Мазмұнға өту

Жуан ішек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жуан ішек(лат. intestinum crassum intestinumішек, crassumжуан) — ас (азық) қорыту аппаратының артқы бөлімі. Жуан ішектің қабырғасы да, басқа ішкі түтікше мүшелер сияқты үш қабықтан (кілегейлі, етті, сірлі) тұрады. Жуан ішек өз кезегінде үш бөлімнен: бүйеннен, тоқ ішектен және артқы тесік — ануспен аяқталатын тік ішектен құралған. Бұл ішектерде аш ішектен келген азық одан әрі қорытылып, қоректік заттар, су және тұздар сіңіріледі. Ал қорытылмаған азық қалдығынан нәжіс қалыптасып, сыртқа шығарылады. Адам мен кейбір жануарлар жуан ішектерінің қабырғаларында етті қабықтың ұзынша қабатынан түзілген ет таспалары болады. Олардың аралықтарында етті қабығы тек сақинаша қабаттан тұратын жұқа қабырғалы қалташалар қалады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9