Сноубординг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сайыс кезінде

Сноубординг (ағылш. snowboarding) — олимпиядалық спорт түрі. U-тәрізді хафпайптарда немесе қарлы бөктер бойымен ылдиға қарай шапшаң сырғанаудан тұрады.[1]

Сайыстың мақсаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Әлем Чемпионаты кезінде
  • Сноубордистер не арнайы құрастырылған хафпайпта, не қарлы тау бөктерінде жарысады.
  • Хайфпайппен жарысқа қатысушылар мақсаты - бес төрешінің алдында акробатикалық айла-тәсілдерді орындаған уақытта өз тақтайында қалу.
  • Төрешілердің үшеуі айла-тәсілдерді бағалайды, ал қалған екеуі бірден онға дейін жалпы жаттығулар үшін бағалар қояды.
  • Әрбір сноубордиске оның төрешілерді таңқалдырып үлгеруі және ұпай жинау үшін екі түсу мүмкіндігі беріледі.
  • Сноубордкросс және слаломда мәре сызығын бірінші болып кесетін не мәреге ең аз уақытта келетін спортшы ұтады.
  • Сноубордкроста жарысқа қатысушыларға бірін-бірі итеруге немесе қарсыластарды трассадан итеріп жіберуге тыйым салынады.
  • Алып слаломда сайыстар жүріп өтулерге бөлінген. Бірінші жүріп өтуде құлайтын, қақпаларды өткізіп алатын немесе мәреге жете алмайтын ойыншылар айыптық уақыт алады.

Қажетті мәлімет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
4. Бад Гастин

Хафпайп қардан қазып алынған U-тәрізді рампаны білдіреді. Жарыстарда сноубордистер хафпайпты оның барлық ұзындығы бойынша пайдалануға тырысады. Су өткізбейтін кең киімге қоса спортшылар көздерін қарықтыратын ақ қардан қорғау үшін қорғаныш көзілдіріктерін киеді.

  1. "Балаларға спорт жөнінде энциклопедиясы" — Алматыкітап баспасы, 2013. — P. 22. — ISBN 978-1-4053-6850-6 УДК 373 ББК 74.200.55.