Эрмитаж
Эрмитаж – Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай, әлемдегі ең көп көрілетін 10 музейдің бірі[1]. Санкт-Петербург қаласында 1764 ж. Екатерина ІІ-нің (көптеген көркем шығармаларды сатып алған) жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. 1852 ж. Эрлифтды көпшіліктің көруіне рұқсат берілді. 20 ғ-дың 20 – 30-жылдары мұражай қайта жинақталып, экспонат саны арта түсті. Эрмитажда алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі және ежелгі шығыс (Ежелгі Мысыр мен Урарту өнерінің туындылары), көне, орта ғасыр өнері (Орт. Азия, Иран, Қытай мен Үндістанның өнер шығармалары) ескерткіштері молынан жинақталған. Эрмитажтдағы ежелгі скиф және Солтүстік Қара т. жағалауынан табылған көне ескерткіштер аса құнды бағаланады. Коллекция қатарында Батыс Еуропа өнері
туындыларынан Рафаэль, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Джорджоне, Тициан, Веласкес шығармалары, Рембрандт пен Рубенстің ең үздік полотнолары, 17 – 18 ғ-лардағы француз және 18 ғ-дағы ағылшын кескіндемелері, т.б. бар. Мұнда нумизматикалық коллекциялар, сән және қолданбалы өнер туындылары, суреттер (40 мыңға тарта парақ) мен гравюралардың (500 мыңға жуық парақ) бай қоры жинақталған. 1941 жылдан орыс мәдениетінің тарихы бөлімі жұмыс істейді. Эрмитажтда 2 млн. 400 мың шамасында зат сақталған. Мұражай ғыл. және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Реставрация шеберханасы, лекция залдары, рентген бөлмесі, кітапхана, фототека, т.б. жұмыс істейді. Эрмитаж ғимараты әйгілі архит. ансамбль құрамын (Қысқы сарай, т.б.) толықтырады. 1939 жылдан Эрмитажда Түркістандағы алып қазан сақталып келді; ол 1989 ж. қайтарылып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі бұрынғы өз орнына қайта қойылды. 1964 ж. Эрмитаж Ленин орденімен марапатталды.
Әдеб.: Персианова О.М., Эрмитаж – сокровищница мировой культуры, Л., 1955; Грицак Е.Н., Эрмитаж, М., 2005. С. Көбеева[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Әлемдегі ең көп кіретін 10 музей Мұрағатталған 6 маусымның 2019 жылы.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |