Мазмұнға өту

Гуанин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Guanin
Guanine 3d

Гуани́н (Гуа, Gua) — аминды өндіретін азоттық негіз. ДНҚ-да репликация мен транскрипция жүзінде цитозинмен үш сутекті байланыс құрайды. Алғашқы рет гуанодан бөлініп алынды.

Физикалық қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түссіз,, аморфты кристаллды ұнтақ. Балқу температурасы: 365 °C. Гуаниннің  HCl-дағы ерітіндісі жарқырап, сәулелер шығарады. Сілтілік және қышқылды орталарда ультрафиолет спектрде максимум екі абсорбциясы (λмакс) болады: 275 пен 248 нм (pH 2) және 246 мен 273 нм (pH 11).

Химиялық қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Химиялық формуласы — C5H5N5O, молекулалық масса — 151,15 г/моль. pKa1= 3,3; pKa2= 9,2; pKa3=12,3, негізгі қасиеттерін көрсетеді.

 HNO2  (азот қышқылы) гуанинмен реакцияға түскенде  ксантин түзіледі.

Қышқылдарда жіне сілтілерде жақсы ериді, эфирде, спиртте, аммиактық және нейтралды ерітінділерде нашар ериді, суда ерімейді.

Сапалы реакциялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Гуанинді анықтау үшін оны метафосфорды және пикринді қышқылдармен тұндырады.
  • Гуанин дизосульфоқышқылмен Na2CO3 ерітіндісінде қызыл бояуға ие болады.

Табиғатта таралуы мен маңызы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Алғашқы рет гуанодан бөлініп алынғандықтан, "гуанин" атауына ие болды.

Өрмекшітәрізділердің бөліп шығаратын өнімі болып табылады (Arachnida).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Кнунянц И. Л. Краткая химическая энциклопедия т.1, М.: Советская энциклопедия, 1967
  • Н. А. Тюкавкина, Ю. И. Бауков, С. Э. Зурабян. Учебник Биоорганическая химия. М:. 2010