Мазмұнға өту

Сергей Васильевич Рахманинов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Рахманинов Сергей Васильевич (1.4.1873, РФ, Новгород облысы Новгород ауданы — 28.3.1943,

Рахманинов Сергей Васильевич[1] (1 сәуір 1873, Ресей империясы, Новгород облысы Новгород ауданы28 наурыз 1943, Беверли-Хилс, Калифорния; Нью-Йорк маңындағы Валхаллде жерленген) — орыс композиторы, пианист, дирижер.

1890 ж. жазған шығармаларының көрнектісі — “Пьеса-фантазиялар” (Прелюдия до-диез минор) мен фортепьяноға жазылған “Музыкалық сәттер” (1896), симф. фантазия “Шың” (1893), 1-симфония (1895), 20-дан астам романс, т.б. 1897 — 98 ж. Мәскеудегі жеке меншік орыс операсының, 1904 — 06 ж. Үлкен театрдың дирижері болған. 1900 — 17 ж. аралығында Р. 2 — 3-концертін (1901, 1909), 2-симфониясын (1907), “Са-раң сері” мен “Франческа да Римини” (1904) операларын, “Көктем” (1908) кантатасын, оркестрге арналған поэма (1913), 2 соната (1907, 1913), фортепьяноға жазылған 23 прелюдия мен 17 этюд-картина (1911, 1917), т.б. көптеген сюита, симфония, романстар жазған. 1917 ж. Скандинавияға кетіп, 1918 ж. АҚШ-та біржолата орналасады. 1918 — 43 ж. негізінен концерттік-пианистік қызметпен шұғылданады. Осы жылдары фортепьяно мен оркестрге арналған 4-концертін (1926), вариациялар (1932), симф. билер (1940) жазған.

Рахманинов шығармалары шынайылығымен, демокр. бағытымен, мелодия байланысымен ерекшеленеді. Рахманинов музыкасы орыстың халық әндерін, әсіресе оның жанға жайлы әуенділігін бойына сіңірген. Рахманинов Отан, орыс табиғатының жалынды жыршысы болған. Сондай-ақ ол өз заманының аса ірі опералық және симфониялық дирижерлерінің бірі.

Сергей Васильевич Рахманинов дворян отбасында туған. Көп уақыт бойы оның туған жері оның әке шешесінің иелігі Новгородқа жақын жерде орналасқан Онег саналды. Бірақ соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер бойынша оның туған жері Новгород губерниясының Старорусский уезінің Семёново (Ресей) бекінісі екен.

Композитордың әкесі Василий Аркадьевич (1841―1916), Тамбовск губерниясындағы дворяндар отбасынан шыққан. Анасы, Любовь Петровна (туғанда Бутакова) ― Аракчеевск кадет корпусының директоры, генерал П. И. Бутаковтың қызы. Композитордың әкесі жағынан атасы, Аркадий Александрович, музыкант болған, фортепианода Джон Филдан ойнап үйренген, Тамбов, Мәскеу және Петербург қалаларында концерттер ұйымдастырған. Оның көптеген романстары, фортепианолық пьесалары, шығармалары сақталған, солардың ішінде «1869-жылғы қоштасарлық шөкірек» атап өтсе болады. Василий Рахманинов та музыкалық жағынан дарынды болатын.

С. В. Рахманиновтың музыкаға қызығушылығы балалық шағында байқалды. Ол фортепианодағы алғашқы сабақтарын анасынан алды, кейін А. Д. Орнатская оқытушысы шақыртылды. Оның қолдауымен 1882 жылдың күзінде Рахманинов Санкт-Петербург консерваториясының В. В. Демянский классының кіші бөліміне оқуға түседі. Петербург консерваториясындағы баланың оқуы жаман жүрді, себебі ол сабақты босата беретін. Сондықтан отбасы отырысында оны консерваториядан Мәскеуге ауыстыруға шешім қабылданды, 1885 жылдың күзінде ол Мәскеу консерваториясының профессоры Н. С. Зверевтің кіші тобының 3 курсына қабылданды.

Эмиграцияға ұшыраған кездері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1918 жылы 1 қарашада отбасымен бірге Норвегиядан Нью-Йоркқа жол жүрді. 1926 жылдан бастап маңызды шығармалар жазбаған – себебі шығармашылық дағдарысты басынан өткізді. Бұл дағдарыс 10 жылға созылды. 1926—1927 жылдары жаңа шығармалары пайда болды: Төртінші концерт және үш орыс әні. Шет елде өмір сүрген кезінде (1918—1943 жж.). Рахманинов 6 шығарма жазды, олар орыс және әлем музыкасының шыңына жатады.

1930 жылдан 1940 жылға дейін Швейцарияда, Люцерн тңірегіндегі Хертенштейн ауылында Веггис коммунасында өмір сүрді. Люцерн фестивальінде концерттер қойды. Рахманинов өмірінің соңғы жылдарын қатерлі ауруға шалдығумен өткізді (меланома). Бірақ соған қарамастан ол өзінің концерттік қызметін жалғастырды. Тек өліміне жақын қалғанда қызметін тоқтатты. Кейбір ақпараттар бойынша Рахманинов кеңес елшілігіне кірді, сол себепті отанына қайтқысы келді. Немересі Александрдың естеліктері бойынша, Рахманинов «Ресейді, өзінің Отанын қатты жақсы көретін, бірақ кеңес құрылысы мен оның басшыларын жек көретін».

Рахманинов 1943 жылдың 28 наурызында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Беверли-Хиллз қаласында, өзінің 70-ші туған күніне дейін жете алмай өмірден озды. Кенсико зиратында жерленді.

Қызықты фактілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• 1957 жылғы «Where Are You?» атты американдық Фрэнк Синатр әншісінің альбомынан орын тапқан «I Think of You» (Jack Elliott, Don Marcotte) өлеңінің әуені, основана на лирической теме из № 2 До минор Op. 18, I. Moderato Сергея Рахманиновтың оркестрлік фортепиано концертінің лирикалық тақырыбының (E flat major) негізінде дүниеге келген.

• 1975 жылы пайда болған, Селин Дионның орындауында әйгілі болған «All by Myself» атты өлеңнің әуенін оның авторы американдық музыкант Эрик Кармен Рахманиновтың № 2 оркестрлік фортепиано концертінен алған. Ең алдымен Кармен бұл шығарма қоғамдық қол жетімділікке ие деп ойлап, оның жеке авторы бар екенін тек пластинкасының ресми түрде шыққанынан соң білді. Сол себепті ол Рахманиновтың ұрпақтарымен барлық заңға қатысты мәселелерді шешіп, Сергей Рахманиновтың атын өлеңнің ресми авторы ретінде белгілеуіне тура келді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• Алексеев А. Д. Сергей Рахманинов. Жизнь и творческая деятельность — М.: Музгиз, 1954.

• Асафьев Б. В. С. В. Рахманинов, [М.], 1945.

• Воспоминания о Рахманинове / Сост. 3. Апетян. — Т. 1, 2. — 5-е изд., М.: Музыка, 1988.

• Давтян Л. Чеховский камертон в судьбе Рахманинова. — Иные берега. — 2008. — № 3(11).

• С. В. Рахманинов. Сб. статей и материалов, М. — Л., 1947.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақша энциклопедия 7 том