Қайта жаңғырту
Қайта жаңғырту – өткен тәжірибені, бұрын алған білімді, тәжірибелі сезімдерді жаңартудан тұратын еске алу процесі.
Еріксіз қайта жаңғырту
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейнесі еске түседі. Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. Қабылдау үрдісіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестеулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қорытындылары арқылы да тудыруға болады.
Елестету
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Елестету ес үрдісі. Біз бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаң-ғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елес деп аталады. Елестетулер жалқы және жалпы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету – жалқы, ал жалпы елестету – тектес, ұқсас нәрселерді жеке- жеке қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнелер. Жалпы елестетулердің тұрақтылығы, анықтығы жалқы елестетулерге қарағанда, солғын, көмескі болады.
Елестетудің маңызы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлау арқылы танымы арасындағы жалғастырушы көпір – елес деуге болады. Өйткені, елес ойлау әрекетінде нәрселер мен құбылыстардың сан алуан қасиет- белгілерінен елестеген жалқы нәрсенің қасиет ерекшеліктерін ғана жалпылап тануға бейімдеп отырады.
Қайталау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қайталау – қандай да бір материал ды есте сақтау немесе жаттап алу мақсатымен бірнеше рет пысықтау. Есте сақтауға арналған тәсілдердің жетекші орындағысы ретінде пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б.
|