Мазмұнға өту

Eni

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Eni
Түрі

Қоғамдық компания

Биржадағы листингі

ISE:ENI, NYSE: E

Құрылды

1953

Құрушы

Энрико Маттеи

Орналасуы

 Италия: Рим

Басты адамдары

Клаудио Дескальци (CEO)
Эмма Марчегалья (басқарма төрағасы)[1]

Саласы

мұнай және газ өңдеу, өндіру; электроэнергетика

Меншікті капиталы

€53,086 млрд (2016)[2]

Қарызы

€71,459 млрд (2016)[2]

Айналым

€55,762 млрд (2016)[2]

Операциялық кірісі

€2,157 млрд (2016)[2]

Таза табыс

€-1,464 млрд (2016)[2]

Қызметкерлер саны

33,536 (2016)[2]

Аудитор

Ernst & Young

Сайты

eni.com

Eni S.p.A., «Эни» — италиялық халықаралық мұнайгаз компаниясы. Бас кеңсесі Рим қаласында орналасқан. Әлемнің супермажорларының бірі болып саналатын Эни 73 елде іс-әрекет жасап, 2017 жылғы маусымның 30-ына нарықтық капитализациясы 55 млрд. АҚШ доллар болды. Қазіргі кезде әлемнің 11-ші ең ірі индустриалдық компания болып табылады. Италия үкіметі 3.934% мемлекеттік Қазынашылық арқылы және 26.369% Cassa Depositi e Prestiti арқылы ұстап, компанияның 30.303% алтын үлесін иеленеді. Тағы 2.012% акция Қытайдың Халық Банкі қолында. Компания Euro Stoxx 50 нарықтық индексінің бір компонентін құрайды .

Эни алғашқыда Ente Nazionale Idrocarburi (ұлттық көмірсутек кәсіпорны) атауының қысқартпасы еді. Алайда құрылғаннан кейін жылдар өте, көптеген салаларда жұмыс істей бастады. Оның ішінде келісімшарттық, ядролық қуат, жалпы қуат, кен, химикаттар мен пластик, өңдеу/шығару және үйлестіру текникасы, қонақ үйлер, тоқыма саласы және жаңалықтар.

Табысы бойынша Эни ең ірі компаниялардың Fortune Global 500 тізімінде үнемі үстіңгі бір жүздің қатарына кіреді. 2016 жылы компания 65-ші орында болды.

Энидің Қазақстандағы іс-әрекеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эни жобалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эни 90-шы жылдардың басында Қазақстанға келген алғашқы халықаралық мұнайгаз компанияларының бірі. Қазіргі кезде Қарашығанақ кен орнының операторласы және Солтүстік Каспий өнім бөлісу келісіміне (СК ӨБК) қатысушы Эни, Қазақстанның ең ірі екі жобасында маңызды үлеске ие болып отыр.

4 600 км2 алаңдағы келісімшарттық аумақтың солтүстік бөлігінде 2000 жылы ашылған Қашаған кен орнын барлау мен игерудің шарттарын белгілейтін Солтүстік Каспий Өнім Бөлісу Келісімі (СК ӨБК) жобасында Эни 16,81% қатысу үлесіне ие. Атыраудың оңтүстік-шығыс жағында шамамен 80 километр жерде орналасқан алып кенорын – соңғы 40 жылдың ішінде ашылған ең ірі мұнай кенорындарының бірі болып табылады. Кенорынның геологиялық мұнай қоры шамамен 35 миллиард баррелін құрайды. Көлемі мен техникалық және экологиялық күрделіктеріне байланысты Қашаған кенорнын Өнім бөлісу келісімінің қазіргі кездегі бірегей операторы North Caspian Operating Company New Ventures (NCOC NV) компаниясы кезең-кезеңмен игеретін болады.

Осы аумақтағы басқа ашылымдар Қаламқас, Ақтоты және Қайран кен орны кеніштерін қамтиды.

2016 жылдың қыркүйегінде Қашаған көмірсутегі теңіздегі және жер үстіндегі шикізат өңдеу объектілеріне бағыттала бастады. 2017 жылы Қашағанның өндіру көлемі 8,3 миллион тонна мұнай және 4,8 миллиард текше метр газ құрады.

Қарашығанақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны 1979 ж. пайдалану жағдайы күрделі, температуралар диапазоны қыстыгүні минус 40 Цельсий градусынан жаздыгүні плюс 40 Цельсий градусына дейін өзгеретін шалғайдағы ауданда ашылған. Қойнауқат төбесі 3 500 метрге жуық тереңдікте орналасқан, қалыңдығы 1 600 метр құрайтын аса күрделі де бірегей кенорын. Әлемдегі ең ірі газконденсат кеніштерінің бірі.

2017 жылы Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.(ҚПО) өндірген көмісутек көлемі тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған сұйық түріндегі 146 миллионға жуық баламалы мұнай баррелін құрады, күкіртті газ экспортқа шығарылды, күкіртсіздендірілген газ отын ретінде пайдаланылды. Одан басқа, 9,3 миллиардтан астам текше метр шикі газ қойнауқатқа айдалып, өндірілетін газдың жалпы көлемінен шамамен 49% құрады.

2017 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Эни және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АК (ҚМГ) компаниялары көмірсутек барлау және өндіру мақсатында, Солтүстік Каспийдегі Исатай телімінде жер қойнауын пайдалану құқықтарының 50%-ын Эниге беру туралы келісімге қолдарын қойды. Көмірсутек іздеу оперцияларын жүзеге асыру үшін Эни мен ҚМГ «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС (ИОК) бірлескен операциялық компаниясын құрды (50/50). «Исатай» телімі Солтүстік Каспийдің Қазақстан секторында орналасқан. Жүргізілген бағалау жұмыстары бойынша Исатайдың мұнай әлеуеті жоғары боп сипатталады.

Астанадағы EXPO 2017 (Дүниежүзілік көрме (2017)) көрмесінің аясында Эни, General Electric және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Республикада жаңартылатын энергияны дамыту жобаларын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық келісіміне қол қойды. 2018 жылы Эни Ақтөбе облысындағы Бадамша кентінің маңайында 48 МВт жел электрлік стансасын (ЖЭС немесе жел паркі) салу және пайдалану жөнінде Ақырғы инвестициялық шешім қабылдады. ЖЭC теліміндегі құрылыс жұмыстары 2018 жылдың желтоқсан айында басталды. Коммерциялық пайдалану және желіге қосу 2019 жылдың соңына жоспарланып отыр. Жел паркі өңірді жыл сайын сағатына шамамен 198 ГВт электр қуатымен қамтамасыз ететін болады. Бадамша жел электр стансасы жел энергетикасы технологияларына елеулі инвестиция салуды көздейтін Энидің бірінші жобасы болып табылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Eni SpA - Company Officers  (ағыл.). Reuters. Тексерілді, 30 мамыр 2017.
  2. a b c d e f Annual Report 2016 on SEC Filing Form 20-F  (ағыл.). Eni S.p.A. (22 March 2017). Тексерілді, 25 мамыр 2017.