Көтергіш күш
Көтергіш күш — сұйық не газ ішінде қозғалған денеге сол орта тарапынан әсер ететін күш. Дене қозғалысына перпендикуляр және ауырлық күшін теңгеретін К. к. ауада одан әлдеқайда ауыр дененің (мыс., ұшақтың) ұшуына мүмкіндік береді. Бұл күштің шамасы атака бұрышының (ұшақ қанатының астыңғы беті мен оның ұшу бағыты арасындағы бұрыш) мәні бойынша сипатталады. Алғашқыда бұл бұрыш өскен сайын (ұшақ қанатының кейбір пішіндері үшін 15-қа дейін) К. к-тің шамасы да артады. Атака бұрышы белгілі бір шамаға жеткен соң, қаптай аққан ағынның қанаттың үстіңгі қабатынан үзілуіне байланысты К. к. күрт төмендейді. К. к-тің шамасы (F) былай анықталады: F = cyS2/2, мұндағы су – К. к-тің өлшемсіз коэфф-і, мен S – дененің жылдамдығы мен дене бетінің ауданы, – ортаның тығыздығы. К. к-тің пайда болу себебін алғаш рет 1904 ж. орыс ғалымы Н.Е. Жуковский түсіндірді (қ. Жуковский теоремасы). К. к. терминін кейде гидростатикалық К. к. ретінде де пайдаланады. Бұл жағдайда оны сүйемелдеуші күш деп атайды.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|