Мазмұнға өту

TikTok

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
ТикТок
Тұрпат

қолданбалы бағдарлама

Жасаушы

ByteDance

Жазылған

ағылшын тілі

Операциялық жүйелер

iOS, Android

Интерфейс тілдері

40 тіл[1]

Бірінші шығару

қыркүйек 2016

Ақпараттық платформа

бейнежазба

Жағдай

белсенді

Лицензия

proprietary license

Сайт

tiktok.com

Көлемі

308.3 MB (iOS)[2] 55.21 MB (Android)[3]

«ТикТок» (ағылш. TikTok) — қытайлық әлеуметтік желі болып, ол қысқа музыкалық бейнелерді, тікелей эфирді жасауға және түрлі хабарлармен алмасуға мүмкіндік беретін әлеуметтік желі. Қытайда Douyin атымен танымал. Онда 15-тен 1 минутқа (60 секундқа) дейінгі музыкалық видеолар жасап, өзгелермен бөлісуге болатын еді. Musical.ly басқа қытайлық стартаптардай емес, халықаралық нарыққа бағытталып, тез танымал бола бастады. 2016 жылы 100 миллион қолданушы межесін бағындырды. Дегенмен аталған әлеуметтік желі Қытай мен Үндістан арасындағы Кашмирдегі территория таласына байланысты аталған сайт "ақпарат ұрлайды, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді" деген себептермен 2020 жылдың шілдесінде Үндістанда шектелген 50 шақты қытай сайтының тізіміне енді. Аталған сайт сондай-ақ АҚШ-та Huawei (Қазақша "хуа" - қытай, "вей" - үшін) секілді Қытай коммунистік партиясы үшін қызмет етеді делініп, шектеулерге ұшырады.

2018 жылдың жазында іске қосылды. Қазіргі кезде барлық елдерде танымал, ең жылдам дамып келе жатқан және ең көп жүктелген әлеуметтік желілердің[4][5] бірі. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіні әлемнің 150 елінен[6] 500 миллионнан астам қолданушы қолданады. Желінің негізгі аудиториясы ретінде жасөспірімдер[7] саналады. Алайда, Қытайда қолданушылардың 60% 25-44 жас аралығында, ал өзге жерлерде 24 жастан асқан қолданушылар саны 43% құрайды[8].

Бағдарламаның жұмыс істеуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

TikTok – 15 секундтық және 1 минуттық музыкалық видеороликтер түсіріп, бөлісуге болатын әлеуметтік желі. Видеоға сай келетін музыка таңдап, ән мәтініне немесе фильм сөздеріне ілесіп орындауға болады.

TikTok Instagram мен Snapchat-тың қоспасы іспеттес. Желіде екі лента бар: жазылымдар мен ұсынылатын видеолар. Видеоға лайк басып, пікір жазуға, өзге қолданушыларға жазылуға болады. Бағдарлама шеті жоқтай көрінетін лентаны ақтарып отыратын қолданушыны дәл Instagram сияқты жіпсіз байлап қояды.

2016 жылдың қыркүйек айында ByteDance қытай компаниясы Douyin әлеуметтік желісін іске қосты. Кейіннен бұл желінің халықаралық нарыққа арналған TikTok атты көшірмесі шығарылды[9]. Бұл компанияға өз еліндегі заңдарды бұзбай, оның халықаралық аренада әрі қарай дамуына мүмкіндік берді[10].

2017 жылдың 9 қарашасында ByteDance musical.ly әлеуметтік желісін сатып алып, 2018 жылдың 2 тамызында оны TikTok деп бекітті[11].

Әлеуметтік желінің қатысушыларымен байланысты жанжалдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Заңсыз түрде мәліметтерді жинау

2018 жылдың ақпанында АҚШ – тағы қысқа бейнематериалдарымен алмасу қызметі мобильдік жүктемені ата- ананың рұқсатынсыз 13 жасқа толмаған балалардың заңсыз түрде деректерін жинауда кінәлады. Қызметкерлерге 5,7 миллион доллар көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл төлемі бойынша шешімді АҚШ Федералды сауда комиссиясы қабылдады. Ашық қол жетімділікте кәмелетке толмағандардың жеке ақпараты – есімі, телефон нөмірі, суреті және видео – болғаны хабарланады. Сонымен қатар, коммисия 13 жасқа толмаған бар балалардың бейне материалдарын өшіріп тастауға міндет етті. Келтірілген заң бойынша, қызметкерлер жас қолданушылардың жеке ақпаратын қорғап қалу мақсатында, оларға өз бейнематериалдарын бағдарламаға жүктеуге тиым салған.

Қолдануға тыйым салу

2019 жылдың желтоқсан айында АҚШ билігі мобильдік жүктемені қолданушылардың жеке ақпаратын ұрлауында күддіктеніп, әскери офицерлеріне TikTok әлеуметтік желісін қолдануға тиым салынды. Бұл шешім желінің төндіріп отырған қаупі туралы ескерту ретінде, 2019 жылы 16 желтоқсанда АҚШ қорғаныс министрлігімен қабылданды.

2020 жылы 4 қаңтарда АҚШ Мемлекеттік департаменті және Ішкі қауіпсіздік Министрлігі өз қызметкерлеріне қызметтік құрылғыларда TikTok әлеуметтік желісін қолдануға тиым салды.

Руслан Ахмедов

Руслан Ахмедов – Санкт-Петербург полиция колледжінің студенті – өз TikTok парақшасына жанжалды бейнематериалды жүктеді. Бейнематериалда студент билеп, Ішкі істер органдарындағы қызметтің артықшылықтарын тізімдеді. Ол бейнематериалдағы тізімінің ішіне есірткіні адамдарға тарату мүмкіндігін атап шықты. Бұл күлкі мақсатында жарияланған видео БАҚ ішінде резонанс тудырды. Қазіргі кезде жанжалды видео әлеуметтік желіден толық өшірілген.

Вова Горяинов

2020 жылдың 9 қаңтарында Горияновтың ЛГБТ қоғамдастық бойынша қате тұжырымы активистердің көптеген шағымдарын туғызуына әкелді. Бұл оның әлеуметтік парақшасының бұғаттауына әкелді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://itunes.apple.com/app/tiktok-real-short-videos/id835599320
  2. https://itunes.apple.com/app/tiktok-real-short-videos/id835599320?mt=8
  3. https://play.google.com/store/apps/details?id=com.ss.android.ugc.trill
  4. Tik Tok, a Global Music Video Platform and Social Network, Launches in Indonesia.
  5. Zheping Huang, Zheping Huang The world’s most popular iPhone app isn’t Facebook or WhatsApp  (ағыл.). Quartz. Тексерілді, 12 қаңтар 2019.
  6. Julia Alexander TikTok surges past 6M downloads in the US as celebrities join the app. The Verge (15 қараша 2018). Тексерілді, 14 желтоқсан 2018.
  7. Женя Кузьмин Что такое TikTok — музыкальная соцсеть с короткими видео, обогнавшая по количеству загрузок YouTube и Instagram — Интернет на TJ. TJ (6 қараша 2018). Тексерілді, 14 желтоқсан 2018.
  8. Is Time Against TikTok? - GlobalWebIndex (en-GB). GlobalWebIndex Blog (27 тамыз 2019). Тексерілді, 8 қазан 2019.
  9. Tik Tok, a Global Music Video Platform and Social Network, Launches in Indonesia (en-us). en.prnasia.com. Тексерілді, 28 желтоқсан 2018.
  10. Andrey Sergeev Первый китайский стартап без инвестиций от Baidu, Tencent или Alibaba: история владельца TikTok — компании ByteDance — Истории на vc.ru. vc.ru (11 қаңтар 2019). Тексерілді, 12 қаңтар 2019.
  11. Frolov, Andrey. Владельцы караоке-приложения Musical.ly закрыли проект и перевели пользователей в похожий сервис, vc.ru (2 тамыз 2018). Тексерілді 4 тамыздың 2018.