Мазмұнға өту

Шейпинг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шейпинг, денсаулықты жақсартуға арналған және әйелдердің мүсінін әдемілеуге бағытталған спорт түрі. 1997 ж. ҚР-ның туризм және спорт комитетінің қаулысы бойынша респ-да Ш.-ті дамытуға рұқсат берілді. 1998 ж. Алматыда "Айдана ару" деген атпен Азияның ч-ты өтті. Ш-пен 13-50 жастардың арасындағы әйелдер айналысуға болады. Оның жарыс бағдарламасы классикалық Ш., Ш-классик, Ш-ЮНИ, "Мәңгі жастық", терапиялық шейпинг болып бөлінеді. Алматыда шейпингті дамытуға Чикина Н.В. үлкен еңбек сіңірді. Ростовтағы дәрігерлік-гигеналық және Мәскеуде сауда-қаржы ин-ттарын бітірген маман.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3