Парнас
Көрініс
Парнас - поэзия әлемінің ақындық өнер шынының символдық бейнесі. Ежелгі грек мифологиясы бойынша Аполлон мен музалар мекені Парнас тауында ақындық шабыт қайнары - Касталия бұлағы бар екен. Осы таудың бөктерінде күн құдайы, өнердің қамқоршысы деп саналған Аполлонға арнап сәулетті сарай - өнер ордасы салынған. Парнасқа шығу - нағыз ақын болып, кемелдік дәрежесіне көтерілу деген мағынада айтылады.
[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (Құрастырушылар: З. Ахметов, Т. Шаңбаев) Алматы: "Ана тілі", 1998. - 384 бет. ISBN 5-630-00567-7