттың барлығы орнынан ұшып тұрған алып денелі Қажымұқанды көрді. Ол жиынның ішінен шығып, балуандарға қарап салмақпен басып кеп, бір топтың шетінде отырды. Бірақ қарт балуанның жағасынан жармасып, мен күресем дерлік жас шыққан жоқ. Үндемей тынып, аңырып тұрған жұртта бірде-біреудің Қажымұқанмен күресем деуін құп көрместей еді. Соны аңғарған Абай аулының аудандық атқару комитетінің төрағасы Мыңжасарұлы жолдас бас балуанға арнаған түйе бастатқан тоғызын алып, Қажымұқанның алдына келіп: “Мынау бас бәйге сіздікі, жолыңызды күреспей аласыз”, – деп кеп, үлкен сыйларын тарту етті… Күрес біраз бөгелуде, халыққа бұл көрініс жақсы әсер еткен еді…»

Бүкіл ғаламға Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында-ақ танылған Қажымұқан Мұңайтпасұлы Ұлы Отан соғысы аяқталған жылы жетпістерден асқан ардақты ақсақал еді. Күрестен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы атанған ол соғыс жылдарында 100 мың сом көлемінде ақша жинап, Қорғаныс қорына тапсырған. Тарихи дереккөздерден білетініміздей, ол ақшаға ұшақ жасалынды, соғыста 200 реттен асып әскери рейс жасаған еді. Бұл күні палуанға сондай сый-құрмет көрсетілгені түсінікті жағдай еді.

Мерекенің үшінші күнінде ақындар сайысы өткізілді. Үздік жыршыға бұл жолы ат бастатқан тоғыз тартылған болды. Мерейтой аясында ұйымдастырылған шаралардың соңғысы осы еді.

Әуезов бұл тойға тек қатыса ғана қойған жоқ, ол әрі ұйымдастырушы рөлін де атқарды. Осы тойдың мәдени мазмұнын толтыруға оның үлесі аса зор еді.

Мерейтойдың Әуезовке бергені де мол болды. Ол кезде жазушының «Абай жолы» атты атақты тетралогияның тек бірінші романы ғана жазылған еді. Ал биографиялық эпопеяны жалғастыру үшін жаңа мағлұматтарды, жаңа тарихи деректерді жинауда бұл мерекенің құндылығы, сөзсіз, ерекше болды.

Оған дейін, тамыздың басында мерекелік шаралар Алматыда да өткен еді. Әуезов оларға да қатысып, Абайға арнап, ұзақ, толыққанды баяндама жасаған болатын. Сол баяндамасында былай деген екен:

«Ақын жолы халық жолымен, тарих жолымен қабыса табысқан шақта оның өзіне өлім жоқ, өзіне заман, дәурен шегі жоқ. Біздің дәуірімізге әрі бұрынғы, әрі бүгінгі Абай болып, келешек шексіз заман үшін де тарих аспанындағы бір тұрақты нұры боп шырқай бермек. Ол болашақ күндерде де Абай әрі бұрынғы, әрі ар жағындағы келешектің өлмес, өшпес тұрғыласы болмақ, күншуағы айықпас күнгей беті боп тұрмақ».