Эдди Иган
Эдди Иган | |
Жеке мағлұматтар | |
---|---|
Азаматтығы | |
Мамандандыру | |
Туған күні | |
Қайтыс болған күні | |
Эдвард Патрик Фрэнсис «Эдди» Иган (ағылш. Edward Patrick Francis "Eddie" Eagan, 26 сәуір 1897, Денвер, Колорадо, АҚШ — 14 маусым 1967, Рай, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық спортшы, тарихтағы әртүрлі спорт түрлерінен жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған тұңғыш спортшы (бокстан және бобслейден)[1].
1920 жылы тамызда Антверпен Олимпиадасында бокстан 79,4 кг салмақ дәрежесінде финалда норвегиялық Сверре Сорсдальді ұтып, алтын медальді жеңіп алды. 1924 жылы Париж Олимпиадасында ол 79,4 келіден жоғары салмақтағы бірінші жекпе-жегінде Артур Клифтоннан ұпай санымен жеңіліп қалды.
8 жылдан кейін Эган Олимпиадаға қайта оралды, бұл жолы бобслейші ретінде. 1932 жылдың ақпанында Лейк-Плэсид Олимпиадасында 34 жастағы Эдди Эган американдық Билли Фискпен (бестікте 1928 жылғы Олимпиада чемпионы) екінші Олимпиада алтын медалін жеңіп алды. Осылайша, Эдди әртүрлі спорт түрлерінен жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен алғашқы спортшы болды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Клуб избранных. Атлеты, которые поднимались на подиум летних и зимних Олимпийских игр. Olympics.com. Тексерілді, 29 қыркүйек 2021.
|
- Pages with image sizes containing extra px
- 26 сәуірде туғандар
- 1897 жылы туғандар
- 14 маусымда қайтыс болғандар
- 1967 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша боксшылар
- Алфавит бойынша бобслейшілер
- АҚШ боксшылары
- АҚШ бобслейшілері
- 1920 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары
- 1932 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының чемпиондары
- АҚШ-тың Олимпиада чемпиондары
- Бокстан Олимпиада чемпиондары
- Бобслейден Олимпиада чемпиондары
- Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары