Мазмұнға өту

Жасыл революция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

"Жасыл революция" ("Зеленая революция") — XX ғасырдың 1950-60 жылдарында Оңтүстік Азияның дамушы елдерінде (Үндістан, Пәкістан, Филиппин), Мексикада және т.б. елдерде жүзеге асырылған, өнімділігі жоғары жаңа сорттарды шығару есебінен ашаршылық проблемасын шешу мақсатында ауыл шаруашылық дақылдарының, әсіресе дәнді дақылдардың (бидай, күріш, жүгері және т.б.) түсімділігін арттыру жөніндегі шаралар жиынтығы. Бұларға агротехниканың прогресті әдістерін, минерал тыңайтқыштарды, ирригациялық жүйелерді жасау, өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін қолдану және т.б. шаралар қамтылды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5