Автор
Автор (лат. auctor — жасаушы, шығарушы) — көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған т.б.) немесе соған қатысқан адам не ұжым (мекеме, ұйым).[1]
Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор өнер туындысын жасаушы; қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара, көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға. Автор санаты шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талданады. Әлемдік өнертануда автор санаты туралы ортақ тұжырымның жоқ екенін де ескерту қажет.
XIX ғасырда француз ақыны Стефан Малларме басталған («жазу деген жеке тұлға ретіндегі даралыққа қатысы жоқ әрекет») шығармашылық процестегі жеке «менің», автордың дербес тұлға екенін мойындамайтын, терістейтін идея қазіргі структурализм, семитика мектептеріндегі негізгі принциптердің бірі.
Көркемдік жүйе түзуші бірегей қабілет, ерік иесі автор шығармашылық процеске қатыстылығы байырғы мифтерден, фольклор туындыларынан да бажалайнады. Алайда ежелгі мәдениеттер кеңістігінде автор тұлғасының дара шығармашылық сипатынан гөрі, медиаторлық белгісі басым еді. Гегельдің айтуынша, мифология - өнердің, қайнар көзі, бірден-бір қойнауы болған көне дәуірде автор үшін дара өмірлік материалды, оны көркемдік тұрғыда қайта қорытудың дара тәсіл, құралдарын іздеудің, мүмкіндігін де, қажеттілігі де болмаған. Яғни, автор тіршілікті, әлем сырын мифтік канондар бойынша жырлайтын абыз-медиум, дәнекерші-түсіндірмеші рөлін орындаған.
Иелес автор
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иелес автор — басқа адаммен (адамдармен) немесе (ұйыммен) ұйымдармен бірігіп шығарма тудырған адам немесе ұйым.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ телевизиясы. Энциоклопедия. – Алматы: Қазақпарат, 2009, 1-T. ISBN 978-601-03-0070-5.
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |