Мазмұнға өту

Лимфа тамырлары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лимфа тамырлары
Ұлпа бойындағы Лимфа тамырлары
Көкірек каналы және оң жақ лимфа каналы.
Латын тілі vas lymphaticum
MeSH [1] D042601[1]

Лимфа тамырлары (ағылш. lymph vessels, немесе Лимфалық тамырлар, ағылш. lymphatic vessels, кейде лимфатикалар, ағылш. lymphatics) — қантамырлар тәрізді лимфаны өткізетін жұқа жақтаулы тамырлар (түтікшелер). Лимфа жүйесінің бөлігі ретінде лимфа тамырлары Қанайналым жүйесін толықтырады. Лимфа тамырлары эндотелді жасушалардың тіркесі болып, жұқа қабатында тегіс бұлшықеттер бар, және лимфа тамырларын айналасындағы ұлпаға байлап тұратын адвентициясы болады. Лимфа тамырлары Лимфа қылтамырларынан лимфаларды ағызуға жұмыс жасайды, олар негізінен ұлпалардан интерстициальды сұйықтықты сорады деп есептеледі. Лимфа қылтамырлары тамыр жүйесінің қылтамырларына қарағанда біршама үлкен болады.

Лимфаны лимфа бездеріне жеткізетін лимфа тамырлары - құйма лимфа тамырлары (afferent lymph vessels) деп аталады, ал оны лимфа бездерінен алып шығатын лимфа тамырлары - шығарма лимфа тамырлары (efferent lymph vessels) деп аталады, сол жерден лимфа басқа лимфа бездеріне өтіп, көктамырға оралуы мүмкін, немесе үлкенірек лимфа каналына қосылуы мүмкін. Лимфа каналы лимфаны ағызып бұғанаасты көктамырдың біріне қосады және өстіп оны жалпы қан айналымына қайтарады.

Негізінен, ұлпалардан лимфа бездеріне қарай лимфа ағып шығып, ақыр соңында ол не оң лимфа каналына, не ағзадағы ең үлкен лимфа тамыры болған Кеуде каналына барады. Бұл тамырлар жеке-жеке оң жақ және сол жақ бұғанаасты көктамырға құйады. Лимфа тамырларында қақпақшалар (клапандар) болады.

Лимфатикалардың жалпы құрылымы қантамырлардікіне негізделген. Біртекті тегіс эпителді жасушалардың (қарапайым қабыршақты эпителий) ішкі астар қабаты бар, бұл қабат Эндотелий деп аталатын эпителий түрінен құралады. Бұл қабат сұйықтықты механикалық тасымалдау функциясын атқарады, өйткені ол сүйенген негіздік мембрана жалғасымсыз (discontinuous) болады; ол оңай ағып кетеді.[2] Келесі қабат - тегіс бұлшықеттер болып, эндотелийдің айналасына шеңбер формасында орналасады, ол қысқару (жиырылу) немесе босау арқылы люменнің (lumen) диаметрін (калибрін) өзгертеді. Ең сыртқы қабаты - бұл талшықты ұлпадан тұратын адвентиция (adventitia). Осында сипатталған жалпы құрылымды тек үлкен лимфатикалардан көруге болады; ал кіші лимфатикалардың қабаттары аз болады. ең кішкентай тамырларда (Мысалы, лимфалық немесе лимфа қылтамырлары) бұлшықет қабаты да, сыртқы адвентицтия да жоқ. Олар алға жылжыған сайын басқа капиллярлар қосылды да, олар үлкейіп, алдымен адвентиция пайда болады, сосын бұлшық еттер түзіледі.

Лимфа өткізгіш жүйесі екі арнадан тұрады: бірі, бастапқы лимфа, прелимфатика, немесе ISF-тен лимфа жинайтын лимфа қылтамырлары; екіншісі, үлкенірек лимфа тамырлары, олар лимфаны алға ағызады.

Құйма тамырларды (afferent vessels) көрсететін 3D мед-анимациясының қимылсыз суреті

Лимфа жүйесінің қанайналым жүйесінен айырмашылығы, ол жабылмайды және орталық сорғысы жоқ. Лимфа қозғалысы перистальтиканың (қысымның өзгеруіне және тегіс бұлшықеттің босаңсуы салдарынан лимфа қозғалуына), клапандарға және іргелес қаңқалық бұлшықет пен күретамырлық пульсация кезінде қысылуға байланысты төмен қысымға қарамастан жүреді.

Перистальтикаға (баламалы жиырылу және тегіс бұлшықеттің босауы салдарынан болатын лимфа қозғатуы), клапандарға, сондай-ақ іргелес қаңқа бұлшықеттері жиырылуының және күретамырлық Пульстың қысымына байланысты туатын төмен қысымға қарамастан лимфа қозғалысы жүре береді.[3]

Лимфа қылтамырлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лимфа тамырларында лимфаның ағуы

Лимфалық айналым тақұшты түйіннен (blind ending, яғни, бір ұшы жабық), яғни өткізгіштігі жоғары жалаң лимфа қылтамырларынан басталады; лимфа қылтамырлары интерстициалды қысым жеткілікті жоғары болғанда сұйықтықтар ағып өтуіне мүмкіндік беретін аралық түйме тәрізді түйіспелері бар эндотелий жасушалардан қалыптасады.[4] Түйме тәрізді бұл түйіспелер ақуыз ақуыз тұрадыі, олар CD31 (эндотелий жасушалары адгезиясының тромбоцитті молекула-1) немесе PECAM-1. Интерстициальды сұйықтық көлемі ұлғайған кезде фенестралар (fenestrae) созылып, қылтамырларға көбірек сұйықтық құйылуына мүмкіндік туып, интерстиальды сұйықтықты қалыпты деңгейге келтіреді. Осында орналасқан клапан жүйесі сіңірілген лимфаның ISF-ке қайта енуіне жол бермейді. Мұнда тағы жарты ай (semilunar) секілді клапандар жүйесі бар, ол тамыр люмені (lumen) бойымен лимфаның кері ағып кетуіне жол бермейді.[4] Лимфа қылтамырлары арасында көптеген өзара жалғауыштар (анастомоздар) бар және өте өнімді торды құрайды.[5] Бейне көктамырдағы секілді, лимфатикадағы жарты қақпақшалар (semilunar valves) лимфаның бірбағытты (unidirectional) қозғалысын қамтамасыз етеді.

Тамыр жақтауларының (the vessel walls) қозғалысқа сай ырғақты жиырылуы сұйықтықтың ең кішкентай лимфа тамырлары - қылтамырларға құйылуына көмектеседі. Егер ұлпа сұйықтығы жиналса, онда ұлпа ұлғаяды, - бұл домбығу (edema) деп аталады. Дене жүйесіндегі айналымның жалғасуына ілесіп сұйықтықтар біртіндеп ұлғаятын лимфа тамырларына тасымалданады; соңында ол дененің оң жақ жоғарғы бөлігіне қажет лимфа үшін оң жақ лимфа каналына және дененің қалған бөліктеріне қажет лимфа үшін кеуде каналына жалғасады; екі канал да оң және сол жақ субашасүйек көктамырларындағы қанайналым жүйесіне құйылады. Бұл жүйе лимфа бездеріндегі ақ қан жасушаларымен бірлесе отырып, ағзаны қатерлі ісік жасушаларынан, саңырауқұлақтардан, вирустардан, сондай-ақ бактериялардан жұғымданудан қорғайды. Бұл әдетте екінші қайталаным жүйесі ретінде белгілі.

Лимфа тамырлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лимфа қылтамырлары лимфаны қақпақшалары және тегіс бұлшықет жақтаулары бар ірі "жирылмалы" (contractile) лимфатикаға құяды. Олар жинау лимфатикасы деп аталады.[3] Жинаушы лимфа тамырлары лимфаны өте көп етіп лимфақылтамырларынан жинап алған сайын, ол ұлғая береді; ол лимфа безіне енген соң құйма лимфа тамырлары (afferent lymph vessels) деп аталады. Лимфа безі ұлпалары арқылы лимфа осында сүзіліп, шығарма лимфа тамырлары (efferent lymph vessels) арқылы қайта ағызылады. Шығарма лимфа тамырлары Оңжақ лимфа каналы мен Кеуде каналының біріне тіке құяды, немесе басқа лимфа бездеріне өтіп, оны өзінің құйма лимфа тамыры етуі мүмкін.[5] Бұл лимфа каналының екеуі де лимфаны субашасүйек көктамырлары арқылы қан ағысына қосады.

Лимфа тамырларының функционалды бірлігі - лимфангион (Lymphangion) болып, ол екі жартыай клапандары арасындағы кесінді (segment). Ол ұзындығының радиусына қатынасына сай жирылмалы болғандықтан, ол сұйықтықты алға жылжытатын жиырылмалы арна секілді, немесе шектеу тамыры болып, лимфаны тоқтата алады.[6]

Тағы қараңыз: Лимфа жүйесі

Лимфа тамырлары плазманың және басқа заттардың қоймасы спетті, бұл заттар қан тамыр жүйесінен бөлініп шыққан жасушалар мен лимфа сұйықтығын ұлпалардан қанайналым жүйесіне тасымалдайтын жасушалар. Лимфа тамырларының қызметі тоқтаса, лимфа тиімді түрде ағызылмайды және көбінесе лимфедема (lymphedema) ауруына шалдықтырады.

Құйма тамырлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құйма лимфа тамырлары (afferent lymph vessels) лимфа бездері айналасының барлық бөліктеріне енеді, әрі капсула затында тармақталып, тығыз шашақ (plexus) қалыптастырған осң, Кортекс бөлігіндегі лимфа синустарына (lymph sinuses) ашылады. Ол сүзілмеген лимфаны түйінге енгізеді. Бұл жағдайда, олар эндотелді желісінен басқа барлық жабындарын (coats) жоғалтады; эндотел жасушалары лимфа жолдары желісіне ұқсайтын жасушалар қабатымен жалғасады.

Құйма лимфа тамырлары тек лимфа бездерінде ғана болады. Бұл айырша без бен көкбауырда болатын Шығарма лимфа тамырына айқын салыстырма жасайды.

Шығарма тамырлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығарма лимфа тамырлары (efferent lymphatic vessel) лимфа бездерінің медиулярлық бөлігіндегі лимфа синустарынан басталып, хилумдағы (hilum) лимфа бездеріне жетіп, не көктамырларда не үлкенірек түйіндерде жалғасады. Ол сүзілген лимфаны бездерден ағызып шығарады.

Шығарма лимфа тамырлары айырша без бен көкбауырда да кездеседі. Тек лимфа бездерінде ғана болатын құйма лимфа тамырларына ол айқын салыстырма жасайды.

Клиникалық маңызы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тағы қараңыз: Лимфедема

Лимфедема (ағылш. Lymphedema) - бұл лимфа тамырларындағы сұйықтық ағысының кемдігінен болатын ұлпалар ісінуі. Ол лимфа тамырларының кемдігі, жетілмеуі немесе дисфункционалды болуынан пайда болуы мүмкін. Тума (немесе алғашқы) лимфедемада лимфа тамырлары генетикалық себептерге байланысты кем, жетілмеген немесе дисфункционалды болады. Кейіндік (немесе келесі) лимфедемада лимфа тамырлары жарақат немесе инфекция арқылы зақымданады.[7][8] Лимфангиоматоз (Lymphangiomatosis) - бұл лимфа тамырларынан пайда болатын көптеген сарысулы ісіктер (cysts) немесе зақымдар (Lesion).

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://meshb.nlm.nih.gov/record/ui?ui=D042601
  2. Pepper, Michael S.; Michaela Skobe (2003-10-27). "Lymphatic endothelium : morphological, molecular and functional properties". The Journal of Cell Biology 163 (2): 209–213. doi:10.1083/jcb.200308082. ISSN 0021-9525. PMC 2173536. PMID 14581448. 
  3. a b Shayan, Ramin; Achen, Marc G.; Stacker, Steven A. (2006). "Lymphatic vessels in cancer metastasis: bridging the gaps". Carcinogenesis 27 (9): 1729–38. doi:10.1093/carcin/bgl031. PMID 16597644. https://carcin.oxfordjournals.org/cgi/content/full/27/9/1729. 
  4. a b Baluk, Peter; Jonas Fuxe; Hiroya Hashizume; Talia Romano; Erin Lashnits; Stefan Butz; Dietmar Vestweber; Monica Corad et al. (2007-09-10). "Functionally specialized junctions between endothelial cells of lymphatic vessels". Journal of Experimental Medicine 204 (10): 2349–2362. doi:10.1084/jem.20062596. PMC 2118470. PMID 17846148. 
  5. a b Rosse Cornelius The Cardiovascular System (Chapter 8) // Hollinshead's Textbook of Anatomy — Fifth. — Philadelphia: Lippincott-Raven, 1997. — P. 72–73. — ISBN 0-397-51256-2.
  6. Venugopal, A.M.; Stewart, R.H.; Laine, G.A.; Quick, C.M. (2004). "Optimal Lymphatic Vessel Structure". 26th Annual International Conference of the IEEE. 2. Engineering in Medicine and Biology Society. pp. 3700–3703. https://ieeexplore.ieee.org/search/wrapper.jsp?arnumber=1404039. Retrieved 2010-06-26. 
  7. Alitalo, Kari (2011). "The lymphatic vasculature in disease". Nature Medicine 17 (11): 1371–80. doi:10.1038/nm.2545. PMID 22064427. 
  8. Krebs, Rainer; Jeltsch, Michael (2013). "The lymphangiogenic growth factors VEGF-C and VEGF-D. Part 2: The role of VEGF-C and VEGF-D in lymphatic system diseases". Lymphologie in Forschung und Praxis 17 (2): 96–104. https://www.researchgate.net/publication/275031534.