Мазмұнға өту

Арас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Арас
түр. Aras
арм. Արաքս
әз. Araz
парсы: ارس
Сипаттамасы
Ұзындығы 1072 км
Су алабының
ауданы
102000 км²
Су ағысы
Бастауы Бингөль (Мыңкөл) жотасы
 • Биіктігі 300 м
 • Координаттары 39°20′17″ с. е. 41°19′42″ ш. б. / 39.33806° с. е. 41.32833° ш. б. / 39.33806; 41.32833 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы
 • Орналасқан жері Кура
 • Биіктігі -15 м
 • Координаттары 40°01′06″ с. е. 48°27′13″ ш. б. / 40.01833° с. е. 48.45361° ш. б. / 40.01833; 48.45361 (G) (O) (Я)Координаттар: 40°01′06″ с. е. 48°27′13″ ш. б. / 40.01833° с. е. 48.45361° ш. б. / 40.01833; 48.45361 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Түркия, Армения, Иран, Әзірбайжан

Арас (түр. Aras, арм. Արաքս, әз. Araz, парсы: ارس‎) — Кура өзенінің оң жақ саласы, Бингөль (Мыңкөл) жотасының солтүстік беткейлерінен басталады. Түркия, Армения, Иран, Әзірбайжан мемлекеттерінің шекарасын бойлай ағады. Жалпы ұзындығы 1072 км, су жинау алабының ауданы 102000 км². Жоғарғы ағысында тар шатқалмен ағады да, сол жағынан Ахурян өзеніне құяды. Соның нәтижесінде өзен аңғары кеңейіп, Арарат жазығына шығады да, арнасы жайылып, бірнеше тарамдарға бөлшектеніп кетеді. Аракс ыза және қар суларымен толысады. Наурыз — маусым айларында тасиды. Өзен жылына 7,6 км3 (жылд. 241,0 м³/сек) су және 16 млн. т тасынды алып келеді. Басты салалары: Ахурян, Раздан, Арпачай, Котурчай, Қарасу. Өзен кеме қатынасына қолайсыз, төменгі жағында өзен суы егін суаруға пайдаланылады. Өзен бойында (Нахичеван Республикасында) ауданы 14,5 км², көл. 1,35 км3 Аракс атты бөген салынған (1971). Координаттар: 40°01′06″ с. е. 48°27′13″ ш. б. / 40.0184° с. е. 48.4535° ш. б. / 40.0184; 48.4535 (G) (O) (Я)