Анубис

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Анубис (гр. Ἄνουβις) , Инпу (мысырша) — қорқау қасқырдың басымен және адам денелі Ежелгі Мысырлық тәңір. Қайтыс болғандардың о дүниеге жолбасшысы. Ежелгі патшалықтағы некропольдер мен зираттардың саруары , өліктер патшалығындағы билердің бірі, дәрі-дәрмектер мен улардың сақтаушысы. Ежелгі Мысырдың мифиологиясында – Осиристің ұлы . Қасиетті жануарлары – қорқау қасқыр мен ит .

Анубис

Анинизм периодында Анубис қорқау қасқырдың түрінде бейнеленген. XVII ғасырдағы Мысырлық ном астанасы Кинополь, Ежелгі Мысырдың бүкіл тарихи уақытында Анубистің ғұрып пен ғибадат орталығы болатын. Ежелгі патшалық мезетінде Анубис о дүниенің билеушісі болып, Хентиаменти эпитетіне ие болытын. Сонымен қатар, Осиристік ғибадат пайда болуына дейін Анубис Батыстың ең басты тәңірі болатын.

Осирис Цикліндегі Анубис

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Осиристің Циклінде Анубис, Осирис пен Нефтиданың ұлы екен. Сеттің әйелі Нефтида, Осириске ғашық болғандықтан Исиданның келбетімен Осиристі азғырады. Осының арқасында Анубис туылады. Сеттен қорыққан Нефтида, бөбекті тастап кетеді, оны Исида тауып алады. Нәтижесінде, Анубис Исидаға Осиристің бөліктерін іздеуге көмектесіп, жаңғыртылғын Осиристің денесін бальзамдауында қатысады .

Ежелгі әдебиетіндегі Анубис

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Плутархтың “Исида мен Осирис” жұмысындағы берілген түсініктеме бойынша, Сет мен Нефтиданың Анубис атты ұлы болады. Ол Исидамен туылып, тәрбиеленеді. Страбонның атап өтуіне сүйіне отырып, бұл – XVII ғасырдың жоғарғы мысыр номанда қадірленген, мысырдың тәңірі. Вергилий бойынша, Анубис Эней қалқанында бейнеленген. Тәңірдің Римде қадірлі болғандығын Ювенал атап өтеді.

Ит түріндегі Анубис бейнесі .

Байланысқан тәңірліктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Инпут – мыcырлық мифилогия бойынша, Дулаттың тәңірі. Анубистің әйелі деп саналатын .
  • Упуаут – мысырлық мифологиядағы қасқыр бейнесіндегі тәңір. Қайтыс болғандардың Дуатқа дейін жолбасшысы.
  • Исоуес – о дүниенің саруарларының бірі. Үлкен қара ит түрінде бейнеленген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]