Кипр (арал)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кипр
гр. Κύπρος, түр. Kıbrıs, ағылш. Cyprus
Ғарыштан көрінісі
Ғарыштан көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы9251 км²
Ең биік нүктесі1952 м
Тұрғындар (2006 жыл)1 058 300 адам
Халық тығыздығы114,398 адам/км²
Орналасуы
35°10′00″ с. е. 33°21′00″ ш. б. / 35.16667° с. е. 33.35000° ш. б. / 35.16667; 33.35000 (G) (O) (Я)Координаттар: 35°10′00″ с. е. 33°21′00″ ш. б. / 35.16667° с. е. 33.35000° ш. б. / 35.16667; 33.35000 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияЖерорта теңізі
Елдер Кипр
 Солтүстік Кипр
 Акротири мен Декелия
Кипр (арал) (Жерорта теңізі)
Кипр
Кипр Ортаққорда

Кипр (гр. Κύπρος; түр. Kıbrıs; ағылш. Cyprus) — Жерорта теңізінің аралы оңтүстік-шығысында орналасқан.

Кипрде б.з.д. 9 ғасырдан бастап адамдар тұрған. Арал б.з.д. 1200 жылы минойлықтардың, б.з.д. 8 ғасырда финикиялықтардың, б.з.д. 4 ғасырда перстердің, б.з.д. 332 жылы Александр Ұлының, б.з.д. 30 жылы римдіктердің, 649 жылы арабтардың және 1191 жылы француз рыцарларының билігінде болды.

1571 жылы Кипр Осман империясына қосылды. 1878 жылы Кипр Британ империясының протекторатына айналды. 1960 жылы Кипр тәуелсіздік алды.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Азия құрлығына жатады. Ауданы 9251 км². Аңыз бойынша, Кипрде махаббат және сұлулық құдайы Афродита дүниеге келген. Ең биік жері – Олимп тауы, оның биікт. 1952 м. Кирений және Мезаория тау жүйелері аралығын қыратты жазық алып жатыр. Жағалаулары ойпатты, тек солтүстік жағалауы тік жарлы, жартасты. Аралдың шығысында Троодос таулары орналасқан, ал батысында жазық жерлер бар.

Климаты жерортатеңіздік. Қаңтар айының орташа температурасы 12 оС, тамызда 28 оС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жағалауда 500 мм, таулы жерде 1000 мм. Жауын-шашын қыс айларында түседі. Тау етегінен 500 м биіктікке дейін мәңгі жасыл бұталар, одан жоғары орман өседі.

Пайдалы қазбалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кен байлықтары: мыс, темір, хром кентасы, асбест, тұз, гипс. Аралда Кипр мемлекеті орналасқан.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]