Viking 2
Viking 2 орбиталық бөлігі | |
---|---|
Ұйымы | NASA |
Тапсырысы | Орбиталық аппарат |
Ненің серігі | Марс |
Орбитаға орнату күн-айы | 7.08.1976 |
Ұшыру күн-айы | 9.09.1975 |
Сөре көлігі | Titan IIIE зымыраны /Centaur үдемелі блогы |
Тапсырыс ұзақтығы | 1975 ж. қыркүйектің 9 — 1978 ж. шілденің 25 |
NSSDC нөмірі | 1975-083A |
Торабы | Деректер (ағылш.) |
Массасы | 883 кг |
Қуаты | 620 Вт |
Шоғырласпауы | .816299166 |
Орбита шағы | 24,08 сағ |
Апоапсисы | 33176 км |
Периапсисы | 302 км |
Viking 2 қонатын бөлігі | |
---|---|
Ұйымы | NASA |
Тапсырысы | Қонатын аппарат |
Ұшыру күн-айы | 9.09.1975 |
Сөре көлігі | Titan IIIE зымыраны /Centaur үдемелі блогы |
Тапсырыс ұзақтығы | 1976 ж. қыркүйектің 3 — 1980 ж. сәуірдің 11 |
NSSDC нөмірі | 1975-083C |
Торабы | Деректер (ағылш.) |
Массасы | 572 кг |
Қуаты | 70 Вт |
Viking 2 — Viking бағдарламасы бойынша ұшырылған, Қызылжұлдызды зерттеуге арналған екі ғарыш аппаратының бірі. Ол орбиталық құрылғы мен қону құрылғысынан тұрады. Бағдарлама бойынша ұшырылған тағы бір аппарат — Viking 1 екеуі бірдей жобаның негізінде жасалған. Viking 2 Қызылжұлдыздың бетінде 1281 жергілікті күн бойы жұмыс істеп, 1980 жылғы сәуірдің 11-інде қуат көзінің жұмысы аяқталар алдында өшірілді. Орбиталық құрылғы 1978 жылғы шілденің 25-іне дейін жұмыс істеп, Қызылжұлдызды 706 рет айналып ұшып, Жерге шамамен 16 000 бейне жіберді.
Аппарат жұмысының барысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аппарат 1975 жылғы қыркүйектің 9-ында Titan/Centaur зымыранының көмегімен ұшырылды. 333 күндік жол жүргеннен кейін Викинг-2 орбиталық құрылғысы Қызылжұлдыздың айналасындағы орбитаға жатпастан бұрын-ақ Жерге ғаламшардың бейнелерін жібере бастады. 1976 жылғы тамыздың 7-сінде орбиталық құрылғы орбитаға жатты. Тамыздың 9-ында оның орбитасы өзгертілді. Содан соң қону құрылғысына қонуға ыңғайлы орындарды іздестіру жұмыстары жүргізіле бастады. Viking 1 мен Viking 2 түсірген сүреттердің көмегімен дұрыс келеді деген бір жер таңдалды.
Содан соң 1976 жылғы қыркүйектің 3-інде құну құрылғысы орбиталық құрылғыдан бөлініп, бүкілдүниежүзілік уақыт бойынша 22 сағат 37 минут 50 секундта Қызылжұлдыздың Utopia Planitia («Утопия жазықтығы») деп аталатын жазықтығына қонды. Қонатын құрылғысы орбиталық құрылғыдан бөлінер сәтте биоқалқан екеуінен де бөлінуге тиіс болатын, бірақ ол орбиталық құрылғыдан бөлінбей қалды.
Орбиталық құрылғы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орбиталық құрылғының басты мақсаты 1976 жылғы қазанның 5-інде аяқталды. Қосымша мақсат сол жылғы желтоқсанның 20-сында басталып, 1977 жылдың қазан айында құрылғыны Деймосқа жақындату маневрлері жүргізілді. Содан соң ол 302 × 33176 км орбитаға көтеріліп, 1978 жылғы шілденің 25-інде өшірілді. Сол аралықта ол Қызылжұлдыздың арасында 700—706 айналым жасап, Жерге 16 000 бейне жіберіп үлгірді.
Қонатын құрылғы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қону құрылғысы мен оны әуе қабығы орбиталық құрылғыдан қыркүйектің 3-інде бүкілдүниежүзілік уақыт бойынша 19 сағат 39 минут 59 секундта ажырады. Ажырау сәтінде қону құрылғысының жылдамдығы 4 км/сек болатын. Ажырағаннан кейін қону құрылғысының қозғалтқыштары іске қосылып, оның жылдамдығы тежеліп, құрылғы ғаламшардың бетіне жақындай бастады. Бірнеше сағаттан соң шамамен 300 шақырым биіктікте қону құрылғысы атмосфераға ену үшін бұрылтылды. Орасан зор жылдамдықпен атмосфераға енгенде үйкелістен пайда болатын орасан зор температура арнайы әуе қабығының көмегімен қауіпсіздендіріліп отырды. Сонымен бірге әуе қабығы құрылғының жылдамдығын да азайтуға үлес қосты.
Viking 2 қонатын құрылғысы Utopia Planitia жазықтығында орналасқан Мие кратерінен 200 км батыста қонды.
Қону сәтінде әлі де 22 kg жанармай қалып отырған болатын. Құрылғының радарының дұрыс жұмыс істемеуінен қозғалтқыштар тиістісінен 0,4 секунд артық жұмыс істеді, сол себепті қону орнында шаң көтеріліп, топырақтың бетінде жарықтар пайда болды. Құрылғының бір аяғы тасқа тіреліп, бүкіл қону құрылғысы 8,2 ° қисайып орналасты. Камералар қона салысымен іске қосылып, бейнелер түсіре бастады.
Құрылғы ғаламшардың бетінде 1281 жергілікті күн бойы жұмыс істеп, 1980 жылғы сәуірдің 11-інде батареяларындағы қуат сарқылар алдында өшірілді.
Viking 2 қонатын құрылғысы жіберген кейбір бейнелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Қызылжұлдыздағы қырау.
-
2006 жылғы желтоқсан айында басқа бір ғарыш аппараты түсірген Viking 2 қонған орынның суреті.
-
Қону орнындағы қырау. Қырау жақсы көрінуі үшін сурет біраз өңделген.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Viking 2 жұмысының барысы Мұрағатталған 2 тамыздың 2007 жылы. (ағылш.)
|