Цзянь Цземин
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Цзянь Цземин (қыт. 江泽民) (17.8.1926 ж. т., ҚХР, Ужиянсу провинциясы, Янчжу қ. - 30.11.2022) — саяси қайраткер, Қытай Халық Республикасының төрағасы (президенті) (1993 — 2002), Қытай коммунистік партиясы ОК-нің бас хатшысы (1989 — 2002), Орт. Әскери кеңестің төрағасы (1990 — 2004). Шанхайдағы Көлік ун-тінің электрқозғалтқыштар ф-тін бітірген (1947).
- 1950 — 55 ж. Шанхайдағы з-тарда бас инженердің орынбасары, цех жетекшісі, партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды.
- 1955 — 56 ж. Мәскеу қаландағы Сталин атынд. машина жасау з-тында мамандығын жетілдірді.
- 1956 — 62 ж. Чанчунь машина жасау з-тында басшылық қызметтер атқарды.
- 1962 — 80 ж. Ухань механика ғыл.-зерт. ин-тының директоры, механика министрлігі сыртқы экон. байланыстар басқармасының бастығы болды.
- 1980 — 89 ж. электроника өнеркәсібі министрінің орынбасары, министрі, Шанхай қ-ның мэрі, Шанхай қалалық партия к-тінің хатшысы сияқты жауапты қызметтер атқарды.
- 1989 ж. студенттердің Пекиндегі бас көтеруінен кейін бұрынғы басшылық орындарынан кетіп, Қытай коммунистік партиясы ОК-нің бас хатшысы болып сайланды.
- 1990 ж. ҚХР Орт. Әскери кеңесінің төрағасы,
- 1993 ж. наурызда ҚХР төрағасы болып сайланды.
- 2002 ж. қарашада ҚХР-дың төрағасы, ҚКП ОК-нің Бас хатшысы міндетінен өз еркімен босады. Цзянь Цземин — Дэн Сяопиннің саяси бағытын жалғастырды. Оның басшылығы кезінде Қытай экономикасы қауырт дамып, халықар. беделі өсті. ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасында дипломат. қатынас орнап, екі елдің арасындағы шекара нақты анықталып, шекараға байланысты мәселелердің бәрі түбегейлі шешілді. Қытай мемлекетінің басшысы ретінде ол бірнеше рет ресми сапармен Қазақстанда болып қайтты. Бұл сапарлардан кейін екі ел арасындағы мәдени, сауда, достық, көршілік қатынастар нығая түсті.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Jiang Zemin |
Ciлтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, XVIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |