Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз.
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау.
Латыш ССР ғылым академиясы - Латыр ССР-інің жоғары ғылыми мекемесі,1946 жылы құрылған. Академия құрамында 23 академия және 26 корреспондент мүшесі бар. Академия жүйесінде 3 бөлім, 16 ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми мекемелер бар: физика-химиялық ғылымдар бөлімі, химия және биология ғылымдар бөлімі, қоғамдық ғылымдар бөлімі, радиоастрофизикалық обсерватория, ботаника бағы және т.б. Академияға ірі кітапхана қарайды. Кітап қоры- 2079 мың дана. Басты зерттеу бағыттары:қатты денелер радиациялық физикасы, конденсацияланған ортаның магниттік гидродинамикасы; энергетиканың физ.-тех. проблемалары; техникалық кибернетика; полимерлер механикасы;радиоастрофизика; табиғи және биологиялық маңызды қосылыстар химиясы; ағаш және оның негізгі компоненттер химиясы; физиологиялық активті заттар мен физиологиялық активті полимерлерді синтездеу және оның жаңа түрлерін табу; металдар химиясы; республикалық халық шаруашылығының экономикасы;латыш әдебиеті,тілі және өнерінің тарихы мен теориясы. Академия "Хабарлар" (1947), 4 бүкіл одақтық журнал: "Автоматика және есептеу техникасы"(1967), "Магниттік гидродинамика" (1965) және т.б. ғылыми еңбектер шығарды. ==Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 7-ші том.1975==