Ақын өлімі туралы аңыз
Ақын өлімі туралы аңыз (кей басылымдарда Абдолла) — Қасым Аманжоловтың поэмасы, майдангер ақын Абдолла Жұмағалиевке арналған.
Ұлы Отан соғысы жылдары жазған бұл поэмасы — қазақ поэзиясындағы осы кезеңдегі елеулі құбылыстың бірі. Майданда қаза тапқан қазақ ақынының Отанға деген сүйіспеншілігі, жарқын тұлғасы отты сезіммен бейнеленеді. Өмірдің мәнін, ез тірліктен ерлік өлімнің қасиеттілігін көркем образ арқылы бейнелеген бұл поэма — нағыз оптимистік трагедия.[1]
Арқалап сол майдан жүгін,
Қырғын соғыс ортасында,
Көкірегінің кекті зілін,
Қоса түйіп қорғасынға —
Қанды қырғын қапылыста
Айырылып бар жолдасынан
Жараланған жолбарыстай,
Өрт жанарлы бір жас ұлан
Ырғып бұлттан түсер жайдай.
Өзі оқ боп атылғандай,
Ерегіске жанын тігіп,
Күтті жауын,
Тас бекініп.
Ғабит Мүсірепов поэманы келесідей сипаттады: «Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты».
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 1 том
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ақын өлімі туралы аңыз Kitap.kz сайтында
- Поэмаға талдау Massaget.kz сайтында
|