Мазмұнға өту

Томас Мюнцер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Томас Мюнцер (немісше Thomas Müntzer, 1490 ж. шамасында, Штольберг — 1525 жылғы 27 мамыр , Мюльхаузен) — Реформация дәуірінің неміс уағыздаушысы, інжілдік мұрат негізіндегі теңдікті және дәстүрлі шіркеу мен ақсүйектікке қарсы террорды уағыздаған әлеуметтік қозғалыстың діни көшбасшысы. Мюнцердің қозғалысымен германдық шаруалардың феодалдарға қарсы көтерілісі байланысты болды. (XVI ғасырдағы неміс шаруаларының соғысы).

Томас Мюнцер Германиядағы Ұлы шаруалар көтерілісі кезіндегі "халық реформасы" ағымының ірі саяси қайраткері. Ол қоғамда шешуші рөл атқаратын саяси бағдарлама жасауды ұсынды. Бағдарламадағы негізгі талап, жеке меншікті жою, мүліктерді біріктіріп, таптық айырмашылықтарды, теңсіздікті болдырмау, жалпыға бірдей теңдікті кіргізуді жақтады. Мюнцердің мұндай негізсіз, қарабайыр коммунизмі кейіннен діни мазмұн алып өзгеріске ұшырады. Ниеті түзу прогресшіл рөл атқарғанымен, оның іс жүзіне асуы өте күрделі өтеді. Мюнцердің замандастары алғашқы социалист утопистер Томас Мор мен Томмазо Кампанелла да халық мүддесін ойлап, келешек адамды адам қанамайтын қоғам туралы өз ойларының тұжырымдарын білдірді.

Көзқарастары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1490 жылы Штольбергте (қазір Саксония-Анхальт жері) туған, Виттенбергте оқып, дін қызметшісі болды. Лютер сияқты, Мюнцер де мистикамен әуестенді, алайда халық арасындағы әлеуметтік-діни адасуға қызыққан, ол апокалиптикалық түсініктер мен жерде Құдай патшалығын (хилиазм) орнату идеясына келді. Ол сыртқы сырды ашып беруден бас тартты; тек кім жүрегімен жапа шексе, кім жан толқынында Құдайды таныса ғана, сол Оның нағыз таңдаулысы. Жазу тек өлтіреді, бірақ тірілтпейді. Құдайдың таңдаулыларына тақсырлар қызмет ету тиіс: оларға бағынбайтын халықтар өлуі тиіс. 1520 жылы Мюнцер Цвиккауда (Саксонияда) уағыздаушы ретінде, қаланың қолөнерлік топтарын билеген көңіл-күйдің ең айқын білдірушісі ретінде жалынды демагог сияқты сөз сөйлейді. Оның дөрекі сөздері, ескірген аллегориялары қарапайым халықтың түсініктеріне сәйкес келген. Оқудан шығарып жіберілген магистрант Мюнцер Прагаға барып, «поптар мен маймылдарды» ойрандатады. Сосын Альштедт қаласында (Тюрингияда) көрінеді, өзінің бұрынғы жақтаушыларын жинайды және жерде «қасиеттілердің» патшалығын орнатуды уағыздайды: «Израиль» (таңдаулылар) шімірікпейтін «ханааниттерді» жою тиіс. Мюнцер жетекшілік еткен энтузиастар икондарды қиратып, «шайтанның үңгіріндей» шіркеулерді жағады. Мюнцер осында әлеуметтік мұратты дамытады: барлық жерде теңдік пен бауырластық орнығуы тиіс, билеушілер ең төмендегі христианмен теңелуге тиіс. Мюнцер өзінің билік пен қалаларға арналған жолдауларында оны Құдай мейірімсіз билеушілерді жоюға тағайындағанын хабарлайды. Қылыш құқығы – жамағатта, князьдарда емес. Ол өзі жазған шығармаларға былай деп қол қоятын: балға ұстаған Мюнцер, Гедеон семсерін көтерген Мюнцер. Памфлеттердің біреуі «ізетті, әйгілі әмірші және құдіретті Иисус Христ Құдайына» арналған. Лютерге және бір қалыпты, таза шіркеу реформасына толық үзілу жарияланды. Лютер Мюнцерді «альштедт шайтаны» деп атады, ал Мюнцер Лютерді – виттенберг папасы, пұтқа табынушы, арын тек пападан ғана босатқан, бірақ оны дене тұтқынында ұстайтын князьдардың жағымпазы деп атаған.

Жеңіліс пен өлім

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ортағасырлық Германияның князьдары Тюрингия шаруаларын ауыздықтау үшін әскери күш жинап, Мюнцердің ықпал ету орталығына жақындаған уақытта, ол таулардың әр жағынан Франкония шаруаларының келуін күтіп, оңтүстікпен хабар алмасты. Ақырында ол Франкенхаузен жанындағы 8000 шаруасы бар, көбінесе нашар қаруланған және атты әскері жоқ князь әскерінің алдынан қарсы шығуға тәуекел етті. Мюнцерді беру талабынан шаруалар бас тартты, Мюнцер Құдай оларды атудан аман алып қалады деп сендіріп, тағы бір рет жалынды үндеу жасайды. Шаруаларды толық талқандаумен аяқталған шайқастан кейін Мюнцер қалада жасырынады, бірақ оны тауып алып, азаптап және басын шауып тастайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы.-Алматы: Дәуір , 2005.-224б. (23-24 б.)
  • Мюнцер, Фома // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
  • Полянский Ф. Я. Экономическая программа крестьянских масс. Т. Мюнцер // Всемирная история экономической мысли: В 6 томах / Гл. ред. В. Н. Черковец. — М.: Мысль, 1987. — Т. I. От зарождения экономической мысли до первых теоретических систем политической жизни. — С. 368-371. — 606 с. — 20 000 экз. — ISBN 5-244-00038-1.
  • Мюнцер Томас / Смирин М. М. // Моршин — Никиш. — М. : Советская энциклопедия, 1974. — (Большая советская энциклопедия : в 30 т. / гл. ред. А. М. Прохоров ; 1969—1978, т. 17).
  • Смирин М. М. Народная реформация Томаса Мюнцера
  • Шафаревич И. Р. Социализм, как явление мировой истории