Мазмұнға өту

Киіз үй (Мәмбеев)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сабыр Мәмбеев
Киіз үй, 1958
кенеп пен майлы бояу. 100×140 см
Мәскеу, Третьяков галереясы

«Киіз үй», кейде «Киіз үйдің жанында»Сабыр Мәмбеевтің 1958 жылы салған суреті.

Мұнда суретші социалистік динамизнен гөрі шығысқа тән ақыл пайымдаушылығынан шабыт алғаны байқалады.[1]

Осы және «Тауда» деген екі туындысы 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнерінің онкүндігінде көрсетіліп, одақ көлемінде жоғары бағаланды. Кескіндемеші Сергей Герасимовтың айтуынша, бұл екі шығарма «жарықпен, күнмен, ашық түс­тер­мен толықтырылған» және «ұлт­тық бояуымен қатар өзінің эмо­ционалдық кейпімен заманауи болып келеді».[2]

Бүгінгі күндері «Киіз үй» суреті Третьяков галереясының жеке жинағында орналасқан. Ал 1962 жылы авторлық қайталау ретінде салынған көшірмесі Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында сақтаулы тұр.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]