Мазмұнға өту

VII Клеопатра

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Клеопатра VII
Κλεοπάτρα Φιλοπάτωρ
VII Клеопатра
Лауазымы
Мысырдың соңғы патшайымы
б. з. д.51 ж. — б. з. д. 30 ж.
Регент Птолемей XIV (б. з. д. 47 ж. — б. з. д. 44 ж.),
Птолемей XV Цезарион (б. з. д. 44 ж. — б. з. д. 30 ж.)
Бірігіп басқарушы Птолемей XIII (б. з. д. 51 ж. — б. з. д. 47 ж.)
Ізашары Птолемей XII
Ізбасары Рим империясы
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 2.11.б. з. д. 69
Қайтыс болуы 12.8. б. з. д. 30
Александрия
Династия Птолемеи
Әкесі Птолемей XII
Жұбайы Марк Антоний
Балалары Птолемей XV Цезарион,[1] Александр Гелиос,[2] Птолемей Филадельф,[3] Клеопатра Селена II[4]
Клеопатра VII Ортаққорда
Базальттан істелген Клеопатраның мүсіні

Клеопатра VII Филопатор (көне грекше: Κλεοπάτρα Φιλοπάτωρ) — (б. з. д. 69, Александрия – 30, сонда) – Мысырдың соңғы патшайымы, Птолемей әулетінен шыққан Клеопатра Птолемей ХІІ-нің қызы. 21 жыл елді басқарған. Римнің әскери қолбасшысы Марк Антонийға деген драматикалық махаббатымен аты шығып, көптеген әдебиет шығармаларда және кинода бейнеленген.

Клеопатра б.з.д. 69 жылы 2 қарашада туған. Мысыр патшасы - Птолемей ХІІ-нің үш қызының бірі болған. Балалықшағы және жастық шағы туралы мәлімет жоқ.

Б.з.д. 51 ж. наурыз айында Птолемея XII қайтыс болғаннан кейін Клеопатра сол кездің заңы бойынша, 9 жасар інісі Птолемей XIII-мен формальды ресми некеге тұрып таққа отырады. Ресми лауазымы - Θέα Φιλοπάτωρ (Теа Филопатор).

Бастапқа кезде жалғыз өзі елді басқарды. Інісі өсіп, оның тәрбиешісі Теодоттың және қолбасшы Ахиллдың демеуімен таққа талас басталады. Нәтижесінде Клеопатра б.з.б. 48 ж. Сирияға қуылды.

Клеопатра мен Цезарь

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Клеопатра мен Цезарь. Жан-Леон Жером,1866 ж.

Бірақ Александрия соғысынан кейін Рим императоры Ю.Цезарьдің көмегімен таққа қайта оралады. Птолемей ХІІІ қашып жүріп суға батып қайтыс болады, ал Клеопатра ресми түрінде кішкентай інісі Птолемей XIV-мен формальды некеге тұрып, шын мәнісінде Мысырда тұтас билікке еге болады.

52 жасар Цезарь Клеопатраға ғашық болып қалып, Риммен Мысырдың арасында қарым-қатынасы артып, император Тибрдың жағасында Клеопатра үшін вилла соғады. Осы сүйіспеншіліктен Клеопатра Цезарьдан 23 маусым б.з.д. 47 жылы ұл туады, атын Птолемей Цезарь деп қояды ( лақап аты - Цезарион).

Клеопатра мен Марк Антоний

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ян де Бре, Антоний мен Клеопатраның тойлауы, 1669

15 науырыз б.з.д. 44 ж. Цезарь өлтіріліп, Римде тақ таласы басталады. Шілденің басында Клеопатра Александрияға қайтып оралады. Көп ұзамай 14-жасар Птолемей XIV қайтыс болады (Иосиф Флавийдің болжамы бойынша, оны Клеопатраның өзі уландырып өлтірген, өсіп келе жатқан баласына кедергі балмасын деп).

Мысырда сол кездері өте қиын жағдайда болды: бір жағынан - ашаршылық, 2 жыл құрғақшылық, халықтың наразылықтары өскен. Ал екінші жағынан елде Цезарьдің дұшпандары билеп отырды.

Осы жағдайда Клеопатра Марк Антониймен жақындасып, оның Октавианға қарсы соғысында қаржымен көмектесіп, қарсы күресін қызу қолдайды.

40-жасар Марк Антоний 28-жасар жас патшайымды жақсы көріп қалады. Осы 10 жылдаң астам созылған махаббат хиқкаясының нәтижесінде Клеопатра б.з.д 40 жылы Антонийдан егіз туды: ұлдың атын Гелиос («Күн») деп қойып, қыздың атын Селена («Ай») деп қойды. Б.з.д. 36 ж. Антонийдан үшінші бала - Птолемей Филадельф атты ұл тапты.

Б.з.б. 32 ж. Рим империясында азаматтық соғыс басталды. Б.з.д. 31 жылы Акциум түбінде Клеопатра мен Антонийдің әскері жеңіледі. Б.з.д. 30 ж. көктемде Октавиан армиясы Мысырға кіреді.

Клеопатраның өлімі, Реджинальд Артур, 1892

Клеопатра өзінің серіктес әйелдерімен тығылып, өтіріктен у ішіп қайтыс болған туралы жалған хабар береді.

Оны естіген Антоний өз өзіне пышақ салып қайтыс болады.

Көп ұзамай Клеопатра да Октавианның алдында басын игісі келмей у ішіп өз өзін өлтіреді.

Клеопа́тра бейнесі көрнекті драматургтер (У.Шекспир, Б.Шоу) мен суретшілер (П.Рубенс, Дж.Тьеполо) шығармашылығынан көрініс тапты.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Генеалогия Птолемеев: Ptolemy XV Caesarion  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 қараша 2003.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қаңтар 2009.
  2. Генеалогия Птолемеев: Alexander Helios  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 қараша 2003.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қаңтар 2009.
  3. Генеалогия Птолемеев: Ptolemy Philadelphus  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 қыркүйек 2003.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қаңтар 2009.
  4. Генеалогия Птолемеев: Cleopatra Selene  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 қыркүйек 2003.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қаңтар 2009.
  5. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9