Дэн Браун
Дэн Браун | |
Daniel Brown | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Эксетер, |
Азаматтығы | |
Мансабы | |
Шығармашылық жылдары |
1998 жылдан бастап |
Жанры | |
Шығармалардың тілі | |
Дебюті |
«Цифрлық қамал» (ағылш. Digital Fortress) |
Қолтаңбасы | |
Веб-сайты www.danbrown.com | |
Ортаққордағы санаты: Дэн Браун |
Дэн Бра́ун (ағылш. Dan Brown) — американдық жазушы, журналист, музыкант. Оның қаламынан «Да Винчи коды» және «Періштелер мен әзәзілдер» секілді жасырын қауымдастықтар, бейнемелелер мен қастандық жайлы баяндайтын танымал туындылар шықты. Жазушының «Цифрлық қамал» романы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі агенттігінің жұмысына арналды.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дэн Браун 1964 жылдың 22 маусымында Нью-Гэмпшир штатында (АҚШ) математика профессоры Ричарда Браунмен мен музыкант Констанция Браунның отбасында дүниеге келді.
Браун әкесі математикадан дәріс берген Эксетердегі Филлипс академиясын аяқтады. Ричард Браун 1982 жылы зейнеткерлікке шыққанына дейін оқу құралдары мен оқулықтар жазған. Ал Констанция шіркеуде органшы қызметін атқарған. Академияны аяқтағаннан соң Браун Амхерст колледжіне оқуға түсіп, мұнда Psi Upsilon студенттік бірлестігінің белсенді мүшесі болады. Браун 1986 жылы оқуын аяқтап, соңғы жылын Испаниядағы Севиль университетінде өнер тарихын зерттей өткізеді. Колледждегі оқуын аяқтап, Дэн Браун мамандығы ретінде музыкант, орындаушы және әндер авторы мансабын таңдауды ұйғарады. Браун өзінің жазбалары бар бірқатар дисктер шығарады. 1991 жылы ол Голливудқа көшіп, Беверли Хиллз бастауыш мектебінде сабақ берумен күн көреді.
1993 жылы Дэн Браун отбасымен бірге Нью-Гэмпширге оралып, бұрын өзі оқыған Филлипс академиясында ағылшын тілін үйретеді, ал кейін Линкольн Акерман атындағы мектепте испан тілінен дәріс береді.
Блайт Браун, Дэнның жұбайы — суретші әрі өнертанушы. Блайт жұбайын барлық сапарлары мен зерттеу саяхаттарына еріп, Дэнның ғылыми зерттеулерін қолдайды. 1995 жылы жұбайлар бірлесе отырып, ер адам мен әйел адамдар арасындағы қарым-қатынастар жайында бестселлерді жарыққа шығарады.
1998 жылы философия, дін тарихы, криптография мен жасырын қауымдастықтарына деген қызығушылығы жоғары Дэн өзінің алғашқы роман-триллеры «Цифрлық қамалды» жазды. Роман ұлттық қауіпсіздік пен азаматтық бостандық жайлы пайымдап, ұлттық қауіпсіздігі агенттігінің жұмысын баяндайды. Браунның келесі бір туындылары триллер, интеллектуалдық детектив пен фантастика жанрлары түйіскен жерінде пайда бола бастады. 2000 жылы «Періштелер мен әзәзілдер» детективі жазылды. Ал 2001 жылы саясаттағы адамгершілік аспектілері мен оның ұлттық қауіпсіздікке әсерін баяндайтын «Жалғандық нүктесі» триллері жарық көрді.
2003 жылы «Періштелер мен әзәзілдердегі» профессор Роберт Лэнгдонның басынан өткен шыиырман оқиғалары «Да Винчи кодында» жалғасын табады. «Да Винчи коды» сатылымдардың бірінші аптасында «The New York Times» газетінің нұсқасы бойынша Нью-Йорк бестселлерлерінің тізімінде 1-ші орынды иеленіп, «The Wall Street Journal», «San Francisco Chronicle» тізімдерінде де жоғары позицияларға ие болды. 2006 жылдың мамырында «Да Винчи коды» романы бойынша фильм түсіріліп, 2009 жылы «Періштелер мен әзәзілдер» көркем фильмы да шықты.
2009 жылы Роберт Лэнгдон жайлы үшінші роман «Жоғалған белгі» («The Lost Symbol») жазылып, оқырмандар көңілінен шықты. 2013 жылдың мамырында осы серияның төртінші бөлімі «Инферно» да шықты. Жазушы журналистикамен де шұғылданып, «Newsweek», «Time», «Forbes», «People», «GQ», «The New Yorker» журналдарында ұдайы түрде мақалаларын жариялайды, танымал радио- және телебағдарламаларға қатысады.
Жалған түсінік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Браунның туындыларында шынайы фактілерден шегіністер көптеп кездеседі. Мысалы, «Періштелер мен әзәзілдерде» Коперник Рим-католик шіркеуінде отқа жағылған деп айтылса, негізінде Коперник ұзақ ғұмыр кешіп, қартайған шағында қайтыс болған. Дәл осы кітапта Рафаэль Урбинода жерленгені пайымдалғаннан кейін, оның Пантеондағы бейітіне “Браунның жазғаны жалған, Рафаэльдың мәйіті Римде жерленген” деген сөздермен тақтай ілінді. Сонымен қатар жазушы кітабында Галилей иллюминаттар қоғамы мүшесі болған делінсе, шын мәнінде бұл қауымдастықтың Галилейдің өлімінен 100 жылдан соң негізі қаланған.
Библиография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Цифрлық қамал (ағылш. Digital Fortress, 1998)
- Періштелер мен әзәзілдер (ағылш. Angels & Demons, 2000)
- Жалғандық нүктесі (ағылш. Deception Point, 2001)
- Да Винчи коды (ағылш. The Da Vinci Code, 2003)
- Жоғалған белгі (ағылш. The Lost Symbol, 2009)
- Инферно (ағылш. Inferno, 2013)
Экранизациялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- орыс тілінде
- Бачинин В. А. Бульварное религиоведение Дэна Брауна. — 2007. — № 4. — б. 152—156. — ISSN 2072-8662.
- басқа тілдерде
- Эбанис, Ричард The Truth Behind the Da Vinci Code — Harvest House, 2004. — 96 p.