Мазмұнға өту

Біржан сал ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Біржан сал деген бетті қараңыз.
Қазақстан ауданы
Біржан сал ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Степняк

Ауылдық округтер саны

14

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

34

Қала саны

1

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, №23

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°49′50″ с. е. 70°53′48″ ш. б. / 52.83056° с. е. 70.89667° ш. б. / 52.83056; 70.89667 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°49′50″ с. е. 70°53′48″ ш. б. / 52.83056° с. е. 70.89667° ш. б. / 52.83056; 70.89667 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

11,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

13 229[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (63,5%), орыстар (25,07%), немістер (2,41%), татарлар (1,82%), украиндар (1,73%), беларустар (1,61%), марийлер (0,84%), басқалары (3,02%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

020700-020710[3]

Автомобиль коды

03

Біржан сал ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Біржан сал ауданы

Облыс картасындағы Біржан сал ауданы

Біржан сал ауданы (бұрынғы Еңбекшілдер ауданы)[4][5]Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Степняк қаласы.

Географиялық орны, жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан солтүстігінде СҚО-ның Тайынша, Ақжар, Уәлиханов аудандарымен, шығысында Ерейментау ауданымен, батысында Бұланды, Бурабай аудандарымен, оңтүстігінде Ақкөл ауданымен және Степногорск қаласына қарасты аумақпен шектеседі.

Біржан сал ауданының жері Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан Сілеті жазығының орталығы бөлігінде, орманды-дала және дала белдемдерінде орналасқан. Жерінің беті негізінен ұсақ шоқылары бар (абсолют биіктігі 250 метрге дейін) жазық болып келеді. Шоқылардың ең ірісі – ауданның оңтүстік-шығысындағы Арқалық тауы. Кен байлықтарынан: темір, түсті металл кентастары, оның ішінде: алтын, құрылыс материалдары (әктас, құм және кірпіш сазы) кездеседі.

Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда Қызылжар округі құрамында құрылды. Орталығы Казгородок ауылы (қазіргі Үлгі ауылы) болды.

1928 жылдың 10 мамырынан 1930 жылдың 17 желтоқсанына дейін Петропавл округінің құрамында болды.

1932-1936 жылдары аудан Қарағанды ​​облысының құрамында болды

1936 жылғы 29 шілдеден 1939 жылғы 14 қазанға дейін - Солтүстік Қазақстан облысына бағынған.

1939 жылғы 14 қазаннан 1944 жылғы 15 наурызға дейін - Ақмола облысының құрамында болды.

1944 жылғы 15 наурыздан бастап Көкшетау облысының құрамына енді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен 1955 жылы 3 маусымда аудан орталығы Степняк қаласына көшіріліп, Степняк қаласы облыстық бағыныстағы қалалар санатынан аудандық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылды.

Ауданның қарқынды дамуы тың игерумен тұс келді. 1960 жылдың желтоқсанынан 1965 жылдың қазанына дейін 5 жыл бойы Еңбекшілдер ауданы теріскейдегі барлық аудан-облыстармен қатар Тың өлкесінің құрамында болды. Өлке орталығы 1961 жылы Целиноград болып өзгертілген  Ақмола қаласы болды. 1963 жылдың 2 қаңтарынан 1964 жылдың 30 желтоқсанына дейін Еңбекшілдер ауылдық ауданы деп аталды. Тың өлкесінің 1965 жылы таратылуымен, 1964 жылдың 30 желтоқсанынан Көкшетау облысының әкімшілік бағынысында болды.

1997 жылы мамырда Еңбекшілдер ауданы Солтүстік Қазақстан облысына қосылады. Уәлиханов ауданының кейбір елді мекендерінің қосылуымен аудан аумағы ұлғаяды. Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына ауысуына байланысты 1999 жылы 8 сәуірде Еңбекшілдер ауданы Ақмола облысының құрамына енді.[6]

2017 жылғы 13 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Еңбекшілдер ауданы қазақтың ақыны, сазгер Біржан сал Қожағұлұлының құрметіне Біржан сал ауданы болып өзгертілді[7].

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданның климаты тым континенттік, қысы суық және ұзақ, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 19 – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шығысында 250 – 300 мм, батысында 300 – 350 мм. Жер бетінің сулары жазда жеке қарасуларға бөлініп қалады, сирек кездесетін өзендер мен көптеген ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Өзендерінің біршама ірілері: Жөкей мен Қотыркөл көлдерін қосатын Саға, Мамай және Атансор көліне құятын Тәттімбет пен Атан. Ірі көлдері: Жөкей, Шошқалы, Итемген, Кіндікті, Сасыққопа (тұщы сулы), Тасшалқар, Қарасор, Қотыркөл, Мамай, Атансор, Майлысор, Жамбайсор, Көксор. Аудан жерінде негізінен саздақ қара топырақ, кейбір жерлерінде сортаң қара топырақ қалыптасқан. Дала белдемінде селеу, жауқияқ, жусан аралас өскен бетеге, т.б. шөптесін өсімдіктер орманды жерлерінде қайың, терек, тал, ал батыс жағында қылқан жапырақты ағаш өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қосаяқ, суыр, тараққұйрық, дала тышқандары, бұлан, елік; құстардан қаз, аққу, үйрек, шағала, көл жағалай қызғыш, тауқұдірет, дуадақ, бүркіт, кезқұйрық, сауысқан т.б. кездеседі.

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің жалпы аумағы 1,1 млн. га. Оның ішінде жыртылған жері 141,2 мың га, 1,7 мың га шабындық, 121,3 мың га жайылым, 150,3 мың га тың жер бар. Заозёрный – Ерейментау темір жол және Степняк – Щучинск – Макинск автомобиль жолдары бар.

1939 1959 1970 1979 1989[8] 1999 2009[9] 2021
 15683 39388 39442 35926 29294 25599 17930 13613

Тұрғындар саны: 14 360 адам (2019).

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

35 елді мекен 5 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[10]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақсу ауылдық әкімдігі 386 139 36 198 76 38,4 188 63 33,5
Аңғал батыр ауылдық округі 933 566 60,7 474 295 62,2 459 271 59
Баймырза ауылдық округі 698 417 59,7 350 214 61,1 348 203 58,3
Бірсуат ауылдық округі 868 644 74,2 434 333 76,7 434 311 71,7
Донской ауылдық округі 1431 1166 81,5 757 577 76,2 674 589 87,4
Еңбекшілдер ауылдық округі 1153 728 63,1 594 374 63 559 354 63,3
Заозёрный ауылдық әкімдігі 436 267 61,2 220 131 59,5 216 136 63
Заурал ауылдық округі 988 724 73,3 485 347 71,5 503 377 75
Кеңащы ауылдық әкімдігі 386 302 78,2 205 165 80,5 181 137 75,7
Краснофлот ауылдық әкімдігі 389 210 54 183 115 62,8 206 95 46,1
Макинка ауылдық округі 3141 2163 68,9 1558 1103 70,8 1583 1060 67
Мамай ауылдық әкімдігі 342 248 72,5 185 138 74,6 157 110 70,1
Степняк қалалық әкімдігі 4413 4304 97,5 2114 2054 97,2 2299 2250 97,9
Уәлиханов ауылдық округі 491 359 73,1 257 189 73,5 234 170 72,6
Үлгі ауылдық округі 1875 1376 73,4 920 695 75,5 955 681 71,3
ЖАЛПЫ САНЫ 17930 13613 75,9 8934 6806 76,2 8996 6807 75,7

Ірі елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Елді мекен Халқы
(2021)
Степняк 4212
Макинка 1233
Үлгі 837
Андықожа батыр 728

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]