Сан-Марино

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 43°56′08″ с. е. 12°27′39″ ш. б. / 43.93556° с. е. 12.46083° ш. б. / 43.93556; 12.46083 (G) (O) (Я)
Сан-Марино Мәртебелі Республикасы
итал. Serenissima Repubblica di San Marino
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Libertas»
Әнұран: «Inno Nazionale» (тыңдау )
Тарихы
Құрылды 3 қыркүйек 301 жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі Италиян тілі
Елорда Сан-Марино
Ірі қаласы Серравалле
Үкімет түрі Парламенттік республика
Капитан-регенттер Лука Боски
Мариэлла Муларони
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 192-ші орын
61,2 км²
0
Жұрты
• Сарап (2018)
Тығыздығы

33 344 адам (215-ші)
520 адам/км² (23-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

2,09 млрд.[1] $ (175-ші)
60,651[1] $ (11-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

1,55 млрд.[1] $ (174-ші)
44,947[1] $ (13-ші)
АДИ (2013) 0,875 [2] (өте жоғары) (26-шы)
Валютасы Еуро
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .sm
ISO коды SM
ХОК коды SMR
Телефон коды +378 0549
Уақыт белдеулері +1, +2

Сан-Марино (итал. San Marino), ресми атауы — Сан-Марино Мәртебелі Республикасы (итал. Serenissima Repubblica di San Marino) — Eуропада Италияда орналысқан ел.

Италия аумағымен қоршалған. Жер аумағы 61 км². Халқы 519,9 мың адам (2018). Тұрғындары: сан-маринолықтар (80%) мен италиялықтар (18%). Басым көпшілігі католик дінін ұстанады. Астанасы — Сан-Марино қ. Әкімш. жағынан 6 округке бөлінеді. Ресми тілі — италия тілі. Мемлекет билігі әрбір 6 айда капитан-регенттері тағайындалатын 2 депутатқа жүктеледі. Мемл. жоғ. атқарушы органы — бір палаталы Үлкен бас кеңес. Ақша бірлігі — италия лирі. Сан-Марино Титано тауында орналасқан (ең биік нүктесі 749). Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы 0 — 12°С, шілдеде 20 — 28°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 800 — 900 мм. Сан-Мариноның негізі 301 ж. қаланды деп саналады. Аңыз бойынша Сан-Мариноны далмац. тас қалаушы Марино қалаған, кейіннен ол “қасиеттілер” қатарына жатқызылған (“сан” деген қосымша осыдан шыққан). 11 — 13 ғ-ларда Сан-Марино аумағы сатып алынған көрші жерлер есебінен кеңейтілді. 1600 ж. конституциясы қабылданды. 1631 ж. Рим папасы ресми түрде мемлекет ретінде мойындады. Біртұтас Италия мемлекеті құрылғаннан (1861) кейін, Сан-Марино онымен достық, көршілік қатынас туралы шарт (1872, 1897 және 1953 ж.) жасасты. Шарт бойынша Сан-Марино Италия протекторатын мойындады. Италияда фашистердің өкімет басына келуіне байланысты (1922) республикада фаш. элементтер жандана бастады. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Сан-Марино бейтараптық жариялады. 1944 ж. 4 қыркүйекте Сан-Марино аумағын фаш. неміс әскерлерлері басып алды. 1944 ж. қыркүйектің аяғында оларды ағылшын-америка әскері қуып шықты. 1966 жылдың аяғында елдегі демокр. күштердің қысымымен қазіргі сайлау жүйесі қалыптасты. Сан-Марино экономикасының негізгі саласы туризм ұлттық табыстың 60%-ын береді. Мата тоқу, цемент, қағаз, былғары, металл өңдеу, химия, мебель, керамика кәсіпорындары бар. Экспортқа — вино, сувенир, машина бұйымдарын шығарып, сырттан өндіріс шикізатын, отын ресурстарын алады. Негізгі сауда серіктесі: Италия.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d San Marino. Imf.org.
  2. Filling Gaps in the Human Development Index Мұрағатталған 5 қазанның 2011 жылы., United Nations ESCAP, February 2009
  3. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том