Джон Локк
Джон Локк | |
ағылш. John Locke | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Шығармашылығы | |
Мектеп/дәстүр | |
Бағыты |
ағылшын философиясы |
Кезең |
XVII ғасыр философиясы |
Негізгі қызығушылығы | |
Негізгі пікірі |
Ақ тақта (tabula rasa), биленушілердің рұқсатын алған билік ұғымы, бостандық және меншік құқықтары |
Ықпал еткендер |
Платон, Аристотель, Фома Аквинский, Рене Декарт, Томас Гоббс |
Ықпалды жалғастырушылар |
Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 жыл – 28 қазан 1704 жыл) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.
Биографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 29 тамыз 1632 жылы Англияның батысындағы Рингтон қаласында адвокаттың отбасында туған. 1646 жылы Вестминстер мектебіне қабылданды. 1652 жылы мектепті үздік бітірген Локк Оксфорд университетіне түсіп, 1656 жылы бакалавр дәрежесіне, ал 1658 жылы — магистр дәрежесіне еге болады.
- 1667 жылы лорд Энтони Эшли Купердің (граф Шефтсбери) отбасылық дәрігер және оның ұлының тәрбиешісі болып қызметке тұрады. Осы жылдардан бастап Локктың саяси өмірге қызығушылығы пайда болып, "Толеранттық туралы хат" (A Letter Concerning Toleration), тағы басқа жазба жұмыстарын бастайды. Граф Шефтсберидің тапсырмасы бойынша Локк Солтүстік Американың Каролина провинциясының ата заңының конституциясының "Каролинаның фундаменталды конституциясы" (Fundamental Constitutions of Carolina) жазылуына қатысқан.[1]
- 1668 жылы Локк Корольдік қоғамының мүшесі болып, 1669 жылы — оның кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Локктың ең бастапқы қызығушылықтары жаратылыстану, медицина, саясат, экономика, педагогика, мемлекет пен шіркеудің қарым-қатынастары, дінге еріктілік мәселесі және ұждан бостандығы болған.
- 1671 жылы Локк "Адам түсінуі туралы эссе" (An Essay Concerning Human Understanding) атты еңбегін жаза бастайды. 1672 - 1679 жылдары Локк Англияның мемлекеттік мекемелерінде түрлі лауазымды қызметтерін атқарады. Дегенмен Локктың карьерасы граф Шефтсберидің қоғамдағы жағдайны тікелей байланысты болады. 1675 жылдан 1679 жылдың ортасына дейін денсаулығының жағдайына байланысты Локк Францияда ем қабылдайды.
- 1683 жылы Локк граф Шефтсберидің ізіме Голландияға эмиграция жасайды. 1688—1689 жылдары Англиядағы Glorious Revolution төнкерісінің нәтижесінде таққа Вильгельм III Оранский отырып, Локк Англияға 1689 жылдың басында қайта оралады.
- 1690-шы жылдары Локк тек қана саяси өміріне араласпай, ғылыми және әдеби жұмыстарымен айналысып, көптеген жұмыстарды осы жылдары жазған.
- Локк 1704 жылдың 28 қазанында 72 жасында қайтыс болды.
Философиялық, педагогикалық және саяси еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі еңбектері: «Оқыту туралы кейбір ойлар», «Адам түсінуі туралы эссе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.
Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.
1688 ж. Англияда мемлекеттік төңкеріс болды. Яков II Стюарт патшаның елден қашуына байланысты оның орнын Вильгельм Оранский иеленді. Ол конституциялық монархияны орнатуға келісім береді. Енді жер мен қаржы ақсүйектерінің арасында келісімшілік орнады. Осы әлеуметтік компромисс идеолога - Джон Локктың Азаматтық билік туралы екінші мақаласында (The Second Treatise of Civil Government) көрініс тапты. Мемлекет пайда болғанша адамдар табиғи жағдайда болған. Яғни, жазған жеке адамдар ешкімге тәуелді болмай, әркім өз еркінше өмір сүрген. Бірақ бұл жағдайда адамдар арасында талас-керісті шешетін ұйымдар болмаған. Бұл жағдай сенімсіздік тудыруға ықпал етті. Жаратылыс заңдарын қамтамасыз ету үшін, еркіндік, теңдік, жеке адамдар меншігін және оны қорғау үшін адамдар саяси бірлесіп мемлекет құрайды. Мемлекет - өздерінің орнатқан ортақ зандары бойынша біріккен және сот инстанциясын орнатқан, өзара керістерді шешу және кінәлілерді жазалау үшін құрылған адамдар бірлестігі. Басқа ұжымдық (отбасы, байлар биліктері) ұйымдардан мемлекет ерекшелігі ол саяси билікті, яғни меншікті сақтап, реттеу мақсатында заңдар шығаруға құқылы, осы заңдарды орындауға күш жүмсай алады, әрі мемлекетті сырттан жасалған шабуылдардан қорғайды. Саяси либерализм негізін қалаушылардың бірі Локк Джон жеке тұлға еркіндігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың теориялық негіздерін қалады. Негізгі шара ретінде билікті бөлу принципі ұсынылды. Локк Джон мемлекеттегі биліктің үш түрін көрсеткен: заң шығарушы, атқарушы және федеративтік.
Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне байланысты биліктің бір қолда шоғырлану қаупінің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау-жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды. Халықтың көтеріліске шығу құқын мойындау саяси тарихты көтерілістермен наразылықтарға толтыру емес еді. Себебі, көтеріліс арқылы халық билікті жаңа адамдар қолына бере алады. Локк Джон ілімінде де халықтың саяси қатысуы шектеулі. Дегенмен, көтеріліске шығу, наразылық білдіруді халықтың саяси белсенділігінің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда саяси жүйенің сипатын, басқару түрін өзгерту Локк Джон халықтың қолында екендігін негіздеген деп қорытындылауымызға болады. Оның ілімінің негізі - меншікті қорғау. Т. Гоббс бойынша мемлекетке жеке адам өзінің бар жаратылыс құқықтарын толығымен беретін болса, ал Локк Джон бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі.[2]
Ең маңызды шығармалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Толеранттық туралы хат (A Letter Concerning Toleration) (1689).
- Адам түсінуі туралы эссе (Essay Concerning Human Understanding) (1690).
- Азаматтық билік туралы екінші мақала (The Second Treatise of Civil Government) (1690).
- Оқыту туралы кейбір ойлар (Some Thoughts Concerning Education) (1693).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ John Locke
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6