Біржан сал ауданы
Қазақстан ауданы | |||
Біржан сал ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
14 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
1 | ||
Ауыл саны |
34 | ||
Қала саны |
1 | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, №23 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
52°49′50″ с. е. 70°53′48″ ш. б. / 52.83056° с. е. 70.89667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°49′50″ с. е. 70°53′48″ ш. б. / 52.83056° с. е. 70.89667° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1928 | ||
Жер аумағы |
11,4 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
13 229[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (63,5%), орыстар (25,07%), немістер (2,41%), татарлар (1,82%), украиндар (1,73%), беларустар (1,61%), марийлер (0,84%), басқалары (3,02%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
020700-020710[3] | ||
Автомобиль коды |
03 | ||
Біржан сал ауданы (бұрынғы Еңбекшілдер ауданы)[4][5] — Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Степняк қаласы.
Географиялық орны, жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан солтүстігінде СҚО-ның Тайынша, Ақжар, Уәлиханов аудандарымен, шығысында Ерейментау ауданымен, батысында Бұланды, Бурабай аудандарымен, оңтүстігінде Ақкөл ауданымен және Степногорск қаласына қарасты аумақпен шектеседі.
Біржан сал ауданының жері Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан Сілеті жазығының орталығы бөлігінде, орманды-дала және дала белдемдерінде орналасқан. Жерінің беті негізінен ұсақ шоқылары бар (абсолют биіктігі 250 метрге дейін) жазық болып келеді. Шоқылардың ең ірісі – ауданның оңтүстік-шығысындағы Арқалық тауы. Кен байлықтарынан: темір, түсті металл кентастары, оның ішінде: алтын, құрылыс материалдары (әктас, құм және кірпіш сазы) кездеседі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда Қызылжар округі құрамында құрылды. Орталығы Казгородок ауылы (қазіргі Үлгі ауылы) болды.
1928 жылдың 10 мамырынан 1930 жылдың 17 желтоқсанына дейін Петропавл округінің құрамында болды.
1932-1936 жылдары аудан Қарағанды облысының құрамында болды
1936 жылғы 29 шілдеден 1939 жылғы 14 қазанға дейін - Солтүстік Қазақстан облысына бағынған.
1939 жылғы 14 қазаннан 1944 жылғы 15 наурызға дейін - Ақмола облысының құрамында болды.
1944 жылғы 15 наурыздан бастап Көкшетау облысының құрамына енді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен 1955 жылы 3 маусымда аудан орталығы Степняк қаласына көшіріліп, Степняк қаласы облыстық бағыныстағы қалалар санатынан аудандық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылды.
Ауданның қарқынды дамуы тың игерумен тұс келді. 1960 жылдың желтоқсанынан 1965 жылдың қазанына дейін 5 жыл бойы Еңбекшілдер ауданы теріскейдегі барлық аудан-облыстармен қатар Тың өлкесінің құрамында болды. Өлке орталығы 1961 жылы Целиноград болып өзгертілген Ақмола қаласы болды. 1963 жылдың 2 қаңтарынан 1964 жылдың 30 желтоқсанына дейін Еңбекшілдер ауылдық ауданы деп аталды. Тың өлкесінің 1965 жылы таратылуымен, 1964 жылдың 30 желтоқсанынан Көкшетау облысының әкімшілік бағынысында болды.
1997 жылы мамырда Еңбекшілдер ауданы Солтүстік Қазақстан облысына қосылады. Уәлиханов ауданының кейбір елді мекендерінің қосылуымен аудан аумағы ұлғаяды. Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына ауысуына байланысты 1999 жылы 8 сәуірде Еңбекшілдер ауданы Ақмола облысының құрамына енді.[6]
2017 жылғы 13 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Еңбекшілдер ауданы қазақтың ақыны, сазгер Біржан сал Қожағұлұлының құрметіне Біржан сал ауданы болып өзгертілді[7].
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданның климаты тым континенттік, қысы суық және ұзақ, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 19 – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шығысында 250 – 300 мм, батысында 300 – 350 мм. Жер бетінің сулары жазда жеке қарасуларға бөлініп қалады, сирек кездесетін өзендер мен көптеген ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Өзендерінің біршама ірілері: Жөкей мен Қотыркөл көлдерін қосатын Саға, Мамай және Атансор көліне құятын Тәттімбет пен Атан. Ірі көлдері: Жөкей, Шошқалы, Итемген, Кіндікті, Сасыққопа (тұщы сулы), Тасшалқар, Қарасор, Қотыркөл, Мамай, Атансор, Майлысор, Жамбайсор, Көксор. Аудан жерінде негізінен саздақ қара топырақ, кейбір жерлерінде сортаң қара топырақ қалыптасқан. Дала белдемінде селеу, жауқияқ, жусан аралас өскен бетеге, т.б. шөптесін өсімдіктер орманды жерлерінде қайың, терек, тал, ал батыс жағында қылқан жапырақты ағаш өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қосаяқ, суыр, тараққұйрық, дала тышқандары, бұлан, елік; құстардан қаз, аққу, үйрек, шағала, көл жағалай қызғыш, тауқұдірет, дуадақ, бүркіт, кезқұйрық, сауысқан т.б. кездеседі.
Ауыл шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің жалпы аумағы 1,1 млн. га. Оның ішінде жыртылған жері 141,2 мың га, 1,7 мың га шабындық, 121,3 мың га жайылым, 150,3 мың га тың жер бар. Заозёрный – Ерейментау темір жол және Степняк – Щучинск – Макинск автомобиль жолдары бар.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[8] | 1999 | 2009[9] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
15683 | ▲39388 | ▲39442 | ▼35926 | ▼29294 | ▼25599 | ▼17930 | ▼13613 |
Тұрғындар саны: 14 360 адам (2019).
- Ұлттық құрамы: қазақтар (63,99%), орыстар (24,74%), украиндар (1,89%), немістер (2,29%), беларустар (1,69%), татарлар (1,80%), поляктар (0,20%), башқұрттар (0,23%), ингуштар (0,43%), басқалары (2,74%).
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]35 елді мекен 5 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақсу ауылдық әкімдігі | 386 | ▼139 | 36 | 198 | ▼76 | 38,4 | 188 | ▼63 | 33,5 |
Аңғал батыр ауылдық округі | 933 | ▼566 | 60,7 | 474 | ▼295 | 62,2 | 459 | ▼271 | 59 |
Баймырза ауылдық округі | 698 | ▼417 | 59,7 | 350 | ▼214 | 61,1 | 348 | ▼203 | 58,3 |
Бірсуат ауылдық округі | 868 | ▼644 | 74,2 | 434 | ▼333 | 76,7 | 434 | ▼311 | 71,7 |
Донской ауылдық округі | 1431 | ▼1166 | 81,5 | 757 | ▼577 | 76,2 | 674 | ▼589 | 87,4 |
Еңбекшілдер ауылдық округі | 1153 | ▼728 | 63,1 | 594 | ▼374 | 63 | 559 | ▼354 | 63,3 |
Заозёрный ауылдық әкімдігі | 436 | ▼267 | 61,2 | 220 | ▼131 | 59,5 | 216 | ▼136 | 63 |
Заурал ауылдық округі | 988 | ▼724 | 73,3 | 485 | ▼347 | 71,5 | 503 | ▼377 | 75 |
Кеңащы ауылдық әкімдігі | 386 | ▼302 | 78,2 | 205 | ▼165 | 80,5 | 181 | ▼137 | 75,7 |
Краснофлот ауылдық әкімдігі | 389 | ▼210 | 54 | 183 | ▼115 | 62,8 | 206 | ▼95 | 46,1 |
Макинка ауылдық округі | 3141 | ▼2163 | 68,9 | 1558 | ▼1103 | 70,8 | 1583 | ▼1060 | 67 |
Мамай ауылдық әкімдігі | 342 | ▼248 | 72,5 | 185 | ▼138 | 74,6 | 157 | ▼110 | 70,1 |
Степняк қалалық әкімдігі | 4413 | ▼4304 | 97,5 | 2114 | ▼2054 | 97,2 | 2299 | ▼2250 | 97,9 |
Уәлиханов ауылдық округі | 491 | ▼359 | 73,1 | 257 | ▼189 | 73,5 | 234 | ▼170 | 72,6 |
Үлгі ауылдық округі | 1875 | ▼1376 | 73,4 | 920 | ▼695 | 75,5 | 955 | ▼681 | 71,3 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 17930 | ▼13613 | 75,9 | 8934 | ▼6806 | 76,2 | 8996 | ▼6807 | 75,7 |
Ірі елді мекендері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елді мекен | Халқы (2021) |
---|---|
Степняк | ▼ 4212 |
Макинка | ▼ 1233 |
Үлгі | ▼ 837 |
Андықожа батыр | ▼ 728 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ Қазақстан почталық индекстері
- ↑ ەڭبەكشىلدەر اۋدانىنا ءبىرجان سال اتى بەرىلدى
- ↑ Назарбаев Ақмола облысындағы аудан атауын өзгертті(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Аудан тарихы
- ↑ Назарбаев переименовал район в Акмолинской области. Tengrinews (14 желтоқсан 2017).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 15 желтоқсан 2017.
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
|
|