Жақсы ауданы
Қазақстан ауданы | |
Жақсы ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
14 |
Ауыл саны |
25 |
Әкімі |
Алмагүл Аманжолқызы Қадыралина |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Жақсы ауылы, Дружба көшесі, №3 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
51°59′ с. е. 67°17′ ш. б. / 51.983° с. е. 67.283° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°59′ с. е. 67°17′ ш. б. / 51.983° с. е. 67.283° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1955 |
Жер аумағы |
9 692,64 км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
16 095[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (46,74%), орыстар (24,07%), украиндар (13,72%), немістер (4,55%), беларустар (2,39%), татарлар (2,24%), мордвалар (1,77%), ингуштар (0,72%), молдовандар (0,66%), башқұрттар (0,65%), әзербайжандар (0,57%), басқалары (1,92%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
(71635) |
Пошта индексі |
021200-021231[3] |
Автомобиль коды |
03 |
Жақсы ауданы – Ақмола облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1955 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған, әкімшілік шекара ретінде 1957 жылы құрылды. Аудан орталығы – Жақсы ауылы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан солтүстігінде СҚО-ның Ғабит Мүсірепов ауданымен, шығысында Сандықтау, Атбасар, батысында Есіл, Жарқайың аудандарымен шектеседі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1955 жылы 22 қазанда Есіл ауданының ықшамдалуынан Қима ауданы болып құрылды. Орталығы Қима ауылы болып, құрамына Есіл, Жақсы, Жирен, Запорожье, Киров, Қима, Новоярослав, Талсай, Шұрымсай ауылдық кеңестері енді. 1957 жылы аудан орталығы Жақсы ауылына көшірілді. 1963 жылдың 2 қаңтарында ауданға қазіргі атауы берілді. 1970-1988 және 1990-1997 жылдары Жақсы ауданы Торғай облысының құрамына кірді. Сонымен бірге 1970-1997 жылдары ауданның оңтүстік бөлігінде Қима ауданы болды.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жақсы ауданы дала белдемінде орналасқан. Ауданның солтүстік жартысын абсолюттік биіктігі 300 — 400 м ұсақ шоқылы — жонды таулар мен Көкшетау қыратының оңтүстік-батыс бөлігі алып жатыр. Оңтүстік жағын жонды-белесті келген, абсолюттік биіктігі 250 — 300 м болатын Атбасар жазығының батыс бөлігі қамтыған.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты континенттік, қысы суық, қары аз (20 см), жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардағы орташа температура –17 — 18°С, шілдеде 19 — 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 350 мм. Аудан жері арқылы Есіл, Терісаққан, Аққайрақты, Жаман Қайрақты, Құмай өзендері ағып өтеді. Ең үлкен көлі — Қалмақкөл. Солтүстігінде карбонатты қара, оңтүстігінде карбонатты қызыл қоңыр топырақ, өзен жайылмаларында шалғындық топырақ тараған. 1954—56 жылдары аудан жерінің көпшілік бөлігі жыртылды. Жыртылмай қалған жерлерінде жусан аралас селеулі, бетегелі-селеулі далалық өсімдіктер, Есіл аңғарында бұта аралас шалғын өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, суыр, қарабауыр, күзен, сарышұнақ, қосаяқ, дала белдеміне тән құстар (бозторғай, қаратамақ, т.б.) мекендейді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1959 | 1970 | 1979 | 1989[4] | 1999 | 2009[5] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|
19497 | ▲37403 | ▼18755 | ▲20542 | ▲30808 | ▼21107 | ▼16451 |
Тұрғындар саны: 19 088 адам (2019).
- Ұлттық құрамы: қазақтар (47,32%), орыстар (23,73%), украиндар (13,76%), немістер (4,35%), беларустар (2,45%), татарлар (2,16%), мордвалар (1,75%), башқұрттар (0,71%), ингуштар (0,70%), молдовандар (0,73%), әзербайжандар (0,51%), удмурттар (0,50%), армяндар (0,05%), марилер (0,02%), басқалары (1,26%).
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]25 елді мекен 2 ауылдық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Белағаш ауылдық округі | 1149 | ▼869 | 75,6 | 582 | ▼435 | 74,7 | 567 | ▼434 | 76,5 |
Беловод ауылдық округі | 1524 | ▼1043 | 68,4 | 751 | ▼522 | 69,5 | 773 | ▼521 | 67,4 |
Есіл ауылдық округі | 1579 | ▼1157 | 73,3 | 784 | ▼562 | 71,7 | 795 | ▼595 | 74,8 |
Жақсы ауылдық округі | 5097 | ▼4626 | 90,8 | 2414 | ▼2313 | 95,8 | 2683 | ▼2313 | 86,2 |
Жаңақима ауылдық округі | 3282 | ▼2389 | 72,8 | 1662 | ▼1248 | 75,1 | 1620 | ▼1141 | 70,4 |
Запорожье ауылдық округі | 2719 | ▼2365 | 87 | 1350 | ▼1167 | 86,4 | 1369 | ▼1198 | 87,5 |
Калинин ауылдық округі | 906 | ▼566 | 62,5 | 457 | ▼292 | 63,9 | 449 | ▼274 | 61 |
Киев ауылдық округі | 734 | ▼629 | 85,7 | 351 | ▼312 | 88,9 | 383 | ▼317 | 82,8 |
Қызылсай ауылдық округі | 845 | ▼528 | 62,5 | 433 | ▼284 | 65,6 | 412 | ▼244 | 59,2 |
Новокиенка ауылдық әкімдігі | 860 | ▼615 | 71,5 | 427 | ▼312 | 73,1 | 433 | ▼303 | 70 |
Подгорное ауылдық округі | 789 | ▼709 | 89,9 | 381 | ▼341 | 89,5 | 408 | ▼368 | 90,2 |
Тарасов ауылдық округі | 587 | ▼425 | 72,4 | 292 | ▼209 | 71,6 | 295 | ▼216 | 73,2 |
Терісаққан ауылдық әкімдігі | 510 | ▼304 | 59,6 | 253 | ▼161 | 63,6 | 257 | ▼143 | 55,6 |
Чапаев ауылдық округі | 526 | ▼226 | 43 | 257 | ▼123 | 47,9 | 269 | ▼103 | 38,3 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 21107 | ▼16451 | 77,9 | 10394 | ▼8281 | 79,7 | 10713 | ▼8170 | 76,3 |
Ірі елді мекендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекен | Халқы (2021) |
---|---|
Жақсы | ▼4626 |
Запорожье | ▼1749 |
Қима | ▼1174 |
Жаңақима | ▼1099 |
Ишимское | ▼995 |
Белағаш | ▼869 |
Подгорное | ▼709 |
Киевское | ▼629 |
Лозовое | ▼616 |
Новокиенка | ▼615 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Қазақстан почталық индекстері
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
|
|