Мазмұнға өту

Дәрілік сәлбен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дәрілік сәлбен

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Lamiaceae
Кіші тұқымдасы: Nepetoideae
Тегі: Salvia
Түрі: S. officinalis
Екі-есімді атауы
Salvia officinalis
L., 1753

Дәрілік сәлбен (лат. Salvia officinalis) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын Сәлбен тегінің дәрілік өсімдігі.

Ботаникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәрілік шалфей – бұл өсімдік жартылай бұта,биіктігі 50 см,өсімдікті қалың түктер басқаннан кейін, сабағы да, жапырағы да бозғылт –жасыл түсті болады.

Сабақтары бұтақталған,төрт қырлы, олар төменгі жағынан сүректелген. Жапырақтары ұзын 5-10см, сағақты, сопақша келген, сабақтарында қарама-қарсы орналасқан, жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады.

Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл(үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Өйткені жапырақтарын қалың түк басқан, әсіресе, астыңғы жағынан. Дәрілік өсімдік шикізаты түрлі формалы немесе бүтін жапырақтар немесе бөлшектері 1-35мм дейін, өсімдіктің басқа бөліктері аздап кездеседі (сабағы, гүлдері тостағаншасымен бірге және онсыз).

Гүлдері сабақтарының ұштарында кішкентай жапырақтардың қолтығында шоқтанып орналасқан,сондықтан сирек масақты гүл шоғырын түзеді. Жапырақтың түсі бозғылт-жасыл (үлкен жапырақтары), ал ұсақ жапырақтары ақ түсті болады.Күшті хош иісі бар.Дәмі ащы.

Химиялық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шалфей жапырағының химиялық құрамында әсер етуші заттар–эфир майы оның мөлшері 2,5%.Эфир майынын негізгі компоненті - цинеол (15%-ке дейін), сонымен қатар L – α – туйон, Д – β – туйон, Д – α – пинен, Д – борнеол, Д – камфора бар.Үшциклді сесквитерпен цедрен анықталған, ал дитерпендерден - корнузол қышқылы, розманол. Дәрілік шалфей химиялық құрамында ілеспелі заттары: илік заттар, тритерпендер қышқылдар - урсол және олеанол қышқылдары бар.

Медицинада қолданылуы:бактерицидтік және түрлі қабынуға қарсы пайдалынады.Жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары қабынғанда және ауыз уылғанда (стоматит) тамақты және ауызды шаю үшін қолданылады, эфир майы не ұнтақтары ароматизациялау үшін де қолданылады. Сонымен қатар АІЖ ауруларында, аллергияға, гинекологиялық ауруларға, балаларда қабыну ауруларына қарсы қолданылады.

Препараттар: шалфей жапырағынан дайындалған тұндырмалары; тұнбалары; жапырақтарынан алынатын қойытылған бөлінді – «Сальвин» препараты; 1% спиртті ерітіндісі және көптеген жинақтар құрамына кіреді.