Бремен (жер)
Федералды жер | |||||
Бремен | |||||
Freie Hansestadt Bremen | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Премьер-министр | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Жер аумағы |
404,28 км² | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
660 180[1] адам | ||||
Тығыздығы |
1499,40 адам/км² | ||||
Ерікті ганзейлік қала Бре́мен (нем. Freie Hansestadt Bremen) — Германияның ең кіші жері, орталарын Төменгі Саксония бөліп жатқан, бір-бірінен 60 шақырым жерде орналасқан Бремен және Бремерхафен қалаларынан тұрады. Германияның солтүстік-батысында, Везер өзеніндегі ірі кемежай. Бремен жері территориясының автобандарында 130 км/сағ аса жылдамдықпен қозғалуға болмайды, солай Бремен Германияның автобандарында қозғалысқа тежеу бар жалғыз федералдық жер.
Ерікті ганзейлік қала Бре́мен Бавариямен қатар неміс жеріндегі ең көне мемлекеттік жасалу болып табылады, Сан-Маринодан кейін "жас" бойынша, қазіргі қалалық республикалар арасында екінші орында. Тарихи тұрғыдан Бремен Бремерхафеннан көптеген ғасырларға көне. 787 жылы епископ резиденциясы болып қаланған Бремен, нарықтық жеңілдіктер арқылы құлпырды. 11 ғасырда "солтүстік Рим" болып саналған. 1358 жылы Бремен Ганзейлік одаққа енеді, ол одақ 16 ғасырға дейін Еуропаның солтүстік жане шығысында саудада доманантты роль атқарады.
Назар аударарлық орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Базар алаңында готикалық собор Санкт-Петри және шарап сақтайтын погребы бар Өркендеу дәуіріне жататын керемет ратуша орналасқан. Оның алдында Роланд статуясы 1404 ж., қаланың еркіндік символы, жанында басқа символ - Бремен музыканттарына арналған ескерткіш, Гримм ағайындыларының ертегісінен жануарлар фигуралары. Ратуша ғимараты және Роланд статуясы ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енгізілген. Базар алаңына 1924-1931 жылдары көпес Людвиг Розелиус салған дүкен және мұражайлар көшесі болып саналатын, Бётхерштрассе көшесі шығады. Бремендік бюргерлігінің кірпіштік монументі бар.
Ақпанның әр екінші жұмасында кеме иелері және кеме капитандары ежелгі дәстүр бойынша, Германияның танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлерін бремен ратушасына қонақасқа шақырады. Дәстүрдің ежелгі аты - Шаффермальцайт нем. шаффер — провиантмейстер, «мальцайт» — қонақасы).
Туристерге: қаланың тарихи орталығы (ежелгі қала нем. Altstadt), Рододендрон-парк, «Универсум» (Universum) ғылыми ордасы, жағалау, өзенге сапар.
Экономика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Танымал кәсіпорындары: кемежай, "Даймлер" концерні зауыты (Мерседес-Бенц), сыра қайнататын зауыт «Beck's», гидроакустикалық система, соннар, эхолот т.б. жасайтын зауыт «Atlas Electronics», логистикалық компания «Beluga Shipping», «Kraft Foods Inc.» концернінің зауыты, «Airbus» бөлімшесі, космостық системалар жасайтын «OHB» фирмасы.
Саясат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бремен - Үкіметке қатысқан, парламентте Германия Социал-демократтар партиясы ең ірі және мықты партия болған жалғыз батысгермандық Жер.
Білім
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бремендік университет Бремендегі ең ірі университет болып табылады. Одан басқа Бременде Өнер Университеті, Қолданбалы ғылымдар университеті және Германиядағы басты жеке университет - Jacobs University Bremen бар.
Бремерхафенде Альфред Вегенер атындағы Полярлық және теңіздік зерттеулер институты орналасқан. Институт мұхиттар, мұздар жыне атмосфераны физикалық және химикалық тұрғыдан, планктон экологиясын, мұхит биологиясын зерттейді.
Транспорт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалалық транспорт: автобус, трамвай, городская скоростная железная дорога.
Бремен халықаралық әуежай : пассажиропоток за 2006 г. — 1 697 881 чел.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Население земли Бремен
- ↑ a b https://www.statistik.bremen.de/sixcms/media.php/13/AI3_2008.pdf Мұрағатталған 14 желтоқсанның 2010 жылы. Статистика. Бремен